«XVIII ғ. ортасындағы Қазақстан» және «Қазақ-қалмақ қатынастары» тақырыптары бойынша сұрақтар қою.
1. Картамен жұмыс:
-Төмендегі тарихи оқиғалар мен оған қатысты тарихи тұлғаларды рет-ретімен қойып шығыңдар.
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Абылай-аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері.
Абылай ханның ішкі саясатының ерекшеліктері
Абылай тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
Абылайды Қазақстан тарихындағы орны.
І. Өмірбаяны. Абылай тұлғасының қалыптасуы:
«Әбілмансұр-Сабалақ-Абылай».
Қосымша деректердің (әдеби шығармалар, ғылыми-көпшілік әдебиет, кинофильмдер, деректі хроника, т.б.) көмегімен оқушыларды пбылай ханның өмірбаянымен таныстыру.
№1 тапсырма. Абылайдың өмірбаяны.
Абылай қандай қасиеттермен ерекшеленді?
Қалай ойлайсыңдар, Абылайдың балалық шағы және жастық кезеңдері белгілі оқиғаларға сәйкес келмегенде тұлға ретінде қалыптасар ма еді?
Абылайдың қандай қасиеттері сендерге ұнайды?
ІІ. Абылай ханның мемлекеттік қызметі.
№2 тапсырма. Абылайдың ішкі саясаты.
Тақырыпты оқи отарып, мына сұрақтарға жауап беріңдер:
Абылай өзінің ішкі саясатында алдына қандай мақсат пен міндет қойды?
Абылайдың өзі билеген кезеңде жүргізген реформаларын көрсетіңдер, оның Қазақ хандығының саяси және экономикалық өміріндегі маңызын анықтаңдар.
ІІІ. Абылайдың сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
№3 тапсырма. Тақырыпты оқып, кестені толтырыңдар.
Қазақ-орыс қатынастары
|
Қазақ-жоңғар қатынастары
|
Қазақ-қырғыз қатынастары
|
|
|
|
№
4 тапсырма:
Тақырыпты оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:
Абылай өзінің сыртқы саясатта жоспарлаған барлық істерін жүзеге асыра алды ма?
Бұл шаралар қандай нәтиже берді?
Абылайдың саясатына сендер қандай баға бересіңдер?
IV. Абылайдың есімі қазақстан тарихында қандай орын алды? (Бүгінде Абылай тек әйгілі хан ғана емес, оның есімі тәуелсіздік пен бірліктің символы)
Сабақты бекіту: Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беріңдер.
Үйге тапсырма:Абылай хан жорық жасаған елдер мен аймақтарды картаға түсіріңдер.
Абылайханның өмірі мен қызметі жөнінжегі қандай шығармаларды білесіңдер? Неліктен халық оған көзі тірісінде «әруақтай» сыйынды?
«Абылай хан» тақырыбына сөзжұмбақ құрастырыңдар