Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Ескендір»


«Кубизм» стратегиясы бойынша топтық жұмыс жүргіземіз. Екі топқа үш тапсырмадан беріледі. 1-қыры: «Ойланыңыз»



бет5/8
Дата12.09.2020
өлшемі28,26 Kb.
#63654
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
«Кубизм» стратегиясы бойынша топтық жұмыс жүргіземіз. Екі топқа үш тапсырмадан беріледі.

1-қыры: «Ойланыңыз». Шығарма мазмұнына жоспар құрыңыздар.

1. Ескендірдің тегі, патшалығы, жорықтары.

2. Жорықтағы Ескендірдің бұлақпен кездесуі.

3. Ескендірдің бұйрығы.

4. Күзетшімен тілдесуі, оның сыйы.

5. Аристотельдің сүйекті өлшеуі.

6. Ақынның өсиет сөзі.

2-қыры: «Зерттеңіз». Зерттеу сұрақтары:

1. «Абай «Ескендір» поэмасын шығыс поэзиясына сүйеніп жазды» - деген пікірді қалай түсіндіресіздер.

2. «Ескендір» дастаны тек шығыс поэзиясына ғана сүйеніп жазылған ба?

Абай Құнанбаев медреседе оқығанда білім нәрін шығыс поэзиясынан алды. Шығыс классиктері: Фирдауси, Науаи, Низами өз дастандарында, шығармаларында атақты грек қолбасшысы Александр Македонский туралы аңыздарды арқау еткен, мадақтаған. Ендеше, Абай шығыс поэзиясымен терең сусындағандықтан, өз поэмасының өзегін одан алған да болар.

Жоқ. Мен олай ойламаймын. Белгілі ақын 60 жылдары батыстың ақындары мен философтарының еңбектеріне ден қойып, оқыған. Оған дәлел сөз – өз сөзі. Яғни, «Шығысым – батыс боп кетті» - деуі. Ақын өз шығармасында тарихи деректерді батыс философы Дрэпердің «История умственного развития Европы» атты еңбегінен алған шығар. Өйткені, Дрэпер: «Александр Македонский – это искатель приключении, осуществляя намерения отца своего, Филиппа начал свое выступление с крайне ничтожными средствами»,- деп жазады. Дрэпер әйгілі философ Аристотельді мақтаса, Абай Аристотель даналығына, ақыл сөзіне сүйсінеді. Олай болса, Абай поэмасы Ескендір қасиетін ашуда батыс ғалымдарының идеясымен үндес.


3-қыры:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет