Пән : Психология
Сабақтың тақырыбы: Қабілетті қалыптастыру
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: өткен тақырып негізінде білім алушылардың алған білімдерін жинақтау, жалпылау
Дамытушылық: білім алушылардың бойындағы қабілеттерді анықтап, дамыту
тәрбиелік: білім алушылардың өз бойындағы қабілеттерін көре білуге және қалыптастыра алуға үйрету
Сабақтың типі: жалпылау
Сабақтың қамтамасыздандырылуы:
а) оқу-көрнекілік құралдар: интерактивтік тақта, слайд
б) үлестірмелі материалдар: карточкалар, бағалау карточкалары
Пәнаралық байланыс: педагогика, өзін-өзі тану, қазақ тілі, тарих, әдебиет, философия, математика және т.б.
Қолданатын әдебиет:
Негізгі: Қ. Жумасова «Психология» 2006/87-90 бет.
Қосымша: Қ. Жарықбаев «Психология негіздері» 2004/56-58 бет.
Өз бетінше жұмыс: арнаулы қабілетке байланысты тапсырманы орындау
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдасытру кезеңі: білім алушылардың тізімін тексеру, сабаққа деген зейінін ұйымдастыру
Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру:
Сабақтың барысы: Ең бірінші өткен тақырыбымызға шолу жасап өтейік. Қазір мен сіздерге сұрақ ұоям,сіздер оған бір-бірлеп қол көтеріп жауап айтыңызар.
І. Анықтамалармен жұмыс:
Қабілет дегеніміз не?
Жалпы қабілет дегеніміз не?
Арнаулы қабілет дегеніміз не?
Анатомиялық нышан дегенімі?
Физиологиялық нышан дегеніміз?
Талант дегеніміз?
Дарындылық дегеніміз не?
Данышпандылық дегеніміз не?
Жалпы қабілет өз алдына 4-ке бөлінеді дедік. Енді сол қабілеттерге шолу жасай отырып, мынадай ойын негізінде бұл аталған қабілеттеріміз білім алушылардың бойында қандай деңгейде қалыптасқанын байқайық.
ІІ. Интеллектуалдық марафон ойыны:
1-кезең: «Ұйымдасу»: Бұл кезең жалпы қабілеттің 1-ші түрі ұйымдастырғыштық қабілеттің қандай дәрежеде қалыптасықандығын көрсетеді.
Тапсырма: топтың атын және ұранын құрастырыңдар.
2-кезең: «Сөз әлемі». Білім алушылардың коммуникативтік қабілетін қалыптастырады. Бұл бізде жалпы қабілеттің 2-ші түрі болып келеді.
1-тапсырма: «Көп нүктенің орнына...»
а) ата – асқар ... (тау)
ана – бауырындағы ... (бұлақ)
бала – жағасындағы ... (құрақ)
б) Отан ... (оттан да ыстық)
в) Туған жердің .... (жусаны жұпар)
г) Елінен безген ер болмас, ... (көлінен безген көл болмас)
д) ертеңгі асты тастама, ... кешкі асқа қарама
е) ақымақ күлкіге тоймайды, ... жалқау ұйқыға тоймайды.
2-тапсырма: «Мақалды құрастыр»
Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
Ашу егестен шығады,
Ақыл кеңестен шығады.
Еңбек етем десең ерінбе,
Өнер үйренем десең жерінбе.
Оқыған – білгір, оқымаған – ділгір.
Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп.
Әдепсіз өскен адамнан,
Тәртіптен өскен тал артық
Ашта жеген құйқаны тоқта ұмытпа.
Жақсы адам тауып айтады,
Жаман адам қауып айтад.
Ата – бәйтерек, бала – жапырақ.
Жеті атасын білмеген ұл, жеті елдің қамын жер.
Өзін ғана білген ұл, құлағы мен ағын жер.
3-кезең: «Ойлан, тап!» деп аталады. Бұл кезең білім алушылардың интеллектуалдық қабілеттерін байқатады.
1-тапсырма: «Қырық қызық»
а) Жеті ата (бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, жекжат, туажат)
б) Үш жұрт (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)
в) Дүниедегі ең терең көл ... (Байкал)
г) Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең
Өмірдегі қызықтың бәрі өлеңмен,
Ойласайшы, бос қақпай елең-селең. Авторы кім? ....
2-тапсырма: «Логикалық жұмбақтар». Білім алушылардың логикалық ойлауын дамытады. Логика дегеніміз не?
а) Сенің анаңның әпкесінің жолдасының бажасы саған кім болады? (Әкең)
б) Сенің әкеңнің әйелінің сіңдісінің баласының бөлесі саған кім болады? (Сенің өзің)
в) Шикідей жеме, пісір де таста. (Лавр жапырағы)
3-тапсырма. «Мағынасын аш». Бұл тапсырмада экранға көрсетілген сөз тіркесінің мағынасын ашу керек.
а) Тілдің ұшында тұр (ұмыту, жеткізе алмау)
б) Қас пен көздің арасында (лезде, тез, жылдам)
в) Апама жездем сай (мінезі сай)
г) Ағаштан түйін түйген (шебер)
д) Ағыны тас ғызады (өткір)
е) Тайға таңба басқандай (анық, нақ)
ж) Ай десе аузы, күн десе көзі (әдемі, сұлу)
з) Араларына қылау түсу (реніш)
и) Асығы алшасынан түсті (жолы болды)
к) Аспан айналып жерге түсті (өте ыстық)
л) Жүрек жалғап алу (дәм тату, тамақтанып алу)
м) Қол үшін берді (көмектесті)
4-кезең: «Іс-жүзінде» деп аталады. Бұл кезең білім алушылардың бойында конструктивті-техникалық қабілеттері байқалады.
1-тапсырма. «Мына сөздерден әңгіме құрастыр»
1-топ. Патша, мен, қалың, бала, дос, қабілет бойындағы, күн, кейін, жүзік, ел, бұйрық, әрекет, күлкі, таңертең, жер, қырық, көк, айнала, бұлт, мереке, таныс, егер, ұшқын, жұмыс, сұлулық, қыз, өзімшіл.
2-топ. Патша, мен, қалың, бала, дос, қабілет бойындағы, күн, кейін, жүзік, ел, бұйрық, әрекет, күлкі, таңертең, жер, қырық, көк, айнала, бұлт, мереке, таныс, егер, ұшқын, жұмыс, сұлулық, қыз, өзімшіл.
2-тапсырма. «Құрастырма»
12 шырпыдан құралған 3 квадраттан 3 шырпыны жылжыту арқылы 4 квадрат шығарыңыз.
5 шырпыдан құралған қоқысы бар стаканнан 2 шырпыны жылжыту арқылы қоқысты сыртқа шығарыңыз.
Сіздердің алдарыңызда әр жағынан санағанда 7 санын беретін квадрат бар. Енді әр жағы 9 санын беретіндей етіп жасаңыз.
Жалпы үйге берілген тапсырма бойынша «Өнерпаздар» сайысын өткізейік. Әр топтан бірнеше баладан шығып өз өнрін көрсетеді.
Сабақтың қорытындысы. Сайыстың қорытындысын жасап, қай топтың жеңімпаз, қайсысы жеңілгендігін анықтаймыз.
Рефлексия «Ой толғаныс» түйіндеме: Не білдім? Не үйрендім?
Бағалау Әр топтың жинаған ынталандыру карточкасын санап, бағалау.
Үй тапсырмасы: Практикалық іске қабілеттілікке байланысты өздеріңнің қабілеттеріңді анықтап келіңіздер.
Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
Ашу егестен шығады,
Ақыл кеңестен шығады.
Еңбек етем десең ерінбе,
Өнер үйренем десең жерінбе.
Оқыған – білгір,
оқымаған – ділгір.
Білімдіге дүние жарық,
білімсіздің күні кәріп.
Әдепсіз өскен адамнан,
Тәртіптен өскен тал артық
Ашта жеген
құйқаны тоқта ұмытпа.
Жақсы адам тауып айтады,
Жаман адам қауып айтады.
Ата – бәйтерек,
бала – жапырақ.
Жеті атасын білмеген ұл,
жеті елдің қамын жер.
Өзін ғана білген ұл,
құлағы мен ағын жер.
1-топ. Патша, мен, қалың, бала, дос, қабілет бойындағы, күн, кейін, жүзік, ел, бұйрық, әрекет, күлкі, таңертең, жер, қырық, көк, айнала, бұлт, мерк, таныс, егер, ұшқын, жұмыс, сұлулық, қыз, өзімшіл.
2-топ. Патша, мен, қалың, бала, дос, қабілет бойындағы, күн, кейін, жүзік, ел, бұйрық, әрекет, күлкі, таңертең, жер, қырық, көк, айнала, бұлт, мерк, таныс, егер, ұшқын, жұмыс, сұлулық, қыз, өзімшіл.
Достарыңызбен бөлісу: |