«Пікір алмасу» (Showdown). Әрбір топ тақырыпқа қатысты 5 сұрақ немесе есеп дайындайды. Әрбір сұрақты немесе есепті стикердің бірінші жағына, ал жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен стикерлерін ауыстырады. Топ басшысы стикердегі сұрақтар немесе есепді оқиды (көрсетеді), топ мүшелері жауаптарын жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және жауаптарды талқылап, дұрыс жауаппен салыстырады.
Оқушылар өздерінің тақырып бойынша оқып, зерделегенін төрт сөйлем арқылы тұжырымдайды.
Мақсаты:Өз ойын айтып, сабақты бекіту, қорытындылау.
Тиімділігі:Оқушы алған білімін жинақтап, саралай білуге дағдыланады.