Сабақтың тақырыбы Адам әрекетінің экожүйеге жағымсыз әсері Сабақтың мақсаттары



бет12/15
Дата20.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#103831
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
11сын спец жоспар

2- тапсырма

Т-кесте әдісі

Пестицидтер мен пестицидтердің әрекетінің айырмашылықтарын салыстырыңыздар.



Пестицидтер

Пестицидтердің әрекеті





Адамдарға зиян келтірмейтін пестицидтерді атап кетейік. Олар: гидрохинон І туындылары, триазиндер (ІІ) және азолдар (ІІІ), бензой қышқылының (IV) туындылары және т.б. Тірі организмге түскен пестицидтердің әсері препараттың тұрақтылығына, яғни персистенттілгіне және организмде жүретін метаболизм процесінің жылдамдығына байланысты болады.



Доп

Интербел


сенді тақта


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Актокалова Ж.Е.

Сынып:11

Қатысқандар:

Қатыспаған-дар:

Сабақтың тақырыбы

Азық- түліктегі қалдық мөлшері

Сабақтың мақсаттары


  • Тұрмыстық қалдықтарды сыртқа шығару мен олардың табиғатқа тигізетін әсері туралы түсініктеме беру.

  • Тұрмыстық қалдықтардың мөлшерін анықтау.

Пәнаралық байланыс

География, химия

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы



Ұйымдастыру кезеңі

Психология ахуал «Өзіңді мақта!» әдісі.

Қазір біздер балалар, шеңберге тұрамыз. Сіздермен өте қызықты жаттығу орындаймыз. Атауы да ерекше – «Өзіңді мақта!». Өзімізді мақтауға бізге сиқырлы доп көмектеседі. Әрбір оқушы қолына сиқырлы допты алғаннан кейін өзін мақтауы керек. Бұл жаттығу оқушыларда өзіне деген сенімділікті және батылдықты дамытады.

Жаңа сабақ

Қалдықтар– табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарамсыз шығарылымдар. Қалдықтардың барлық түрлерін есептегенде өндірілетін табиғи заттар мен энергияның тек 2%-ы ғана пайдаға асырылады. Қалған 98%-ы әр түрлі қалдықтарға айналады.[

Адам баласыының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр.Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады.

Екінші реттік энергоресурстарды тиімді пайдаланудың халықшаруашылық маңызы өте зор. Екінші реттік энергоресурстар дегеніміз тікелей тап осы өндірістің өнімдерінің, қалдықтарының, жанама жөне аралык өнімдерінің энергетикалық потенциалдары. Екінші реттік энергоресурстар 3 топқа бөлінеді: 1)жанғыштар (Н2, СН4, СО, пеш газдары, май, шайыр целлюлоза және т. б.); 2) жылу (бөлінген газдардыкі, өнімдердікі, жанама өнімдердікі, суытылатын судыкі, экзотермиялык реакциялардыкі); 3) технологиялық аппараттардан шығатын газ бсн сұйықтықтардың қысымы. Екінші реттік энергоресурстар химиялық өндірістің азот күкірт, фосфор, хлор қосылыстарын, соданы шығаратын және мұнай-химия салаларыңда пайдаланылады. Тұрмыстық қалдықтарды пайдаланбай тастайтын болсақ, онда әртүрлі ауруларды қоздыратын ошақтың көзін ашуымен қатар, біраз жер көлемін пайдасыз жерге айналдырамыз. Қала қалдықтарында әртүрлі компоненттерге келетін мөлшер массалық %-пен алғандай: қағаз (30-40), азық-түлік қалдықтары (30-40), металдар (2-4), ағаш (1,5-3), кездемелер (2-4), шыны (3-6), тастар (1-2), тері, резина (1-2), пластмасса (1-1,5). Қала сыпырындысын жинайтын негізгі жер қоқыстар үйіндісі, шамалы мөлшері қайтадан өнделеді немесе арнайы ұйымдастырылған зауыттарда жағылады.

Тұрмыстық қалдықтарды бірнеше бағытпен өндеу

Тұрмыстық қалдықтарды бірнеше бағытпен өндеуге мүмкіндік бар, мысалы, тыңайтқыш, жанатын газ және синтетикалық мүнай, құрылыс плиталарын, қағаз және тағы да көптеген заттарды алуға болады. Ең алғашкы қоқысты жағуға арналған зауыт 1975 жылы Москва қаласында ашылған, оның жылдық өнімділігі 150 мың тонна шамасында. Жану процесінің нәтижесінде бөлінетін жылу іске асырылып, бу қазаңдықтарды жылытуға пайдаланылса, шлактан іріктеп жиналған металл қалдықтары металлургия өнеркәсібіне, ал шыққан шлактар кұрылыс материалдарын өндіруге колданылады. Тұрмыстық қалдықтарды жою, яғни негізгі мақсатын орындаумен бірге, зауыт басқа өндірістерге шикізат ретінде кажетті өнімдерді — жылу, металл, шлактарды да шығарады. Қордаландыру процесінің нәтижесінде органикалық массадагы өсімдіктер сіңіруге қолайлы қоректік заттектер (азот, фосфор) түрлерінің мөлшері жоғарылайды, патогеңді микрофлора залалсызданады, целлюлоза мен пектин заттектері азаяды, сонымен катар тыңайткыш топырақка еңгізуге қолайлы сусымалы түрде алынады. Өте тапшы органикалық тыңайткыштардың (көң, шымтезек) орнына компост кеңінен пайдалануға жатады. Тұрмыстық қалдықтардың барлық түрі компост алуға жатпайды. Егерде қоқыстағы азык-түлік қалдықтарының мөлшері 20%-тен төмен болса, олардан тұрмыстық тынайтқыш алынбайды. Себебі қалдықтарды қордаландыру аэробты микробтардың қатысуымен жүретін биохимилык процесс. Бұл микробтардан өте көп мөлшерде жылу бөлініп шыккандықтан қоқыс 70 0С-ге дейін қызады. Бұл жағдайда ауру қоздыратын микробтар жойылып, шикізат қызып, тұрмыстық тынайтқышқа айналады. Табиғи жағдайда бұл процесс айлап жүрсе, зауыт жағдайыңда аэрадия аркылы 2-3 күнде аякталады. Ал қалдықтарда азық-түлікке жағатын компоненттер аз болса процестін жүру жылдамдығы күрт төмендейді. Тұрмыстық қоқысты қайта өндеу үшін магниттік сепарация әдісі де қолданылып келеді.




Доп

Интербел


сенді тақта




Күні:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет