Сабақтың тақырыбы: 9 саны және цифры. Сабақтың мақсаты



бет4/4
Дата16.03.2018
өлшемі449,17 Kb.
#39398
түріСабақ
1   2   3   4
IY. Жаңа сабақты пысықтау.
а) Тақтада жұмыс  147  бет, № 2
10см = 1дм    10дм = 1м    100см = 1м

10см кесінді сыз   _______________________________


20см  = 2дм      90см =  9дм        5дм =  50см          7дм = 70см
Y.    Сергіту сәті:  Сағаттын  тіліндей, Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей, Иіліп солға бір.
Оң аяқ, Сол аяқ. Жаттығу оң аяқ.
ә)  Өзіндік жұмыс:  № 4
30см  +  10см  =  40см  =  4дм                  50см – 10см = 40см = 4дм
5дм  — 1дм = 4дм = 40см                            3дм – 1дм  = 2дм = 20см
YI. Қорытындылау.
YII. Үйге тапсырма беру.   147 бет, № 3, 148 бет  (жасыл қоршау)

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы.


Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың алған білімдерін тексеру, тапсырмаларды орындата отырып, өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландыру..
2. Дамытушылығы:  оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту..
3. Тәрбиелілігі: тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Бақылау жұмысы:
1 – нұсқа                                                                                         2 — нұсқа
№ 1  Амалдарды  орында:
30 + 20                     40 +10                                      70 + 30                                50 + 40
70 – 20                     70 — 50                                      100 – 30                              80 — 50
30 + 50                     60 + 20                                     60 + 30                               20 + 70
50 – 20                     90 – 30                                      40 – 20                               90 – 40
№ 2  Теңдеуді шеш:
а + 2 = 5                      9 —  а = 3                                 2 + а = 7                        10 – а = 6
40 + а = 50                  а – 20 = 60                             30 + а = 80                     а – 20 =40
№ 3  Тиісті санды қой:
2 дм =   см          2см + 3см =  см                               3дм =   см                  2 дм –  2дм =  см
40 см =  дм         8 дм – 4 дм =    см                           60 см =  дм                5 дм + 3 дм =   см
8 дм =    см         9 дм – 7 дм =    см                            8 дм =   см                4 дм + 3 дм =    см
№ 4   Есепті шығар:
Мұрат 50 гүл бояды. Айдос одан 30                          Мектеп асханасында 30 үстел бар еді.
гүл артық бояды. Айдос неше гүл                             Оған тағы да одан 20-сы кем үстелдер
бояды?                                                                         әкелінді. Сонда асханада неше үстел
болды?
№ 5 Геометриялық тапсырма:
Ұзындығы 5 см кесінді сыз;                                        Ұзындығы 3 см кесінді сыз;
оны 3 см қысқарт.                                                        оны 5 см ұзарт.
Төртбұрыш сыз.                                                           Үшбұрыш сыз.
III. Қорытындылау.
Сабақтың тақырыбы: 3 саны және цифры.
Сабақтың мақсаты: 1. 3 саны, оның шығуы, сандар қатарындағы орны туралы түсінік, 3 цифрын дұрыс жазуды қалыптастыру.
2. Оқушылардың жан-жақты ойлауын, ізденуін, алған білімдерін одан әрі дамыту.
3. Ұлттық ойынға, пәнге қызығушылығын арттыру; толық жауап беруге, зейінділікке тәрбиелеу
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Өткен сабақты қайталау.
а) 0,1,2 сандарының құрамын, сандар қатарын қайталап, еске түсіру.
ә) «Орамал тастамақ» ойыны
б)  Тай жарысы.    Сандарды салыстыру <  > =
1 *  2                                   0 * 2                              2 * 1
2    * 0                                  1 * 1                             1 * 0
3.Сергіту сәті.
4.Жаңа сабақ
—    2  кейін қандай сан келеді?
3 санының қалай шығатының, қалай жазылатынын айтып көрсету.
2 + 1 = 3                                      3 — 1= 2
Жұмбақ шешу.
Бір шеңберді бір шеңбер көтеріп тұр білсендер.( 8 )
5. Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырмада суреттің сюжетін әңгімелеп, оған сәйкес есептер құрастырып,3 санының пайда болуы туралы түсіндіріріледі;
2 – тапсырма. Суреттегі кесіндіні сантиметрлік жолақшамен өлшеу нәтижесі қарастырылып, оның ұзындығы 3 см болатыны, 3 см неше сантиметрден артық екені анықталады, тап-ғы әйнекшелердің орнына 1см,2см,3см қойылатыны табылады.
6.Шығармашылық тапсырма.
Әрбір суретте неше үшбұрыш, неше төртбұрыш барын анықтау.
7. Дәптермен жұмыс. Өз бетінше орындау.
8. Сабақты қорыту
—    Балалар, біз бүгін қай санмен таныстық? Ол сандар қатарында қай саннан кейін келеді?Ауызша бағалау

Диктанттар (І сынып)

І. Сөз, дыбыс, әріп, сөйлемдер.
Дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.
Түлкі, сүт, ұя, ыдыс, дәптер, нан, көбелек, ине, теңге, ою.
(10 сөз)
Мүйiз, май, Сәуле, бас, қағаз, белдік, жүгері, дәрі, отыр, жаз.
(10 сөз)

ІІ. Дауыссыз дыбыстардың астын сызыңдар.


Шық, отыр, бесік, доп, емен, жіп, қаз, қияр, еден, есік, көз, көл.
(12 сөз)
Жарқанат, жүзім, үйрек, қияр, қауын, лақ, қант, тиын, нәресте, оймақ, піл, қол, тарақ, түйе, тау, үтік, сөз, сынып, қалам, тақта.
(20 сөз)

ІІІ. Сөздерді буынға бөліңдер (сөздерді тақтаға жазып, оның схемасын сыздыру).


Айгүл, алма ,доп,                                                       (үлгi).
Жолбарыс, балық домбыра, терезе, ат, айна, дәрiгер,әже,көкек,дұрыс.
Алмұрт,шелек,піл,айран,сағат,бор, торғай,күн,май.
(10 сөз)

IV. Дауысты дыбыстардың астын сызыңдар


Түлкі, сүт, ұя, ыдыс, дәптер, көбелек, нан, ине, теңге, ою, ас, су, ақ, көк.
(15 сөз)
Шаңғы, әріп, бұзау, қызыл, қара, сынып, шам, кесе, іні, көше, бала, есеп, еңбек, сары, бет.
(15 сөз)
Бор, шеңбер, шағала, ыдыс, жылан, қазақша, орысша, орын, ойна, демал.
(10 сөз)

V.Кім? Не? – деген сұрақтарға жауап беретін сөздер.


Орындық, көбелек, ата, бесік, әже, гүл, мысық, дәрігер, айна, ай, кітап, торғай, қыз, мектеп, күз.
(15 сөз)
қасық, түлкі, тауық, бала, сурет, іні, ине, ана, шортан, әке, ара, сызғыш, доп, дүкенші, ұя, мұғалім, тарақ, ою, көрпе, балмұздақ.
(20 сөз)

VI. Қандай? — деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.


Ерлан жақсы окушы.    Ол бірінші сыныпта оқиды. Ерланның  сыныбы таза. Оқушылар қазақ тілін біледі.
(14 сөз)
Түлкi– сұлу аң. Ол таулы жерде жүредi Түлкi қызыл түстi болады.Оның терiсi бағалы.Менiң  ойыншық  түлкiм  бар.
(18 сөз)
Ертіс
Ертіс- өзеннiң аты .Ертiс терең, әдемi өзен.Ертісте кеме жүредi.Өзеннiң суы өте суық.Мен Ертісті көрдiм.
(17 сөз)

VІI. Бас әріппен жазылатын сөздер.


Астана – бас қала; Абай даңғылы; Пушкин көшесі; Тобыл өзені; *Қазақ тілі* — газеті; Алматы қаласы; Қостанай облысы.
(16 сөз)
Алтынсарин мұражайы; Қостанай қаласы; Әулиекөл ауданы; халық әртісі – Роза Рымбаева; Ақылбек Шаяхметов – ақын; «Балдырған» журналы.
(14 сөз)
Қостанай.
Біз Қостанайда тұрамыз. Қостанай сұлу қала. Қаланың көшелері үлкен. Мектеп Байтұрсынов көшесінде.
(12 сөз)
Тапсырма: бас әріппен жазылған сөздердің астын сызыңдар.

VІІI. Не істеді? – деген сґраққа жауап беретін сөздер.


Әлия аюдың суретін салды. Мәдина ою ойды. Қыз  орнына отырды. Әжем шай ішіп отыр. Мен доп ойнап отырмын.
(18 сөз)
Көктем
Көктем келді. Қар еріді. Ауа таза. Кеше жаңбыр жауды. Күн жылы. Балалар көктем айларын жаксы көреді. Менің анам көктем гүлдерін ұнатады.
(21 сөз)
Мектеп
Мынау біздің мектеп. Мектебіміз таза, жарық. Мен бірінші сыныпта оқимын. Біздің мектепте оқушылар көп. Менің досым да осы мектепте оқиды.     (20 сөз)

IХ. Қайталау.


Менің  әжем.
Менің әжем ауылда тұрады. Әжем жақсы адам. Әжемнің төрт баласы бар. Ең үлкен баласы менің әкем. Жазда мен әжеме барамын.
(20 сөз)
Тапсырма: дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.
Қайрат.
Қайрат – оқушы. Ол жаксы оқиды. Кітап, дәптерін таза ұстайды. Таза киінеді. Қайраттың достары көп. Ол достарымен доп ойнауды ұнатады.
(19 сөз)
Тапсырма: * «Мәдина» сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.
Саулық пен сымбат.
Денсаулық – зор байлық. Дені сау адам сұлу, сымбатты болады. Менің ағам – спортсмен. Ол ауырмайды.
(14 сөз)
Тапсырма:«сымбатты«сөзін буынға бөліңдер.
Денсаулық күні.
Бүгін мектепте – денсаулық күні. Барлық оқушылар  мектеп алаңында. Ауа райы он бес градус жылы. Мен де достарыммен бірге қатысамын.
(19 сөз)
Тапсырма: дауыссыз дыбыстардың астын сызыңдар.
*Бүгін- сөзін буынға бөліңдер.

Математика — 1 сынып


Сабақтың тақырыбы:10 санының құрамы.
Сабақтың мақсаты:
1.    10 санын екі санның қосындысы түрінде жазу, кез келген 10 саннан кем санды 10-ға дейін толықтыру, 10 санының құрамын пайдаланып, мәні 10-ға тең қосынды,оған кері айыру құрастыру бастайды.
2.    Сын тұрғысынан ойлау техникаларының элементтерін пайдалана отырып оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттеріне және сөйлеуге дағдыландыру,жұмыс істеугей.
3.    Оқушылар бойына адамгершілік қасиеттерін енгізу.
Сабақтың түрі: Мақта қыз бен мысық ертегісі желісіндегі саяхат сабақ түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу, пәнаралық сабақ.
Әдіс-тәсіл: Мақта қыз бен мысық ертегісіндегі кейіпкерлер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа әзірлену.
Оқушылар:
Сабаққа біз даярмыз
Жалқаулықты қоямыз
Үздік оқып әрқашан
Кілең бестік аламыз.
Мұғалім:
Бір, екі, үш
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
Бүгінгі сабағымыз ерекше болады. Себебі біз ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Көздерімізді жұмып, көз алдымызға ертегілерді елестетейік.
— Қандай ертегілерді естеріңе түсірдіңдер? Айтып беріңдер?
Сыныпты 4 топқа бөлеміз. Әр топқа ат қоямыз.
1-топ Тапқырлар
2-топ Ойшылдар
3-топ Білгірлер
4-топ Алғырлар
Мақта қыз бен мысық ертегісі. Бұл ертегіні өткен ана тілі сабағында оқыған болатынбыз. Суретке қарап осы ертегіні кім бастаймын дейді.
Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді. Қыз: Келмесең келме–деп,мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: — Неге шақырдың? — деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық: — Ендеше қатығыңды төгем-дейді.
Мақта қыз: — Мен құйрығыңды кесіп аламын-дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығың кесіп алады. — Мақта қыз құйрығымды берші-дейді. Қатығымды қайтарған соң, құйрығыңды беремін дейді. Енді мысық бізден көмек сұрап тұр. Мысыққа құйрығын қайта алуға көмектесеміз бе? Ол үшін біз тапсырмаларды орындауға көмектесейік. Сәт сапар, достар!
1. Миға шабуыл
Сиырдың тапсырмасы:
1.    Сандар қатарын ата. 0-10
2.    Бір қазақ қалаға бара жатыр еді,жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды?
3.    Бір кг темір ауыр ма, әлде бір кг мақта ауыр ма?
4.    Балқаш көлінің жартысы неге ақ, жартысы неге көк?
5.    1 жұмыртқа 5 минут піссе, 4 жұмыртқа неше минут піседі?
6.    2 жылқының неше тұяғы бар?
7.    Үйдің 4 бұрышында 4мысық отыр, әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Үйде неше мысық отыр?
2. Өткенді қайталау
Ағаштың тапсырмасы
1.    Не көп? Не аз?
2.    Әр топтағы заттарды салыстыр:
3.    Әр қайсының қалпағын тап:
4.    Өрнекті құрастыр.Компоненттерді ата.
5.    Есепте.
3. Жаңа сабақ
Қыздардың тапсырмасы.
1.    Қосындының мәні 10-ға тең болатын өрнектерді ата.
2.    Азайғышы 10 болатын айырманың мәнін тап.
3.    Айырманың мәні 7-ге тең болатын өрнектерді ата.
4.    1-ІНШІ қосылғышы 8 болатын өрнектердің мәнін тап.
Сергіту сәті. Қар лақтыру. Музыка ойнайды. Балалар қағазға тілек жазады. 1 минут. Әр адам алған қарды ашып тілекті оқиды. Шапшаң орындалады. 2 минут.
4. Дәптермен жұмыс
Дүкеншінің тапсырмасы.
Дәптермен жұмыс.
1.    Көркем жазу.
2.    Кім шапшаң.
3.    Есепті шығар.
4.    Жас суретші.
5.    Арифметикалық диктант. 5+5, 3+6, 9-4, 8-6, 7+2, 9-1.
5. Ойын ойнау, зейінге байланысты
Балық аулау.
6. Геометриялық тапсырмалар
Тауықтың тапсырмасы.
Оқушыларға конверт беріледі. Конверттің ішінен фигуралардан бір зат жасап шығару. Гүл, машина, ғарыш кемесі, мысық.
7. Ребус шешу
Тышқанның тапсырмасы. Ребус шешу.
1-топ Тапқырлар Дауысты дауыссыз дыбыстарды санаймыз — 9
2-топ Ойшылдар Дауысты дауыссыз дыбыстарды санаймыз — 8
3-топ Білгірлер Дауыссыз дыбыстарды санайды  — 6
4-топ Алғырлар Дауысты дыбыстарды санайды. — 3
9-дан кейінгі сан. 10
Ынтымақта бар, бірлікте жоқ. ы
«Достық» сөзін шығарып алу
Достық туралы мақал-мәтелдер айтыңдар.
8. Қорытынды Топтастыру
Балалар бүгінгі сабақта біз қай ертегі туралы әңгімелестік
Мына сызба неге ұқсайды?
Күннің көзіне
Күн туралы қандай ән білесіңдер?
Әрқашан күн сөнбесін
Ән орындалады.
Үйге тапсырма 6 мысал жазып келу.
Бағалау
Сабақ үстінде жауап берген топқа берілген фишкаларды санау. Жеңімпазды аңықтау.
Сабақтың тақырыбы: 6 саны және цифры.
Сабақтың мақсаты: 1. 6 саны, оның шығуы, сандар қатарындағы орны туралы түсінік, 6 цифрын дұрыс жазуды қалыптастыру.
2. Оқушылардың жан-жақты ойлауын, ізденуін, алған білімдерін одан әрі дамыту.
3. Ұлттық ойынға, пәнге қызығушылығын арттыру; толық жауап беруге, зейінділікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Өткен сабақты қайталау.
а) 1,3,5 сандарының құрамын, сандар қатарын қайталап, еске түсіру.
ә) «Орамал тастамақ» ойыны
б)  Тай жарысы.    Сандарды салыстыру <  > =
5  *  3                                 4 * 2                             4 * 0
3    * 2                                 3 * 1                             5 * 3
3.Сергіту сәті:    Сағаттын тіліндей, иіліп
Солға бір.
Сағаттын тіліндей, иіліп
Оңға  бір.Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оң аяқ.
4    Жаңа сабақ
—    5-тен   кейін қандай сан келеді?
6 санының қалай шығатының, қалай жазылатынын айтып көрсету.
5 + 1 = 6                                      6 — 1= 5
5    Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырмада суреттің сюжетін әңгімелеп, оған сәйкес есептер құрастырып, 6 санының пайда болуы туралы түсіндіріледі;
2 – тапсырма. Суреттегі кесіндіні сантиметрлік жолақшамен өлшеу нәтижесі қарастырылып, оның ұзындығы 6 см болатыны, 6см неше сантиметрден артық екені анықталады, тап-ғы әйнекшелердің орнына
1см, 2см, 3см, 4см, 5см,6см қойылатыны табылады.
Шығармашылық тапсырма.
Әрбір суретте неше үшбұрыш, неше төртбұрыш барын анықтау.
Сергіту сәті
6    Дәптермен жұмыс. Өз бетінше орындау.
7    Сабақты қорыту
—    Балалар, біз бүгін қай санмен таныстық? Ол сандар қатарында қай саннан кейін келеді?
8      Ауызша бағалау.
9    10 минут динамикалық үзіліс
Сабақтың тақырыбы: 6санының құрамы.
Сабақтың мақсаты:1. 6 санының құрамын білуге үйрету.
2. 6 санының құрамы жайлы түсінікті 2 санның қосындысы түрінде жазуды,тиісінше кері азайту амалдарын дұрыс жазуды қалыптастыру.
3.Цифрды дәптерге әдемілеп жазуды үйрету.
Сабақтың көрнекілігі:6-ға дейінгі цифрлар,карточкалар,дидактикалық материалдар.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Өткен сабақты пысықтау: Үйге:6 цифрын жазып келу тапсырылған және 6-ға дейін тура және кері санату.
Жаңа сабақпен таныстырмас бұрын 2-ден 5-ге дейінгі сандардың құрамын ауызша қайталау.
ІІІ.Жаңа сабақ: 6 санының құрамы.
6 алманы алып,оны қалай тарелкаға бөліп салу керектігі қарастырыла отырып,(6=?+?)қосындылары құрастырылады.
6=0+6    6=6+0    6-0=6    6-6=0
6=1+5    6=5+1    6-1=5    6-5=1
6=2+4    6=4+2    6-2=4    6-4=2
6=3+3        6-3=3
ІҮ.Сергіту жаттығу.
Ү.Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы тапсырма суреттерге қарай отырып,оның сюжетіне байланысты әңгіме құрып,6 цифрды пайдаланып 6 санының құрамын схемаға сәйкес анықтау.
6=4  2    6=2  4
6=3  3    6=6  3      қосудың ауыстырымдылық заңы айтылып кетеді.
2-тапсырма
5+1=6    4+2=6    3+3=6
6-5=1    9-4=2    6-3=3
VI. Сергіту жаттығу.
3-тапсырма:Қызыл түсті кесінді 6см,көк кесінді 5см,оларды салыстыр.
6см  5см      5см  6см
Көк кесінді 1см қысқа,ал қызыл кесінді 1см ұзын.
VII.Қорытынды: 6 санының құрамын айт.
VIII.Үйге тапсырма:Дәптер таратылып,оның ішінде «6 санының құрамын тап»деген тапсырма беріледі.
ІХ.Бағалау. Оқушыларға баға қойылмайды.Мадақтау арқылы бағаланады.
10 минут динамикалық үзіліс (ойын «Тышқан мен мысық»)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет