Сабақтың тақырыбы: Адамның су ресурстарына әсері,ластану жолдары



бет2/8
Дата08.02.2022
өлшемі106,95 Kb.
#130944
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
КМЖ Word (2)

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Әртүрлі суреттер, сипаттамалары жазылған үлестірмелі парақшалар.
Интернет русурстар: Су ресурстарының ластануы туралы бейнекөрініс;

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, ой бөлісу.

Пәнаралық байланыс

Аралас сабақ

Сабақтың жоспары:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:

  • тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;

  • өнеркәсіп орындары;

  • ауыл шаруашылығын химияландыру:

  • халық шаруашылығының басқа да салалары.

Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді. Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42 тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар –химиялық ластану көздер. Мәселен күріш пен жеміс- жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы кезеңінде өте көп химиялық заттар пайдаланылған Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық –түлікпен адам организмін кері әсерін тигізді. Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр. Оның негізгі ластану көздері мыналар:

  • өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;

  • химиялық заттар және тыңайтқыштар;

  • тұрмыстық қалдықтар;

  • жер асты суларымен жалғанатын құбырлар;

  • ірі құрылыс учаскелері;

  • күзгі алаңдар, бұрғы-скважиналары болып табылады.'

  • Еліміздегі су қорының азаюы Республикамызда бүгінгі күні 2174 үлкенді-кішілі өзеннен жылына 120 миллиард текше метр су ағады. Бұлар суын 65 оңаша алқаптарға құйып жатады. Мұның ішінде Ертіс, Сырдария, Жайық т.б. Республика халқының жан басына шақсақ, күніне әр адамға 20 литрден келеді. Бұл өте көп мөлшер. Алайда осының бәрі колда болғанда республикада су мәселесі бүгінгідей алаңдатпас еді. Өйткені дүние жүзінде суға ең бай деген Нью-Иорк қаласының әр тұрғынына бір тәулікте келетін судан үш еседен де асады екен. Ал, көріп жүргеніміз кері құбылыс, себебі, даламыз шөлейт аймаққа жатады. Халқымыздың жан басына тәулігіне 100—120 литрден артық су келмейді (бір техника мұқтажына, тұрмыс қажетін өтеуге, егістікті суландыруға, қалаларды көгалдандыруға және ішуге арналған судың бәрі осы санның ішінде). Енді, соншама судың басым бөлігі қайда кетті? деген сұрақ туады. Мұның мынадай себептері бар. Картаға қарасақ ұлаң-ғайыр қазақ даласының оңтүстік-шығысы, батысы таумен қоршалып жатыр. Ол жақтардан ылғалды ауа өтпейді. Республиканың солтүстігі ғана ашық. Көкшетау облысынан басталатын мидай жазықтың бір шеті Мұзды мұхитқа барып бірақ тіреледі. Ол мұхиттан шығып қазақ даласына үш-ақ күнде жететін ауаның ылғалы аз. Басқа жақтардан там-тұмдап келетін ауа да ылғалсыз. Ол жазда аңызақ түрінде келіп оған күн қызуы қосылып, жердегі артық суды буландырып жібереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет