Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев



Дата25.06.2017
өлшемі66,91 Kb.
#19915
түріСабақ
Жаңақала ауданы, №3 жалпы орта білім беретін

қазақ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Шатаева Айнагүл Оралбайқызы


1.Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы

2. Сабақтың типі: аралас сабақ

3. Сабақтың түрі: шығармашылық-ізденіс сабағы

4. Қолданылған технология: СТО технологиясы, ББҮ, кубизм, автор орындығы, рафт, т.б.

5.Сабақтың жабдығы: интербелсенді тақта, кестелер, слайд, бағалау парағы.

6.Сабақ мақсаты:

Білімділік: Көркем туындыны түсініп, мәнерлеп оқуға және идеялық-тақырыптық негізін, ой астарын түсінуге үйрету, поэманың тереңіне бойлату, ақынның образ жасау шеберлігін ұғындыру.

Дамытушылық : Поэманы талдай білуге төселдіру, сын тұрғысынан ойландыру арқылы түйіндік ойларын айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, өз ойын тұжырымдауға, топтастарының ой- пікірлерін тыңдауға, тиянақты, жүйелі сөйлеуге үйрету.

Тәрбиелік: Ақын шығармасындағы оқиғалар негізінде оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерінің көзін аша отырып, рухани имандылыққа, ізденіске, іскерлікке, таным белсенділігін арттыруға тәрбиелеу. Білім алушының даралық мүмкіндіктерін шығармашылық тапсырмалар арқылы көрсету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, шешендікке баулу.
САБАҚ БАРЫСЫ:

І.Ұйымдастыру кезеңі:
1. Топқа бөлу. Өтілген Абай өлеңдерінің үзінділерін біріктіру арқылы тақырыптарын айтып, 3 топқа бөлінеді.


2. Үй тапсырмасы.

- Балалар, олай болса, үйге берілген тапсырмаларға кезек берелік.

- Үйге Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы оқу, «Ескендір» поэмасымен танысу, «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Өлсем орным қара жер сыз болай ма» өлеңдерінен үзінді жаттауға берілді.



ІІІ.Жаңа сабақты меңгеру кезеңі:

  1. Қызығушылықты ояту. ББҮ стратегиясы арқылы «Поэма» дегенімз не? Абайдың «Ескендір» поэмасы туралы білетіндерін сұрау.




Білемін

Білгім келеді

Үйрендім










«Поэма» сөзіне түсінік беру. Поэма (грек. – «туынды») – орта көлемді эпикалық түрге жататын, өмірде болған не болуға тиісті күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттейтін жанр. Абайдың поэмалары: Ескендір, Масғұт, Әзім әңгімесі.

Абай Құнанбаев – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында дараланып тұрған Ұлы тұлға. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абайы біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Ол – қазақтың бір жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.

Ақын шығармалары осы күнгі бай, ұлттық әдебиетіміздің алтын діңгегін қадады. Ақын шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала – поэмалары.

Бүгінгі сабағымыз да Абай поэмаларына арналады. Тақырыбы – Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы. Мақсаты: шығарманың идеялық-тақырыптық негізін, ой астарын түсіну, ақынның образ жасау шеберлігін ұғыну, өзіндік пікірлеріңізді қалыптастыруға дағдылану.

Үш топқа бөлініп жұмыс жүргіземіз. Топ мүшелерін топбасылары бағалап отырады. Поэма мәтінін үйде оқып келген болатынсыздар.

«Ескендір» поэмасы – Абай поэмасының ішіндегі ең елеулісі, ақынның гуманистік ой-пікірлерін тереңірек танытатын шығармасы. Поэманың басты кейіпкері Ескендір – Шығыс елдеріне Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараса, Еуропаға Александр Македонский деген атпен тараған, белгілі қолбасшы жайлы аңыздар негізіне, жырларға кейіпкер болған патша. Ескендір жайында Шығыс ақындарының көбі жырлаған. Ә.Фирдауси «Шахнамасында», Низами – «Ескедір-нама» дастанында, Жәми – «Ескендірдің даналық кітабында» жазып, Ескендір образын ақылды, батыр деп ардақтап көрсеткен. Ал, Абай «Ескендір» дастанына ұстазы Аристотельді, Ескендірдің әкесі мен тұрған жерін, патшалығын қосып, өзінше жырлайды. Абайдың бұл шығармасы неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ақыны болған Альберт Фон Шамиссодан 1844 жылы аударған В.А. Жуковский түпнұсқасына ұқсас болып келеді.



2. «Кубизм» стратегиясы бойынша топтық жұмыс жүргіземіз. Үш топқа екі тапсырмадан беріледі.

1-қыры: «Ойланыңыз». Шығарма мазмұнына жоспар құрыңыздар.

2-қыры: «Зерттеңіз». Зерттеу сұрақтары:

1. «Абай «Ескендір» поэмасын шығыс поэзиясына сүйеніп жазды» - деген пікірді қалай түсіндіресіздер.

2. «Ескендір» дастаны тек шығыс поэзиясына ғана сүйеніп жазылған ба?

3-қыры: «Қолданыңыз». «Ескендір» поэмасының мазмұны бойынша шағын көрініс көрсетіңіздер.

4-қыры: «Суреттеңіз». Поэмадағы Ескендір бейнесін суреттеңіздер.

5-қыры: «Салыстырыңыз». Абайдың «Ескендір» поэмасы мен қарасөзін салыстыру.



6- қыры «Талдаңыз». «Ескендір» поэмасына талдау жасау.

  • 3.«Автор орындығы» стратегиясы.

  • І топ басшысына:

  • Өсиет (ақыл сөз) – қандай сөздер еді?

  • ІІ топ басшысна:

  • Поэмадан өсиет өлеңді тауып, автор орындығына отырып, мәнеріне келтіріп оқыңыз, өз пікіріңізді білдіріңіз.

  • ІІІ топ басшысына:

  • Мифологиялық образдарды табыңыздар. (Табиғат, жұмбақ бұлақ, алтын қақпа, күзетші, орамалға түйілген сүйек.



  • ІІІ. Ойтолғаныс. Қорытындылау. «ББҮ» арқылы. Оқушылар Кестенің соңғы бағанын толтыру арқылы қорытындылайды.

  • ІY. Үйге тапсырма. РАФТ әдісі бойынша шығармашылық жұмыс.

  • Ү. Бағалау. Бағалау парақшалары арқылы топ басшылары өз топтарындағы оқушыларды бағалайды.





  • БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ







    • Топ мүшелері

    • Үй тапсыр-масы

    • 20б.

    • ББҮ

    • «Кубизм»

    • «Автор орындығы»

    • 20б.

    • 1

    • 10б.

    • 2

    • 10б





























































































































































  • Бағалау критерийлері: 81-100 – «5»; 61-80 – «4»; 41-60 – «3»
























Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет