Біздер тапқыр достар
Бәрі:
Достар біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз.
Жақсылыққа бақытқа,
Талаптан әр уақытта.
Бала біткен дос бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша бау.
Болсын жер мен су да ортақ,
Болсын бізге ту да ортақ.
Енді балалар біз қайтадан шеңбер құрайық, бір-бірімізге тілектер айтайық.
Балалар біз бүгін не істедік? Саяхатха шықтық жолда достарға көмек бердік. Сабақ ұнады ма?
Біз өмірде де адамдарға көмек берейік, достар
Сабақтың соңы.
Қордай ауданы. Жамбыл ауылы
Жамбыл Жабев атындағы №26 орта мектеп.
Ержанава Гүлсім Бисенбаевна.
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Ө. Тұрманжанов. Қарлығаш.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға тақырып туралы түсінік беру.
2.Оқушылардың ойлау,сөйлеу, есте сақтау
дамыта отырып, құстарға қамқорлық жасауға
баулу.
3.Оқушыларды құстарды аялауға табиғатты
қорғауға баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі:суреттер,кітаптар.
Сабақтың әдісі:сурақ, жауап,түсіндіру.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.
2.Өткен сабақты қайталау.
3.Жаңа сабақ өту.
Оқушыларды түгендеу ,өткен сабақты қайталау.
Өткен сабақ: С Сарғасқаев «Шыбық»
2 оқушыдан үй жұмысының мазмұнын сұраймын дода ойыны бойынша өткен сабақты қорытамын.
10
10
10
20
20
20
30
30
30
10
10
10
20
20
20
30
30
30
10-оң жақтағы(әңгіме неге «шыбық» деп аталған.
10-ортадағы(сен темірдің орнында болғанда не істер едің?)
10.сол жақтағы(сен орманға жалғыз барар ма едің? әлде бармай ақ,үйіңе қайтар ма едің?)
20-оң жақтағы(жалқаулық,еріншектік,еңбекорлық,еңбек сүйгіштік сөздерін қалай түсінесің?)
20-ортадағы(Бақыт пен Темірдің қылығын салыстыр,саған қайсыссы ұнайды?)
20- сол жақтағы(Бақыт пен Темірге мінездеме бер)
30- оң жақтағы(Мұндай балалар сыныпта бар ма?)
30-ортадағы(Еңбек туралы мақал-мәтелдер айт)
30- сол жақтағы(С. Сарғасқаев кім?)
Өткен сабақты қайталау қорыту,жаңа сабақ өту.
Жаңа сабақ: Ө Тұрманжанов. Қарлығаш.
Тақырыпты сөз жұмбақ арқылы шешу.
1.Ақ ұлпа,қыстың сәні. (қар)
2.Ең асыл адам.(ана)
3.Бал жинаушы жәндік. ара
4.Ешкінің төлі.(лақ)
5.Қыстағы күн қандай болады.(суық)
6.Өзінен үлкен туыс.(аға)
7.Ас атасы.(нан)
8. Айырдың басқа атауы.(аша)
Ө. Тұрманжанов(1905-1978) Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында дүниеге келген.Ол қазақ мақал-мәтелдерін құрастырған.Балаларға арнап «Біздің қарлығаш» «Боз торғай» «Жауқазын» «Ұршық» әңгіме өлең жинақтары бар. Ө. Тұрманжанов туралы қысқаша мәлімет беру..
Қарлығаш өлеңін мәнерлеп оқып беремін,содан соң тақырып туралы түсінік беремін. Тақырыпқа байланысты сұрақтар беру
1.Өлеңде қарлығаштың өмірі,үй салуы,балапан басуы қалай суреттелген?
2.Қарлығаш ұясын қалай салады,көргендерің бар ма?
3.Қарлығаш неліктен ұясын адам жүрген жерге салады?
4.Қарлығаштың шаруашылыққа қандай пайдасы бар?
5.Осы өлеңге тағы қандай тақырып қойуға болады?
6.Қарлығаш туралы қандай ертегі әңгімелерді білесіңдер?
7.Өзің білетін құстарды ата?
Жылан мен Дәуітті салыстыру.
III-топ
ортақ қасиеті
II-топ
дәуіт
I-топ
жылан
жыртқыш
Содан соң қарлығашқа сипаттама беру.
Қарлығаш.
Оқушылар тізбектеп оқиды. Оқушыларға тапсырмалар беру.
1-қатар «Құстар біздің досымыз» тақырыбына эссе жазу.
2- қатар 4-жолды өлең жазу.
3- қатар Қарлығаштың суретін салу.
Сөздікпен жұмыс жасау:
Дәуіт-шегірткеге ұқсас бірақ жыртқыш жәндік.
Сабақты қорыту оқушыларды бағалау.Үй жұмысын беру.
Үй жұмысы:Ө. Тұрманжановтың «Қарлығаш» өлеңін мәнерлеп оқу.
4-жолды өлең жазу, сурет салу.
Сабақтың соңында «Қос қарлығаш» өлеңін тыңдау.
Сабақтың соңы.
Қордай ауданы. Жамбыл ауылы
Ж Жабаев атындағы орта мектеп.
Достарыңызбен бөлісу: |