Ұйымдастыру
(5 минут)
|
1. Оқушылар ынтымақтастық шеңберін құрып бір-біріне жақсы тілек айтады. 2. Смайликтер арқылы топтарға бөлу.
3. Сабақтың мақсаты мен таныстыру.
|
1.Оқушылар амандасады.
2. Сағат тілі бағытымен оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтып шығады.
Смаилик түстеріне қарай топтасады.
|
1. А. Құнанбаев "Абайдың қара сөздері",
2. С. Ч. Тұрсынғалиева, А. Ж. Такиишева .
"Қазақ әдебиеті"
3. Видео
4. Түрлі-түсті стикерлер
|
Қызығушылықты ояту.
(5 мин.)
|
Үй тапсырмасын сұрау.
«Кім жылдам» ойыны барысында зымыран сұрақтар арқылы үй тапсырмасы сұралады.
1. Абайдың ақын болып қалыптасуына әсер еткен жайлар туралы не білесіңдер?
2. Абай неге "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым" деп күңірене жырлаған?
3. Ақынның өнер, білім тақырыбына жазған өлеңдерінің негізгі идеясы туралы ой бөлісіңдер?
4. Абайдың қара сөздеріне қандай атау беруге болады?
5. Ақын қара сөздерінде қандай мәселені көтерген? Сендер қандай пікір қосар едіңдер?
6. Абайдың қазақ әдебиетінде алатын орны, қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы ?
|
Оқушылар қойылған сұрақтарға толық жауап беріп, өз ойларын айтады.
Ақынның өмірбаяны шығармашылығы, өлеңдері, қазақ әдебиетіне қосқан жаңалығы туралы айтады
|
АКТ, үлестірмелі қағаздар, флипчарт, маркер, плакат, қарындаш.
|
Мағынаны тану
(20мин.)
|
1. "Фишбоун" әдісі
Топтық жұмыстар
1-топ Алтыншы қара сөзі (Өнер алды - бірлік)
2-топ Жиырма бесінші қара сөзі
3-топ Жиырма тоғызыншы қара сөзі (қазақ мақал-мәтелдері)
4-топ Отыз үшінші қара сөзі
2. «Бес жолды өлең» құрастыру.
1.Тақырып (зат есім)
2.Суреттеу (сын есім)
3.Қимыл (етістік)
4.Сөйлем
5.Синоним болу керек.
Мұғалім топтық жұмыстарды формативті бағалайды.
|
Оқушылар берілген қара сөзді оқи отырып, өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, қорғап шығады.
Берілген өлеңнен бір сөзге бес жолды өлең құрастырады.
|
|
Бекіту
( 7 мин)
|
2. INSERT "Түртіп алу" стратегиясы
1.Абай туралы не білемін?
2.Не білдім ?
3. Не білгім келеді?
|
2.Осы сұрақтар бойынша оқушылар өз ойларын жазып білдіреді.
|
Стикер, смайликтер
Кері байланыс парағы
|
Қорытынды
(4мин)
Бағалау
(2мин)
Үйге тапсырма
(2 мин)
|
1. "Соңғы сөзді мен айтамын...." әдісі бойынша қорытындылау.
2. Бағалау критерийлері:
1. "0" мен "1" аралығында "1" балл
2. "1" мен "2" аралығында "2" балл
3. "2" бен "3" аралығында "3" балл
3.Абайдың қара сөздерін жатқа айту, және Абайдың қара сөзді жазуына не себеп болды.
|
1.Оқушылар жаңа сабақтан алған білімдерін қорытып, өтілген сабаққа соңғы түйіндерін айтады.
2. Топ басшысы берілген кесте арқылы топ мүшелерін бағалайды
3.Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
|
Кері байланыс парағы
Екі жұлдыз бір тілек
?
|