Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»



бет2/5
Дата17.11.2023
өлшемі76,18 Kb.
#191915
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
mzh.-abay-nanbayly-men-zhazbaymyn-led-ermek-shn
1524588503, 5.-feodaldy-sharuashyly-trn-erekshelkter, 10 алг 000000, БЖБ ТЖБ талдау, Жаздық күнтізбелік жоспар 7 - сынып 2020-2021 жыл (2), 8-сынып тжб 4-тоқсан
Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

Философия

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл..

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:
Бұйрық рай, мақсатты келер шақ, өткен шақ көрсеткіштерінің мағынасын ашады.
Пән лексикасы және терминология:
Өлең, тақырып, идея, шумақ, тармақ, ұйқас,.
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
Өлең жолдарында келтірілген «_______» сөзі «________» деген мағынаны білдіреді. Өмірден мысал келтіретін болсақ, _______________.

Осыған дейін меңгерілген білім

«Елу жылда ел жаңа» мақалына көзқарасын білдіріп, эссе жазды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет