Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. №4 сабақ
Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев пен Ш.Құдайбердиевтің іліміндегі өмірдің мақсаты
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер:
Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.
Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13
Сабақтың мазмұны:
|
Ресурстар
|
Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;
Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;
Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.
|
Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор
|
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Шәкәрімнің өмірі және бір әңгімесін оқып, айту.
|
|
3. Дәйексөз.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба. Абай.
- Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар.
|
|
4. Әңгімелеу. Шәкәрім Құдайбердіұлы
Жастарға (Үзінді)
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық.
Ал енді, олай болса, кімді алалық?
Қазақта қай жақсы бар көз саларлық?
Шын іздесек, табармыз шыны ғалым,
Күнде күйлей бермелік бозбалалық.
Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!
Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!
Жүз айтқанмен өзгенің бәрі надан,
Жалыналық Абайға, жүр, баралық!
Білімді сол кісіден ізденелік!
«Әдейі іздеп біз келдік сізге» делік.
«Өмір зая болмастық өнер үйрет,
Ақылыңды аяма бізге» делік!
Шәкәрім Құдайбердіұлы білімді қандай жолмен табуды айтады?
Өшпес өмір, таусылмас мал беретін қандай білім деп ойлайсыңдар?
Білімді, данышпан адам іздеу не үшін қажет?
Ақын неліктен Абайға жалынайық дейді?
Абай атадан нені үйренуге болады?
Өзің Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы не білесің?
|
|
5. Шығармашылық жұмыс
4-тапсырма: Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңінен үзінді оқыңдар. Ондағы қарамен жазылған өлең жолдарының мағынасына мән беріңдер. Өзіңе ұнаған өлең шумағын дәптеріңе жазып ал.
«Анадан алғаш туғанымда...»
Еңбекке шыда, ебін тап та,
«Сабырдың түбі – сары алтын».
Өзімшіл болма, көпті ардақта,
Адамның бәрі – өз халқың.
Адамдық борышың
Адамдық борышың,
– Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта оны біл.
Анық пен танық
Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек,
Мұрын иіс, тіл дәмнен хабар бермек.
Бесеуінен мидағы ой хабар алып,
Жақсы, жаман әр істі сол тексермек.
5-тапсырма Мәтінді оқыңдар. Адам өзін-өзі қалай түзету керек деп ойлайсыңдар? Өз ойларыңды айтыңдар.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Бәйшешек бақшасы
Бұрынғы заманда әлі жеткенге күшпен, әлі жетпегенге айламен
зорлық қылып, ел қақсатқан бір залым ұйықтап жатса, қасынан өтіп бара жатқан үш адамның бірі: «Мына залым кешке дейін оянбаса, талай момын зұлымдығынан аман болар еді», – депті. Сонда тағы біреуі: «Тіпті, ертең де оянбаса игі еді», – дегенде, қалған біреуі: – «Шынында, мұның осы ұйқыдан оянбай қалғаны артық, сөйтсе тамам адам зұлымдығынан құтылар еді» – депті. Әлгі залым ұйқылы-ояу жатып, сөздің бәрін естіпті де, өзіне-өзі «Үш кісі қауым деуші еді. Мынаның бәрі менен безер болды. Ойлап қарасам, тамам адам баласы бір бауыр, бір дене сияқты, әр адам сол дененің бір мүшесі, бір мүше аурулы, зиянды болса, тамам денені тынышсыздандырады. Мен аурулы мүше екенмін де, тамам адамды тынышсыздандырған екенмін. Мен не бұл адамдардың арасынан кетуім керек, не болмаса барша жанға тынышсыз болатын зұлымдықты қоюым керек екен ғой», – деп, бұрынғы мінезін тастап, түзеліп кетіпті.
6-тапсырма Шәкәрім атаның өмірдің мақсаты туралы айтқанын оқыңдар. Өмірдегі өз мақсатың жайлы айтып бер.
*** Адамда екі түрлі мақсұт бар, оның бірін тән мақсұты, бірін жан мақсұты дейміз. Қара басының қамын ойлап, өзімшілдік, мақтан көксейтін – тән мақсұты. Адамшылық ар мен еңбек іздейтін – жан мақсұты. Бастапқыны көксеген адам зұлымдық, қиянатпен болса да, мал, мансап, мақтан табуға құмар болады. Соңғыны көксеген адамның адал еңбек, ақ ниеттен басқа іздейтіні жоқ, ол адам баласын ала көруді, қиянат қылуды тіпті ұнатпайды.
Қорытынды: Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы Шыңғыс тауы бӛктерінде дүниеге келген. Шәкәрім Абайдың немере інісі. Шәкәрім ата-анасынан ерте айырылады. Абайдың қамқорлығында болған Шәкәрім саналы, талантты ақын болып қалыптасады. Ол жақсылық, әділдік, ақыл-сана, білім-ғылым туралы ӛлеңдер жазған. Оның домбыра, гармонь тартатын ӛнері болған. Шәкәрімнің жақсы қасиеті – ӛз бетінше ізденіп-оқуы. Ол бірнеше тіл білген. Шәкәрім Құдайбердіұлы – ақын, ойшыл, тарихшы.
|
|
6. Топпен өлең айту. Өлеңі: Әбдіраш Жарасқан
Абай біздің бабамыз Әні: Баянғали Әлімжан
Өлеңі ақыл,
Өзі аңыз,
Абай біздің бабамыз.
Өсиетін сондықтан
Санамызға жазамыз.
Қайырмасы: «Бес нәрсеге қашық бол,
Бес нәрседен асық бол!»
Деген жырын Абайдың
Жиі-жиі айтып тұр.
Өтірікпен, өсекпен,
Өмірлері бос өткен.
Адамдарды ұлы Абай
Шығарыпты есептен.
Еңбекпенен, талаппен,
Әрбір күнін ән еткен.
Балалардан ұлы Абай
Адамшылық дәметкен.
|
|
7. Үй тапсырмасы.
1. Тілеген Шопашевтің «Жеткіншекке» өлеңін жаттап келу.
|
|
8. Соңғы тыныштық сәті.
Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. № 5 сабақ
Сабақтың тақырыбы: АДАМ БОЛ!
Құндылық: Ақиқат.
Қасиеттер: шындықты айту, басқалардан жақсылықты іздеу, оптимизм, кішіпейілдік
Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.
Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13
Сабақтың мазмұны:
|
Ресурстар
|
Сабақтың мақсаты: Ақиқат құндылығы рухани-адагершіліктің бастауы екендігі туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: - тек шындықты айтуды үйрету;
Дымытушылық; - басқалардан жақсыны көре білуге баулу;
Тәрбиелік: - оптимистікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
|
Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор
|
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру.
Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Тілеген Шопашевтің «Жеткіншекке» өлеңін жатқа айту.
|
|
3. Дәйексөз.
Мінез – адамның айнасы. Әбу Насыр әл-Фараби
Мінез дегеніміз не?
Мінездің түрлерін ата?
|
|
4. Әңгімелеу. Мамытбек Қалдыбай
Аңызда да шындық бар
– Сұрағың болса, сұра. – Әуелі әлденіп алайық, Бауке. – Е, мейлі, «қонақ қойдан жуас» дегенді мен шығарған жоқпын ғой, қарағым. Тез қимылдап, ортаға журнал столын қойып, дастар қан жайдым. Бағаналы бері Баукеңнің сөзін бөлуге батпай, қипықтап жүрген жұбайым енді еркін қимылға көшті. Қазақша ет асқан едік, бірақ Баукең оған бір рет те қол салмады. – Тамақ тан, мына қазыдан алсаңызшы! – деген маған көзін аларта қарап: – Әй,қарағым,«алдына ас қойдым,екі қолын бос қойдым» деген қайда? Мен жегім келсе, сен алыңыз демесең де, жеймін ғой. Тәбетім шаппай отыр, – деді жақтырмай. – Келгелі бері жөндеп нәр татқан жоқсыз. Бұл ағзаңызға зиян ғой. Баукең мырс етіп күлді. – Әнеугүні үлкен қызым Ақан: «Әке, екінші тәулік тамақ ішкен жоқсыз. Құр жатасыз да қоясыз, ешкіммен сөйлеспейсіз, Мұныңыз қалай? – деді. – Қызым, мен ойланып жатырмын. Ойланған кезімде тамақ есімнен шығып кетеді. Таң қалып қарап: – Рас па?– деді. –Табиғаттың бір қызығы – басыңа ойлар келгенде, қарның ашпайды екен. Ал кейбір кісілердің тамақсау келетіні – ойланбайтынынан болса керек. Қызым таңырқап не дерін білмей тұрып қалды. – Қарын ашпаудың себебі, қызым, күллі ағзаны ой билеп кетеді екен. Ол таңыр- қаған күйі бөлмемнен үнсіз шығып кетті. – Бір қызығы, мен тамақты аз жесем де, арықтап көрген кісі емеспін. Қысқасын айтқанда, тамақтың екі түрі болады екен. Бір түрі – кәдімгі өзіміз жеп жүрген тамақ. Түсіндің бе? Онсыз өмір сүру мүмкін емес.Екінші түрі – рухани тамақ. Рухани тамағың болып тұрса, соны ойлап, толғанып жатсаң, қарның ашпайды екен. Ал рухани азығы жоқ адамдар қай жақта асхана, кафе, мейрамхана бар, үйге барғанда не жейміз дейді екен. Қасиетті кітаптан оқығам, бір пайғамбар үйінен кетіп қалып, таудың ішіне барып, қырық күн аш жатады. Жұрт іздеп таппайды. Қырық күн ӛткен соң, өзі қайтып келеді. – Тақсыр-ау, тамақсыз қалай жан сақтадыңыз? Аң аулап жейтін қаружарағыңыз болған жоқ. Қалайынша аштан өлмедіңіз? – дейді жұрт. – Мен қырық күн ойланып жаттым. Ойланған кісі аш бола ма? Не деп отырсыңдар?! – деп тастапты. Әрине, бұл – аңыз. Дегенмен, қарағым, аңызда да шындық бар.
Бауыржан ата өзінің тамаққа тәбеті жоқтығын қалай түсіндірді?
Ойлану адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Рухани тамақ дегенді қалай түсінесіңдер?
«Рухани тоқ адам» деп қандай адамды айтуға болады?
Өзің қандай адам болғың келеді?
|
|
5. Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма: Нақыл сөздерді оқып, мағынасын ұғып алыңдар. Нақыл сөздердің ішінен түйінді сөздерді теріп жазыңдар.
Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға алдымен табандылық қажет. Әл-Фараби
Үйренер нәрсең – білім мен мейірімділік. Ж. Баласағұни
Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл. Шәкәрім
Ар-намысың, жан-жүрегің қалай әмір етсе, солай істе.
Василий Сухомлинский
Адамның шын мағынасымен «Адам» болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүюі шарт. Мағжан Жұмабаев
2-тапсырма Мәтіндегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып оқыңдар. Қажетті сөздер: бала, арық, жолаушы, алғыс, суарады, шашады, добын, жүзігін, қолғабыс, мейірімділігі, жақсылықтың, жем.
Марат Тоқашбаев
Мейірім шуағы Баяғыда Мейірім дейтін ... болыпты. Ол ыстық күнде шөліркеген бақты көріп, арықтармен су жүгіртіп .... Аяғы сынған тауықты көріп, оны орнына салып, сыртынан таңып тастайды. Шөжелеріне ... шашады. Жылап тұрған кішкентай баланы кездестіріп, оның суға ағып кеткен ... шығарып береді. Көрші әжейдің отынын үйіне жеткізіседі. Күн өтіп, есінен таңған жолаушыға су әкеп береді. Үйде анасына ... жасайды. Бәрінен ... алады. Бірде сол елдің ханы арықтан өтіп бара жатып, гауһар ... жоғалтады. Оны ұрлап алды деп Мейірімнен көреді. Жазаламақ болып жатқанда оның ... мен адалдығына добын жоғалтқан бала мен көрші әжей, сусаған ... куәлік етеді. Сонда Мейірімге жасалған қиянатқа шыдамаған ... өзінен өзі тартылып, балапандарын ерткен тауық арық табанынан шұқылып жүріп жоғалған гауһар жүзікті тауып береді. Содан бері жасалған ... бәрі мейірімділік деп аталатын болыпты.
3-тапсырма Өлеңді оқыңдар. Өлеңде айтылғандарға сүйене отырып, «Мен әдепті баламын» тақырыбында эссе жазыңдар.
Тілеген Шопашев
Жеткіншекке
Автобуста қысылып, Ақыл айтса – пайымдап,
Таппаса орын кәрі адам, Ақырын тос, тыныш тұр.
Ұшып тұрып ұсынып, Сабағыңды дайындап,
Өз орныңды бер оған! Үйдің ішін жиыстыр!
Келсең үйге сабақтан, Дәптеріңді шимайлап,
Міндетіңді біл ұғып. Кітабыңды кірлетпе!
Уақтылы тамақтан, Күтіп ұста абайлап,
Уақтылы тынығып. Жыртылмасын бір бет те! Денесін кіл баптаған, Қайта-қайта өшіріп, «Тәні саудың – жаны сау». Қағазыңды былғама! Тазалығын сақтаған Көршің жазса, көшіріп, Балалардың бәрі сау. Біреудікін ұрлама!
Ұқыпты бол тырнаққа, Табаныңнан құр тозбай, Қылаудай кір жуытпа! Біл жүретін жолыңды! Тісің менен құлақты Болса үстің мұнтаздай, Тазалауды ұмытпа! Киімің де қонымды.
Қорытынды Адам болу – бұл өзіңнің адамгершілік қасиеттеріңді іс жүзінде көрсете білу. Адамның адамшылығы оның ісәрекетінен, басқа адамдармен қарым-қатынасынан байқалады. Басқа адамдарға мейірімді, қайырымды болу, қол ұшын созу, жәрдем беру – нағыз адамның ісі. Ӛзің үшін, өзгелер үшін, қоршаған орта үшін, әлем үшін сезімталдық таныту, жауапкершілікті сезіну, әділ болу – адамға парыз. Адам болу – ол жағымды ойлау, бәрін жақсы көру, мінезіңді жақсарту, жақсылық жасау дегенді білдіреді. Әр адам күнделікті өзінің ойына, сөзіне, ісіне есеп беріп отыруы тиіс. Шалва Амонашвили
|
|
6. Топпен өлең айту.
|
|
7. Үй тапсырмасы.
1. Шәкен Күмісбайұлы «Жан дүнием» жатқа айту.
|
|
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.
Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
|
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. №6 сабақ
Сабақтың тақырыбы: АДАМ БОЛ!
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: уәдені орындау, ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлау, тілалғыш болу, батылдық.
Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.
Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13
Сабақтың мазмұны:
|
Ресурстар
|
Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;
Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;
Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.
|
Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор
|
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Шәкен Күмісбайұлы «Жан дүнием» жатқа айту.
|
|
3. Дәйексөз.
«Үлкен алдында жас парызы, ата алдында бала парызы
– әдеп пен сый» Мұхтар Әуезов
|
|
4. Әңгімелеу.
Жүректегі ой (аңыз)
– Ата, не деп сыбырлап жатырсың? - деп сұрады, атасының ұйықтар алдында өзімен-өзі күбірлеп жатқанын байқаған бала. – Мен ойды Жүрекке салып жатырмын, балақай... – деп жауап берді ол. Бала таңғалды: – Ол қалай? Дана қарт былай деді: – Мені ренжіткен көршіммен ұрысқым келмейді, бірақ не істеу керектігін де білмеймін. Мінекей, содан ойды Жүрекке салып, ұйықтаймын, ал таңертең Жүрек не істеу керектігін айтады.
– Жүрек оны қайдан біледі, ата? – Жүрек бәрін біледі, мен одан өмір бойы сабақ алып келемін. Саған да айтарым: қиын сұраққа жауап іздегенде, бір нәрсе түсініксіз болғанда ұйықтар алдында ойды .,Жүрекке салып қой, ал таңертең саған жауап келеді. Мұны тек сеніммен жаса.
Жүрек адамға қалай қызмет етеді?
Ойды Жүрекке салудың мәні неде деп ойлайсыңдар?
«Жүрек бәрін біледі» дегенді қалай түсінесіңдер?
Өзің жүрекке салып ойланып көрдің бе?
|
|
5. Шығармашылық жұмыс
4 тапсырма: Өлеңді оқыңдар. Ондағы қарамен жазылған өлең жолдарының мағынасын ашып түсіндіріңдер.
Шәкен Күмісбайұлы
Жан дүнием
Жан дүнием ізгіліктен жаралған
Жүрегімнен күн шуағы таралған.
Адамдарды ардақ тұтып аялап,
Тек жақсылық жасай беру – бар арман.
Бұл өмірде не болмайды күнбе-күн,
Сәтсіздікке ұшыраса кімде-кім,
Сол заматта жетіп барып қасына,
Көмектесу – адамшылық міндетім.
Секілденіп көңілдің көк қыраны,
Әншілердің асқақтаса бір әні,
Қуанышты күйге жаным бөленіп,
Бар адамды құшқым келіп тҧрады.
5-тапсырма Адам мінезі туралы нақыл сөздерді оқыңдар. Өзіңе «Мінездеме» жаз.
Адам баласына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Әбу-Насыр әл-Фараби
Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.
Әбу Насыр әл-Фараби
Мінез-құлық–әркімнің өзін көрсететін айна. Иоганн Гете
Байыптылық – мінездің негізі. Оноре де Бальзак
Ең зиянды адам – мінезі тайғақ, екі сөйлейтін адам.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.
Әлихан Бөкейханов
6-тапсырма: «Мінез» сөзіне сәйкестендіріп қажетті сөздерді торкөздерге орналастырыңдар. Қажетті сөздер: еңбек, білім, арман, тазалық, өнер.
Қорытынды: Адамды бір-бірінен ерекшелендіріп тұратын өзіне тән мінезі болады. Жақсы мінезді адам басқа адамдармен дұрыс қарымқатынас жасай біледі. Жақсы мінезді адамның ойы таза, сөзі сыпайы, ісі ізгі болады. Мінезің жақсы болса, кез келген ортаға тез сіңісіп, оңай тіл табыса аласың. Әр адам өз мінезінің жақсы жақтарын дамытып, кемшілік тұстарын түзетіп отыруы керек. Мінезді жақсарту әркімнің өз қолында.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |