Сабақтың тақырыбы: Адамзат мәдениетінің рухани адамгершілік әлемі Құндылық: Ақиқат



бет7/13
Дата14.11.2019
өлшемі350,01 Kb.
#51743
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
1-34с. 4-сынып




Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. № 17 сабақ



Сабақтың тақырыбы: ДЕРБЕСТІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:

Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.

Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13

Сабақтың мазмұны:

Ресурстар

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;

Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Әдібай Табылдының «Өзім істеймін» сахналап келу.






3. Дәйексөз.

Жауапкершілікті сезінуден жан атаулы биіктейді.

Стефан Цвейг



  • Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар.




4. Әңгімелеу.

Асыранды қаздар

Атам екеуміз көл жағалап келе жатыр едік, бір топ қаз қаңқылдай көтеріліп, төбемізден аса ұшты.

- Ата, біздің үйдегі қаздар неге мыналар құсап, самғап ұша алмайды, - деп сұрадым атамнан. Атам аспай-саспай бетіме бір қарап алды да, басын көтеріп, ұшып бара жатқан қаздарға қарады.

- Балам, өз бетімен еңбек ете білу керек. Бір кездері біздің үйдегі қаздар да аспандап ұшқан. Олар өз бетімен тіршілік еткен. Бертін келе адам қолға үйретіп, қорадан шығармай ұстады. Дайын тамақ, әзір ас, жегені – алдында, жемегені – артында. Қабырғасы қалыңдап, жүрегін май басты. Егер өз бетіңмен еңбек етпей, үнемі біреуге иек арта берсең, сен де асыранды қаздарға ұқсап, бойыңдағы қабілетіңнен айырыласың. Самғап биікке ұша алмайсың. Шынында да солай ғой осы!



- Атасының немересіне айтқан ақылынан қандай ой түйдіңдер?

- Өз бетімен еңбек ету дегенді қалай түсінесіңдер?

- Дербестік адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

- Дербес адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

- Сенің бойыңда дербестік бар ма? Айтып бер.




5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: «Дербес адам қандай? Осы сұраққа ойланып, дербес адамды сипаттайтын сөздерді тауып жазыңдар.

Дербес адам


Ынжық

Бедлсенді

Күйгелек



Еңбекқор

Саналы

Табанды


2-тапсырма: Суретте бейнеленген көбелектің қанатындағы сұрақтарды оқып, оларға жауап жазыңдар.

  1. Дербестік дегеніміз не?

  2. Дербес адамның бойында қандай қасиеттер болады?

  3. Дербестік қандай әрекеттерден көрінеді?

  4. Дербестік не үшін керек?


3-тапсырма: Мәтінді оқыңдар. Рөлдерге бөліп, сахналап көрсетіңдер.

Өзім істеймін Әдібай Табылды

Қатысушылар: Әсем – әже, Аяжан – анасы, Тұмаржан – қызы.

Ортаңғы бөлмеде Аяжан ана үй сыпырып жүр.

Бастаушы: Тұмаржан бес жасқа толғалы әрбір істі «өзім істеймін» дейтін болды.


  • Тұмаржан (анасынан сыпырғышты алып). Апатайым, еденді өзім сыпырам, сыпырғышты маған беріңіз. Міне былай сыпырам...

  • Аяжан: Жарығым, талабыңнан айналайын! Бес жасқа толдың, көмекшім болдың. Аллаға шүкір...

  • Тұмаржан: Анашым, еденді сыпырып болдым, енді әжеме шай берем. Аяжан ананың әдемі жүзі құлпырып кетті.

  • Аяжан: Мақұл, ботам. Әжеңе өрік, мейіз, қант, жұмсақ нан қою керек.

  • Тұмаржан: Әжеме асты талғап беруді білем, анашым. Сіз жұмысқа бара беріңіз.

  • Әсем әже: Қамқорлығыңнан айналайын, ботам.

  • Тұмаржан: Әжетай, сізге шайды өзім қайнатып берем.

  • Әсем әже: Талабыңнан айналайын, жарығым...Қолыңды күйдіріп алма.

  • Тұмаржан: Мен өзім, былай, байқаймын ғой... (Тұмаржан газпештің отын тұтатам деп, байқаусызда саусағын отқа шалдырып алды. Бірақ ол әжесіне білдірмей, от шалған саусағын аузына салып, ештеме сезбегендей болды).

  • Әсем әже: Жарығым-ау, саусағыңды күйдіріп алған жоқсың ба?

  • Тұмаржан: Әжетай, жәй әншейін... Енді газпешті жағуды үйрендім. (Тұмаржан сықылықтап күлгенде, әжесі қоса күледі).

  • Әсем әже. Ӛздігіңнен тірлік істегеніңнен айналайын, жарығым. (Әсем әжесі немересінің маңдайынан сүйіп, қуанып қалады.)



Қорытынды: Дербестік алдына мақсат қоюға көмек беретін және мақсатқа жету жолдарын таба білетін, қабылданған шешімдерді орындай алатын адамның қасиеті. Дербес адам туындаған жағдайларды өз бiлiмiмен, сенiмқабiлетiмен шешуге тырысады. Ол өзiне басқа адамдардың айтуын, нұсқауын күтiп отырмайды. Мұның үстiне ол өз көзқарасын, мiндетін, мақсатын және оны жүзеге асыру жөнiндегi өз түсiнiгiн дәлелдеп, қорғай алады.





6.Топпен өлең айту. Өлеңі: Хасенхан Талғаров

Дос болайық, бәріміз! Әні: Ибрагим Нүсіпбаев

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз. Қ-сы: Дос болайық, бәріміз!

Ілгері жүріңдер, Жарасып тұр әніміз.

Достық жырын біліңдер, Тыныштықты сақтаймыз,

Ту ғып ұстап бірлікті, Атсын күліп таңымыз.

Еңбекті сүйіңдер!

Қайраттанып қарышта,

Озып шыққан жарыста, Қ-сы. Отан біздің панамыз,

Батыл бас, жас ұлан! Аман жүрсін анамыз,

Самға биік, алысқа, Нұрлы күн сөнбесін.

Жұлдыздарға, ғарышқа, Бақыт болып жанамыз,

Бойда күш тасыған. Жарық біздің санамыз,

Қара бұлт төнбесін.






7. Үй тапсырмасы.

1. Хасенхан Талғаров «Дос болайық, бәріміз!» жаттап келу.






8. Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.







Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. № 18 сабақ



Сабақтың тақырыбы: ДЕРБЕСТІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:

Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.

Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13

Сабақтың мазмұны:

Ресурстар:

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;

Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Хасенхан Талғаров «Дос болайық, бәріміз!» жатқа айту.






3. Дәйексөз.






  1. Әңгімелеу.

Толағай (Аңыз)

Бұрынғы өткен заманда апайтөс Арқаның бел ортасында бір қауымдық жұрт өмір сүріпті. Шұрайлы жерден қоныс алған малға да, жанға да бай өлкенің тұрғындарында: «Бізде барлығы да бар. Бірақ сол мал-жанды қорғайтын батырымыз болса екен», - деген бір ғана армандары болыпты. Күндердің күнінде бір отбасында алтын айдарлы алып бала дүниеге келіп, ел-жұрты болып үлкен той жасайды. Сол нәресте жыл санап емес, күн санап ержете бастайды. Туған-туыстары да көркейіп келе жатқан баланы өз атымен атамай, көз тимесін деп, Толағай дейтін болыпты. Сөйтіп баланың аты Толағай атанып кетеді. Күндердің бір күнінде жер қуаңшылық тартып, жаңбыр болмай, ел күйзеліске ұшырайды. Халықтың басына түскен ауыртпалық Толағайды қатты мазалапты. Сонан бері Толағай Дана деген қарт ақсақалға барып, ақыл сұрапты. Сонда қарт айтқан екен: «Қарағым, Толағай, біздің жеріміз жазық, бұлт үйіріліп тоқтай тын тауы жоқ. Жаңбыр- дың болмауы сол себептен», - дейді. Толағай: «Ата, сіз рұқсат етсеңіз, мен барып бір жерден тауды арқалап алып келсем болмай ма?» - дейді. Сонда қарт айтқан екен: «Шырағым, Толағай, еліңді ойлап егіліп тұрсың-ау! Тау арқалап әкелу оңай емес. Дегенмен, ондай талабың болса, оңтүс тік өлкеде Алатау деп аталатын таулардың атасы бар, рұқсатты содан сұрарсың», - деп батасын береді. Сөйтіп тауды арқалап әкелуге сайланған Толағай сапарға шығыпты. Арада ай өтеді, жыл өтеді. Бір күндері ақ басты Алатауға жетіп, «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем беріпті, өзінің талап-тілегін айтыпты. Маңғаз Алатау талапты ерге зор қошемет көрсетіп, етегінде орналасқан бала тауды Толағайға арқалатып қоя береді. Алғашқыда аяғын ширақ басқанымен иығына түскен салмақ еңсесін басып, бірте-бірте әлсірей бастайды. Арада көп уақыттар өтеді. Арқасында тау, әбден әлсіреген Толағай елінің шетіне іліге бере тізесі бүгіліп, құлап түседі де ұйқыға кетеді. Арқасындағы тау болса, батыр жігіттің үстінен басып қалыпты, Сонан сол Толағай күні бүгінге дейін тау астында ұйықтап жатыр дейді. Ал әлгі бала тауды ел «Толағай» деп атап кетіпті.



  • Балаға неліктен «Толағай» деп ат қойды?

  • Толағай не үшін тауды арқалап келмекші болды?

  • Толағайдың іс-әрекетін қалай бағалауға болады?

  • «Елге қызмет ету» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Дербес адамнан қандай үлгі алуға болады? Айтып бер.


Апайтөс – кең кеуделі.

5. Шығармашылық жұмыс

4-тапсырма: Жауапкершілікті адам қандай болу керектігі туралы өз ойларыңды жалғастырып жазыңдар.

1. Жауапкершілікті адам өзіне тапсырылған жұмысты дер кезінде орындайды.

2. Жауапкершілігі мол адам ... .

3. ... .

4. ... .

5-тапсырма: Тірек сөздерді пайдалана отырып, әңгіме құрастырып айтыңдар. Тірек сөздер: тазалық, жинау, балалар, көмек, жауапкершілік, ұқыпты, еңбексүйгіш, уәде, орындау, ризашылық.
6-тапсырма: Мәтінді оқыңдар. Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрастырып айтыңдар. Мұрат Сыздық

Өкініш

Атасының тапсырмасын орындап тастамақшы болып Қайырбек қораға қарай беттеді. Дарбазаның сыртынан біреудің ысқырғаны естілді. – Қайырбек, жүр кеттік. «Бірлік» ауылының балалары келіпті. Осы жолы оларды нӛлмен қатырмасақ па? – Әттеген-ай-а!– деп Қайырбек басын шайқады. – Атам фермадағы бір танысы нан есектің қамытын алған екен.«Соны апарып тастарсың»?деп еді.

– Өй, бар болғаны сол ма? - Жақып көңілдене күліп қойды. – Кешке дейін әлі талай уақыт бар. Үлгересің... Көп қиқаңды қойып, бізбен жүр.Олардан өткен жолғы қарымтаны қайтармасақ болмайды. Кездесе кетсе, мазақ қылады. Қайырбек желкесін қасып сәл тұрды да: – Мейлі ендеше, – деп, балалармен бірге футбол ойнайтын алаңға тартты. Жолшыбай атасы кездесті. – Қайырбек шырағым, қамытты апарып бердің бе? Қайырбек не дерін білмей абдырап: – Иә, ата, апарып тастадым, – деді. – Әп, бәрекелді. Өркенің өссін, қарағым! – Атасы риза кейіппен Қайырбекке көзін сығырайта қарап, күміс сақалын уыстай сипап қойды. Қайырбек үйге кештете оралды. «Бірлік» футболшылар ын ойсырата ұтқаннан кейін, масаттанған балалар Қаракөлде әбден асыр салды. Көлдің ортасындағы аралдан бүлдірген терді, жасырынбақ ойнады. Ойын қызығына берілгені соншалық – күннің батқанын да байқамай қалды. Үй іші кешкі асқа отырды. Ас үйде әжесімен амандасқан біреу дабырлай кіріп келді. – Кеш жарық! – Оу, Келденбісің. Жоғары шық!? - деп атасы кӛңілдене дауыстап, кешкі қонақты төрге шақырды. – Шығамыз ғой. Айтпақшы, құрдас, қартайғанда өтірік айтатын болғанбысың. Бүгін аласың деген қамыт қайда? Үйдегілер «қамыт әкелген пендені көрмедік» деп ант-су ішеді. – Апармағаны қалай? Қайырбек шырағым... – атасы түсін суытып, немересіне қарады. Қайырбек ұяттан кірерге тесік таппай, көзімен жер шұқыған қалпы үнсіз отырып қалды.

Қорытынды: Жауапкершілік – адамның өз міндетін, тапсыр ылған істі орындап шығуы. Жауапкершілігі бар адам сол істің мән-жайын жете түсінеді. Ондай адам тапсырылған істі мезгілін де атқарады. Айтқан сөзінде тұрады, ісіне жауап береді. Жауапкершілігі мол адам өзі үшін және басқалардың абыройы үшін өзін жауапты сезінеді.




6. Топпен өлең айту.





7. Үй тапсырмасы.





8. Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.








Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. № 19 сабақ



Сабақтың тақырыбы: БАТЫЛДЫҚ ПЕН ТАБАНДЫЛЫҚ

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:

Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.

Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13

Сабақтың мазмұны:

Ресурста

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;

Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.






3. Дәйексөз.

Ержүректілік пен батылдық жүректен шығуға тиіс.

Бауыржан Момышұлы



  • Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар.




4. Әңгімелеу. Сейілғазы Әбдікәрімов

Өрт

Күн сенбі. Сабақтан шыққан Мақсұт Жарбұлақ селосының жағасынан он бес шақырым жердегі үйіне бармақшы болып велосипедпен жолға шықты. Ол әр демалыс сайын совхоздың бір отар қойын бағып жүрген әке-шешесіне барып, олардың көңілін көтеріп, бір уақыт өзінің қолғабысын тигізіп, көмектесіп қайту оның соңғы кездері бойына сіңген жақсы әдеттер- інің бір еді. Мақсұт күндегісіндей емес, бүгін өте көңілді. Ол екі пәннен қатарынан қос «бестікті» бірдей алған. Содан ба, әлде үйіне барып, ертең әкесімен бірге қыраттарға шығып, қой бағысып, күзгі табиғат көркін тамашалайтындығын ойлағандықтан ба, әйтеуір, көңілі тым көтеріңкі. Көк велосипедімен еңіс-ылдиларда зырылдатып, белес-белес кезеңдерде баяулатып келеді. Күн көзі ашық болғанымен қарсы алдынан аздап соққан самал бар. Ауыл ға жақын қалғанда төменгі сайда көршілес отырған Аршынбай деген шопан бар еді. Енді міне сол шопанның үйі лаулап жанып, өртеніп жатқанын көріп бойы түршігіп кетті. Мақсұттың тұла бойы бір ысып, бір суып екі беті тызылдады. Арғы беткейден Аршынбайдың әйелі ойбайлап, бажылдап зыр жүгіріп келеді екен. Мақсұт ойланбастан, тура өртеніп жатқан үйге тартты. Жақындап келіп, үйдің ішінде шырылдап жылап жатқан жас баланың дауысын естіді. Не істеу керек? Жас баланы мына тілсіз жаудан қалай құтқарып, аман сақтап қалу керек? Өртті сөндіріп болғанша бірталай уақыт өтеді. Ол уақытқа дейін кім бар, кім жоқ. Қой бұлай қарап босқа тұрмау жөн, іске кірісу қажет. Қара қою түтінмен араласа лапылдап жалп-жалп етіп лаулаған жалын үйдің тек бір жақ босағасын алып барады. Енді сәл кешіксе, ана шаңырақта өртеніп опырылып ортаға түсері хақ. Бала да бір тажалдың жақындап келе жатқанын сезіп онан ары жан ұшыра бебеу қағып безілдейді. Тамағы қарлығып қалған ба, бала үні қырылдап шығады. Мақсұт қас-қағым сәтте лапылдап жанып жатқан қызыл күрең жалынға қойып кетті де, үйдің ішіне кіріп жоқ болды. Үй іші қара түнек. Көкірегін қоңырсыған жалын аралас көк түтін қарып, тұншықтырып барады. Шырылдаған жас баланың зар қағып, безілдеп жылаған дауысы Мақсұттың дәл жанынан естіледі. Ащы түтін, ыстық жалын, жанып жатқан мүліктер мен кереге-уықтардың қорқынышты шытырлаған дыбыстары Мақсұттың есін шығара алмады. Ол асығып, аптығып, сасқан жоқ. Әлгі баланың дауысы шыққан жаққа екі қолын ілгері соза түсіп алға ұмтылып келеді. Лаулаған жалын мен көк түтін арасынан ешнәрсені көре алмайды. Көзінен жас та шықты. Ашытып барады. Бірақ Мақсұт шыдады. «Қалай болған да да мына сәбиді құтқаруым керек» деп тістеніп алды да, «осы тұста болу керек» деп ұстай алғаны жанып жатқан көрпе не киіз болып шығады. Қолы отқа қарылып, көйлегі де жана бастаған. Безілдеген баланың жылауы әлсіреп бара жатқанға ұқсайды. Мақсұттың қолы ақыры балаға да тиді-ау, әйтеуір денесінің күйе бастағанын елеместен, баланы қапсыра құшақтап, далаға қарай құстай ұшты. Бетін, қолын аздап жалын шалғаны болмаса бала аман екен... Көп ұзамай Мақсұттың өрт оқиғасынан болған аздаған жаралары жазылып, мектепке келді.



  • Мақсұттың бұл іс-әрекетінің себебі неде?

  • Батылдық қандай жағдайларда көрініс береді?

  • Мақсұттың іс-әрекетінен қандай үлгі алуға болады?

  • Батыл адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

  • Өзіңнің батылдық танытқан кезің болды ма? Қалайша?




5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Әңгімені оқып, «Батыл адам» қандай болуы керектігі туралы ойланып, өз ойларыңды түйіндеңдер.

Жекпе-жек Мұқан Иманжанов

Ол кішкентай бала. Мұнда алыстан, қаладан келді. Жергілікті бала Кәрім есер, тентек. Әлі жеткенге тиісіп, зорлықсыз жүрмейді. Балалар одан қорқады. Қылығын айтпайды. Қорқақтық көрсетіп кетеді. Кішкентай бала оны қорықпай, батыл әшкереледі. Қалайша? Оны демеген күш-көпшілік. Мен қорықпадым. Көпшілік бір тентекке соққы бере алады ғой. Мені оған сабатып қоя ма?.. .- деді ол. Тентек жеңілді. Кішкентай бала дұрыс істеді. Досқа адал көмектеспей, оның кемшілігін батыл айтпай, адам дұрыс тәрбиеленбейді. «Ауыруын жасырған өледі» дейді халық. Сол бір тентек баланың шын досы да әлгі кішкентай болатынына мен күмәнданбаймын. Қауіпке тура қарай алған батыл адам достықты да қадірлей біледі.


2-тапсырма: Жұмбақты шешіңдер, олардың батылдығы туралы парталасыңмен әңгіме құрастырыңдар.

Мерген қыздың аты кім? Жау атқышын дзоттан,

Құралайды көзге атқан, Мерген қызды айтшы, сен

Бір атқанда жүз атқан. Өткің келсе, сынақтан.

Қағып түскен бір оқпен (....Әлия.)

«Максимкасы» есіліп, Айта қойшы, сен қане,

Тайраңдаған есірік, Батыр қыздың есімін.

Қырып жаудың қосынын,

Аңыз болған осы күн, (.....Мәншүк)

3-тапсырма: Сөйлемдерді өз ойларыңмен жалғастырып, дәптерге жазыңдар.

Батылдық дегеніміз ...

Батыл іс деп ...

Батыл адамның бойында ...

Батыл болу ...

Қорытынды: Батыл адам – батыр адам. Батылсыздық іске шамасы келмеуден де нашар. Ағын су емес, тұрып қалған су бұзылады. Біреулер басқалар түртіп қалмайынша, бір де қадам жасамайды. Себеп – ақылдың таяздығында емес, босаңдығында. Қиындықты көре білу үшін ақыл керек, ал одан шығудың жолын табу үшін кемеңгерлік қажет.




6. Топпен өлең айту.





7. Үй тапсырмасы.

1. Жұмаш Кенебаев «Нағыз батыр ол маған» жаттап келу.






8. Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет