Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы»



бет3/3
Дата12.05.2020
өлшемі58,38 Kb.
#67380
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Өлең-сөздің патшасы

А.С.Пушкин

 М.Ю.Лермонтов

 И.А.Крылов

Онегиннің сөзі

Татьянаның хаты

Онегиннің жауабы

Татьянаның сөзі;



Теректің сыйы

Қараңғы түнде тау

Қалғып

Кең жайлау



Қанжар

Шегіртке мен құмырсқа

Жарлы бай.

Бақа мен өгіз.

Есек пен бұлбұл.

 


«Өлең-сөздің патшасы сөз сарасы» өлеңі

Өлеңдегі 3 негізгі ой



Өлең қандай болуы тиіс

Бұрынғының ақындарын сынау

Тыңдаушыға айтары

Өз поэзиясында жаңа мақсат барын жариялайды.Ол әлеуметтік шындықты жариялау.Өлеңді бөтен сөзбен былғамау талап торы қойылады.Халық мүддесі жұмсауды мақсат етеді.

Өлеңнің сатып,күн көріс көрген жағымсыз,жарамсақ ақындарға ыза болып, қатты сынайды.Ақын өнерін,саудаға салу,сөз қадірін кетіру,арсыздық деп қарайды

Оларды халық тағдырын жырлайтын жаңа үлгідегі поэзияны түсіне білуге,бағалауды.

Тыңдаушыларды тәрбиелеу қажеттігіне назар аударды.



 

Педагогика ғылымының кандидаты Нұрша Оразақынованың "Сатылай кешенді талдау технологиясы «бойынша өлеңді талдау.

1. Авторы. Абай Құнанбайүлы

2. Тақырып. Бұл өнер туындысы,әдеби шығарма-белгілі дәуірдегі қоғамдық шындық.

3. Жанр түрі. Поэзия (өлең) Өлең дегеніміз-белгілі бір қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі өлшеммен

4. Идеясы. Өлеңді түсіне білуге бағалауға шақырады. Сөздің асылы — поэзия екенін, жақсы сөз даналықтың айғағы екенін айтады.

5. Шумақ. Өлең шумақтан тұрады. Шумақ аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.

6. Тармақ. Өлең тармақтан тұрады. Тармақ-өлеңнің әр жолы.

7. Бунақ. Тармақ бунақтан тұрады. Бунақ-белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.

8. Буын. Өлең буыннан түрады. Буын сөздің қурамындағы дауысты дыбыстардың санына қарай анықталады.

9. Теңеу – Өтірік пен өсекті жүндей сабап

Эпиттет – Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын.

Метафора – Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап.

10. Сөздік:

Аят (арабша) — құран сөзі
Хадис (арабша) — Мұхаммед пайғамбардың сөзі
Бәйіт (арабша) — өлең сымал — өлең секілді
Құтпа (арабша) — уағыз оқу, сөйлеу мағынасында
Мүнәжәт (арабша) — Аллаға жалбарыну, мақтау сөз айту

11. Өлеңнің негізгі түйіні: Тыңдаушыны тәрбиелеу, сөздің құдіреттілігін түсіндіру, поэзияны бағалауға шақырады

12. Оқушыға өлең шумағын талдату

Ө-/лең-//сөз-дің пат/ша/сы//,сөз са/ра/сы,//а


Қи/ын/нан// қи/ыс/ты/рар//ер да/на/сы//а
Тіл/ге же/ңіл,//жү/рек/ке//жырлы ти/іп,//б
Теп-теріс//жұ/мыр кел/сін//ай/на/ла/сы а

13. Буынды қара өлең ұйқасы.



14. Сабақты қорытындылау

Ақыл-ой,ақындықтың киесі — Абай, Түгел сөздің түбі бір жүйесі-Абай. «Өлең сөздің — патшасы» десе Абай, Патшаға енді ұсынбас төрді Абай, Патша мүлде тағымен төңкерілген, Өлеңнің құдіретті иесі — Абай! «Сөздің құдіреттілігі — қоғамды өзгертетін күш» деген болатын Абай. Сабақты елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен қорытындылаймын: «Біздің міндетіміз бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу» деген пікірі жастарға Абайша білім алу, Абайша ойлау, Абайша өмір сүру дегенді ұқтырады. Үйге тапсырмасы: «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңді жаттау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет