«Қолданыңыз». «Ескендір» поэмасының мазмұны бойынша шағын көрініс көрсетіңіздер.
4-қыры: «Суреттеңіз». Поэмадағы Ескендір бейнесін суреттеңіздер.
5-қыры: «Салыстырыңыз». Абайдың «Ескендір» поэмасы мен қарасөзін салыстыру.
6- қыры «Талдаңыз». «Ескендір» поэмасына талдау жасау.
Авторы: Абай Құнанбаев
Шығарманың аты: «Ескендір» поэмасы
Тақырыбы: Адамгершілік, қанағат тұту, даналық.
Идеясы: Қанағат пен жауыздықты әшкерелеу, әділет пен даналықты дәріптеу.
Жанры: эпикалық (поэма)
Ұйқас: қара өлең (ааба)
Шумақ: 42
Тармақ: 4
Буын: 11, 12
Бунақ: 3
Түйінді ой: Абай бұл шығармасында адам бойындағы жаман қасиеттерді әшкерелейді. Ол өз өлеңінде де өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ бес дұшпаның деп атап көрсеткен болатын.
|