Биология 8 сыныпқа арналған оқулық, адам ағзасы муляждар, Адам туралы ғылымдар сызба нұсқалар.
Жалпы мақсаты:
Адамның өзіне тән белгілерін түсіну. Гуманистика көзқарасты ұғыну, Адам қалыптасуындағы әсер еткен әлеуметтік жағдай, Қазақстанда «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» заңды білу
Оқу нәтижесі:
Адамның табиғаттағы алатын орнын, дені сау адам қоғамның басты байлығы екенін түсінеді. Адамның қалыптасуын , анатомия ғылымында кемел адам ұғымын ұғады.
Сабақ барысы: 1-тапсырма.
Психологиялық ахуал туғызу. Үй тапсырмасын еске түсіру бойынша сұрақ-жауап.
ҰЛПАЛАР Эпителий Дәнекер 1, 4, 7, 8, 10 3, 5, 6, 9 1.Ішкі мүшелердің сілемейлі қабығын түзеді. 2.Жиырылу қабілетіне ие 3.Ұлпаны өсінділері бар жасушалар құрайды 4.Қорғаныш қызметін атқарады 5.Тірек қызметін атқарады 6.Жасушааралық заттар аз көлемді 7.Ауыз қуысы мен өңештің ішкі жағын астарлайды 8.Қарын мен ішектердің ішкі қабатында орналасады 9.Серпімділік қасиеті бар 10.Сүт, тер жас сілекей құлық бөледі
Жаңа сабақ
Адам организмі - адам өмір сүруін қамтамасыз ету үшін бағытталған функцияларды жүзеге асыратын өзара байланысты жүйелер жиынтығы.
Адам организмінде қаңқа жүйесін, бұлшық ет жүесін, жүйке жүйесін, жүрек-қантамырлар жүйесін, дем алу жүйесін, ас қорыту жүйесін, зәр шығару жүйесін, репродуктивті жүйесін, эндокриндік жүйесін, иммунды жүйесін және жабынды жүйесін айқындайды.