Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Ескендір»


ІІІ.Жаңа сабақты меңгеру кезеңі



бет3/8
Дата12.09.2020
өлшемі28,26 Kb.
#63654
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
ІІІ.Жаңа сабақты меңгеру кезеңі:

Кіріспе сөз. Абай Құнанбаев – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында дараланып тұрған Ұлы тұлға. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абайы біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Ол – қазақтың бір жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.

Ақын шығармалары осы күнгі бай, ұлттық әдебиетіміздің алтын діңгегін қадады. Ақын шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала – поэмалары.

Бүгінгі әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының апталығы аясында өткізілгелі отырған ашық сабағымыздың тақырыбы – Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы. Мақсаты: шығарманың идеялық-тақырыптық негізін, ой астарын түсіну, ақынның образ жасау шеберлігін ұғыну, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдылану.

Екі топқа бөлініп жұмыс жүргіземіз. Топ мүшелерін топбасылары бағалап отырады. Поэма мәтінін үйде оқып келген болатынсыздар.

«Ескендір» поэмасы – Абай поэмасының ішіндегі ең елеулісі, ақынның гуманистік ой-пікірлерін тереңірек танытатын шығармасы. Поэманың басты кейіпкері Ескендір – Шығыс елдеріне Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараса, Еуропаға Александр Македонский деген атпен тараған, белгілі қолбасшы жайлы аңыздар негізіне, жырларға кейіпкер болған патша. Ескендір жайында Шығыс ақындарының көбі жырлаған. Ә.Фирдауси «Шахнамасында», Низами – «Ескедір-нама» дастанында, Жәми – «Ескендірдің даналық кітабында» жазып, Ескендір образын ақылды, батыр деп ардақтап көрсеткен. Ал, Абай «Ескендір» дастанына ұстазы Аристотельді, Ескендірдің әкесі мен тұрған жерін, патшалығын қосып, өзінше жырлайды. Абайдың бұл шығармасы неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ақыны болған Альберт Фон Шамиссодан 1844 жылы аударған В.А. Жуковский түпнұсқасына ұқсас болып келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет