Сабақтың тақырыбы: Адамзат мәдениетінің рухани адамгершілік әлемі Құндылық: Ақиқат



бет10/13
Дата14.11.2019
өлшемі350,01 Kb.
#51743
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
1-34с. 4-сынып



Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. № 25 сабақ



Сабақтың тақырыбы: ТАБИҒАТТЫҢ ЖАНДАНДЫРАТЫН КҮШІ

Құндылық: Ақиқат.

Қасиеттер: шындықты айту, басқалардан жақсылықты іздеу, оптимизм, кішіпейілдік

Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.

Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13

Сабақтың мазмұны:

Ресурстар

Сабақтың мақсаты: Ақиқат құндылығы рухани-адагершіліктің бастауы екендігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - тек шындықты айтуды үйрету;

Дымытушылық; - басқалардан жақсыны көре білуге баулу;

Тәрбиелік: - оптимистікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру.

Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

- «Табиғат» сөзіне құрастырып келген ребустарын қорғайды.






3. Дәйексөз.

Көру мен түсіну қуанышы – табиғаттың ең тамаша сыйы. Альберт Эйнштейн

  • Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар.




4. Әңгімелеу. Бекмырза Баймаханов

Құмды дала қызығы

Жанаргүлдің анасы – ботаник. Жыл сайын өзі сияқты ботаниктермен бірге өсімдіктерді зерттеуге шығады. Әсіресе, өзен-көлсіз, жауын-шашын сирек болатын шөлді-құмды аймақты көбірек аралайды. Биыл жазда олар Құмтауға барды. Анасы Жанаргүлді ала кетті. Мәшинемен ұзақ жүрді. Бала жолда ұйықтап қалды. Ертеңгісін анасы оятқанда, орнынан зорға тұрды. Шатырдан сыртқа шықты. Күн көкжиектен жаңа көтеріліп келеді. Айнала құм шоқылар. Бірімен-бірі ұласып, көштей тізіліп, сонау көз ұшына дейін көсіліп жатыр. Жанаргүл жүгіріп шоқыға шықты. Таңертеңгі сағымнан құм шоқылар, белес-белес белдер биіктей түсіп, асу бермес асқар таудай көрінеді. Тамақтан соң, Жанаргүл анасымен бірге бақылау алаңына барды. Белес-белес құм жоталардың үсті жасыл кілемдей жайнап, жайқалып жатыр. Көк шулан қошақанның құйрығындай тӛңкеріліп бұп-бұйра бұйырқұм мен баялыш, иісі аңқыған жусан, қылқан жапырақты изен мен жүзген, аузыңнан сүт дәмі кетпейтін құмкөсік пен қозықұйрық, айдары желкілдеген құмжуа мен сарымсақ – бәрі-бәрі өседі екен. Жанаргүлдің анасы солардың ішінен изенді зерттеп жүр. Оның өніп - өсу жолын білмек. Бұл аса қажет. Неге десең, изен жазда жауын-шашын болсын, болмасын жақсы өседі. Көктемде ауылдың қой отарлары көктеуге, жайлауға көшеді. Шөбі аз шөл даланы басып өтеді. Егер изенді өсіру әдісін білсе, сол шөл далаға оны себуге болады. Сонда мал шөптен тапшылық көрмейді. Жанаргүл -дің анасы бақылау алаңына күнде барады. Ұзын діңгекті қолшатырдың көлеңкесінде отырып, көрген-білгендерін жазады. Ал Жанаргүл болса, көбелек қуалайды, құмкөсік қазады. Бірде ол изеннің көлеңкесінен басы жалпақ, құйрығы қысқа, төрт аяғы тарбиған бір мақұлықты көрді. Қолындағы таяғымен түртіп еді. Бұтаны айнала беріп, жоқ болды. Жанаргүл әрі іздеді, бері іздеді, таба алмады. Жүгіріп анасына барып айтты.Ол «бат-бат» кесіртке. Сенен қорқып құмға батып, тығылып қалған ғой. Жүр, барып, көрейік, – деді. Келсе, кесіртке әлгі бұтаның түбінде жатыр екен. Ауық-ауық аузын ашады. Көмейінен қып-қызыл жалын шыққандай болады. Сөйтсе, бұл оның өзі қорек ететін шыбын-шіркей- лерді алдап-арбауға арналған айласы екен. Бір күні құмкөсік қазып жүріп, Жанаргүл өзінің жұдырығындай тасбақа тауып алды. Ол да құм астында жатыр. Тірі. Қазып алып, қызған құмның үстіне қоя беріп еді, көлеңке қуып, тарбаңдай жөнелді. Жанаргүл жанына барып еді, мойнын ішіне тартып, тыпыр етпей жата қалды. Сөйтсе, сыртында сауыты бар тасбақа да шыжыған шілдеде, апшыны қуырған аптапта ыстықтан қашып, қалың құмға көміліп, бас сауғалайды екен. Тасбақаның шөлге көмбістігі содан болса керек. Жанаргүл тапқан олжасы – құртақандай тасбақаны алып келіп, өзінің балалар бақшасын- дағы жан-жануарлар бұрышына тапсырды. Бөбектер тасбақаны көріп, мәз болысты.



  • Жанаргүлдің анасы қандай зерттеу жұмысымен айналысты?

  • Жанаргүл табиғатты қалай қызықтады?

  • Жанаргүл кесіртке туралы не білді?

  • Тасбақаның қандай ерекшелігі Жанаргүлді таң қалдырды?

  • Жанаргүл достарын табиғат сыйымен қалай қуантты?

  • Өзің табиғатқа зерттеу жүргізіп көрдің бе? Айтып бер.




5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Жаз мезгілі қызыққа толы. Әсіресе, көздің жауын алатын гүлдер мен алуан түсті көбелектер көңілге қуаныш сыйлайды. Оларды әсемдігі бірінен бірі өткен нағыз өнер туындысы дерсің. Жаздың жайдары күндерінде гүлдер мен көбелектерге зер салып, қызықтап көріңдер.

  • Табиғаттың осы таңғажайып көріністерін бақылап, өз әсерлеріңмен бөлісіңдер.

2-тапсырма : Мәтінді оқыңдар. Кестені толтырыңдар.

Айлар сыры

Қаңтар – қыраулы қыс – суықтан қорықпа!

Ақпан – қақаған аяз – суыққа шынық!

Наурыз – мұз еріді – құлақшыныңды шеш!

Сәуір – жауын жауды – қолшатыр ұста!

Мамыр – жер көгерді – көкке шық!

Маусым – гүл қаулады – гүлдесте жаса!

Шілде – жидек пісті – тоғайға бар!

Тамыз – жер ысыды – жалаң аяқ жүр!

Қыркҥйек – жеміс пісті – баққа бар!

Қазан – салқын түсті – суға түспе!

Қараша – күн суыды – жылы киін!

Желтоқсан – қар қылаулады – қыс келді!



Табиғаттың адамға сыйы

Адамның табиғатқа жақсылығы








Қрытынды: Табиғаттың өзінде ерекше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар. Ұшы-қиыры жоқ теңіздей шексіз даланы неше алуан шөп басып, үлбіреген нәп-нәзік гүлдер бейне жасыл дастарқандай боп жайылады. Дала тұрғынын басқаша көрініс, басқаша табиғат қоршайды. Жайқалған өзен, кең айдыны тұнық та жарқын. Үйрек, қаз, аққулар су бетінде әсем қалықтап жүзеді, қиқулап үн қосады. Бәрі де орынды, жарасымды. Шоқан Уәлиханов





6. Топпен өлең айту.

1. Жарасқан Әбдірашевтің «Тілек» өлең жолдарын жаттап келу.




7. Үй тапсырмасы.

1.





8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.








Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. № 26 сабақ

Сабақтың тақырыбы: ТАБИҒАТТЫҢ ЖАНДАНДЫРАТЫН КҮШІ

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: уәдені орындау, ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлау, тілалғыш болу, батылдық.

Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.

Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13

Сабақтың мазмұны:

Ресурстар

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;

Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Жарасқан Әбдірашевтің «Тілек» өлең жолдарын жатқа айту.






3. Дәйексөз.





Әңгімелеу. Константин Ушинский

Аударған Ілияс Есенберлин



Тоғай ішінде

Екі бала – ағасы мен қарындасы мектепке бара жатты. Олар тамаша көлеңкесі мол кішкентай тоғайдан өтуге тиісті еді. Тоғай іші салқын әрі көңілді болса, ал жол үсті қапырық әрі шаңды еді. – Сен қалай ойлайсың, мектепке баруға біз әлі үлгереміз ғой. Мектеп қазір ыстық та көңілсіз, ал тоғай сондай ғажап екен! Тыңдашы, тоғайда құстар қалай сайрайды! Ал қаншама ақтиін бұтақтан-бұтаққа секіріп жүр десеңші! Біз қазір тоғайға соқсақ қайтеді? – деді ағасы. Ағасының ұсынысы қарындасына ұнады. Екеуі әліппелерін шөпке тастай салып, бірімен-бірі қол ұстасып, жасыл талдар мен бұйра аққайыңдар дың арасына кіріп жоқ болып кетті. Тоғайдың іші шынында, қызық думан, көңілді еді. Құстар дамылсыз ұшып-қонып, ән салып, тоғайды бастарына көтеруде: ақтиіндер бұтақтанбұтаққа секіріп, шыбын-шіркей шөп арасында ызыңдап қаптап жүр. Балалар ең алдымен, алтындай жарқыраған кішкентай қоңызды көрді. – Бізбен ойнасаң қайтеді? – деді балалар кішкентай қоңызға. – Қуана-қуана ойнар едім, қазір уақытым жоқ, бүгін жейтін тамақ іздеп тауып алуым керек, – деді кішкентай қоңыз. – Бізбен ойнашы, – деді балалар сары араға. – Сендермен ойнайтын уақытым жоқ, бал жинауым керек, - деді ара. – Ал сен де ойнамайсың ба бізбен? – деді балалар құмырсқаға. Құмырсқаның бұларды тыңдауға да мұршасы жоқ еді: ол өзінің ғажайып илеуіне өзінен үш есе үлкен сабанды сүйреп бара жатыр еді. Балалар: «Бізбен ойнашы», – деп, ақтиінге де өтініш етіп көрді. Ол өзінің үлпілдек құйрығын бұлғаң еткізіп, қысқы азығына жаңғақ жинауға тиісті екенін айтып, жауап берді. Көгершін: – Өзімнің кішкентай балапандарыма ұя саламын, – деді. – Сұрғылт көжек бетін жууға өзенге асығып жүгіріп кетіп қалды. Бүлдіргеннің ақ гүлдерінің де балалармен ойнауға уақыты болмады. Ол жайма-шуақ күн райын пайдаланып, өзінің шырыны тәтті жемісін мезгілінде дайындауға асығуда еді. Ешкімнің мойын бұруға мұршасы жоқ, ешкім ойнамаған соң, балалар көңілсізденді. Олар жүгіріп өзенге келді. Өзен тастан-тасқа секіріп сылдыр қағып, кішкене тоғайды қуалай ағып жатыр екен. – Дәу де болса, сенің қолың бос-ақ шығар? Бізбен ойнашы, – деді балалар өзенге. – Менің қолым бос па? – деді өзен ашулана сылдырап. – Көрмейсіңдер ме, жалқау балалар, мен күні-түні жұмыс істеймін, бір минут маған тыным жоқ. Мен адам мен хайуандардың шөлін қандырмаймын ба? – Мен болмасам, кірді кім жуады, диірмендердің доңғалақтарын кім айналдырады, қайықты кім жүргізіп, өртті кім сөндіреді? Жұмыс деген бастан асып жатыр, - деп ол сөзін түйіндеді де, тастан-тасқа секіріп, сылдырлап ағып кете барды. Балалардың тіпті іші пысып кетті, ең алдымен мектепке барып, соңы- нан тоғайға келгенде дұрыс болады екен, деген ойға қалысты. Дәл осы кезде ұл бала жасыл бұтақтың үстінде отырған нәп-нәзік, әдемі қызыл тамақ шымшықты көрді. Ол тіпті қаннен-қаперсіз отырған секілді және еріккендіктен болса керек, өте шат-шадыман әнге басып отыр. – Әй, әнші! - деп айқайлады бала қызыл тамақ шымшыққа, - сен нағыз қолы бостың өзісің ғой, біздермен ойнасайшы. – Нағыз қолы бостың өзі? - деп шиқ етті қызыл тамақ шымшық тым өкпелі үнмен. – Балапандар- ымды тамақтандыру үшін ұзақ күнге шіркей аулаған жоқпын ба? Тіпті тұралап қалғаным соншалық, міне, қанаттарымды қаға алатын емеспін, қазірдің өзінде де әнімменен балапандарымды әлдилеп отырмын. Ал өздерің бүгін не істедіңдер, кішкентай жалқаулар? – Мектепке барма- дыңдар, еш нәрсе үйренген жоқсыңдар, тоғайда сенделіп жүрсіңдер, ол аз болғандай, шаруа істеп жатқандарға кесірлеріңді тигізесіңдер. Одан да пайдалы бір іспен айналысыңдар, кімде-кім еңбек етсе, тек сондай адамға ғана демалу, ойнау жарасымды екенін ұмытпаңдар! Балалар ұялып қалды: олар мектепке барды, кешігіп келгендеріне қарамай, сабақтарын ынтамен оқыды.

  • Балалар тоғайға не үшін бармақшы болды?

  • Тоғайдың кішкентай тұрғындары ойнауға неліктен қарсылық білдірді?

  • Олардың әрекетін қалай бағалар едіңдер? Неліктен?

  • Табиғаттан нені үйренуге болады?

  • Оқушының басты міндеті не деп ойлайсыңдар?

  • Өзің күнделікті немен айналысасың? Айтып бер.




5. Шығармашылық жұмыс

4 тапсырма: Өлеңді оқыңдар. Өзің жыл мезгілдеріне қандай тілек айтар едің?

Жарасқан Әбдірашев



  • Қысқы тілек Жазғы тілек

Көлдерде сең ықса екен, Болғанменен әлі алыс,

Көктем ерте шықса екен. Кетпейді оқу ойымнан.

Ұя жасап құстарға, Мезі қылды демалыс,

Қамқорлыққа алар ек. Шықтым мүлде ойыннан.

Көлдерде сең ықса екен, Жеміс пісіп толса екен,

Көктем ерте шықса екен. Күз тезірек болса екен.

  • Көктемгі тілек Күзгі тілек

Көлге кеме жүздіріп, Қуысып, қар лақтырып,

Қызығына батар ек. Жалықпастан ойнар ек.

Күнге дене қыздырып, Осылай бір шат күліп,

Жағажайда жатар ек. Жаңа жылды тойлар ек.

Көктем орнын берсе екен, Қыс келіп, күз ауса екен,

Кешікпей жаз келсе екен. Құс кетіп қар жауса екен.
5-тапсырма: Аңызды оқыңдар. Ондағы іс-әрекеттерге баға беріп, кестені толтырыңдар.

Бурабай туралы аңыз

Көкшетау таулары үстіндегі аспан көкпеңбек нұрлы, ауасы тұнық мөлдір болғандықтан да «Көкше тау» деп аталады. Осы таулардың арасында ертеректе бір бай әрі би қоныстанған екен. Ол бай бимен бірге бір еркін де тәккаппар ақбас бура мекен еткен. Ол бураның әсем түрі, биік тұрпаты, қалың жүнінің ақтығы көрген адамды қызықтырмай қоймайды. Талайлардың қолына түсіп үлгеріп те шыққан Бура, сытылып қашып құтыл ып кете беретін болған. Бура жалғыз жүріп, жалғыз тұрып, ешкімге басын имей үйреніп кетеді. Ол суды тек тазалығы мен мөлдірлігі үшін Күміс көл атап кеткен бір ғана көлден ішеді. Күн сайын тал түсте су ішуге келетін соқпағы да біреу болатын. Бура қасиетті еді. Жау қосындарының жақындағанын күні бұрын сезіп, боздаған дауысымен халыққа төнген қауіп жайлы хабар беретін. Бура ханның ауру-сырқатын ерте біліп, ерекше тынышсызданып, күңірене боздап, беймаза болатын. Үрейлі күндердің алдында ақ бура толассыз, тоқтаусыз ақыратын. Ақырғанын естігенде төңіректегі адамдар мен далалардың халқы асығыс жиналып, жау шапқыншылығын қайтару үшін жасақтар құрып, бірігетін. Ақ бураға табынып, пәле-жаладан қорғау үшін жіберген қасиетті жануар деп санап жүрді. Жылдар өтіп, адамдар арасынан, басбұзарлар пайда болып, жануарлар мен жабайы аңдар-құстарды қырып жойды. Адамдарға таяп жақындап келгенде бура ақырып хабар жеткізетін. Қарақшылар дың жолдары болмай, бурадан құтылмақшы болады. Күндердің күнінде қалың орманда келе жатып, аңшылардың қолына түседі. Қарақшылар бураны жаралайды. Бура боздап, өзі туып өскен, көлдің жағасына келіп, жан тәсілім етеді. Ақ бура сол қалпында қос өркешті ақ тауға айналады. Таудың биіктігі сонша қос өркешті шөккен бура айдаладан көрініп тұрады. Ақ бура мекен еткен жердегі күміс көл Бурабай аталып кетеді.





Маған ұнаған ісәрекеттер


Маған ұнамаған іс-әрекеттер


Менің ұсынысым












6-тапсырма: Берілген тақырыптар бойынша сахналық көрініс көрсетіңдер.

1. «Табиғат – мен үшін қуаныш».

2. «Табиғат – мен үшін денсаулық».

3. «Табиғат – мен үшін шығармашылық».

Қорытынды: Адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды. Табиғат адамды қайырымды, бір мақсатқа ұмтылған, сұлу жанды етіп тәрбие- лейді. Ол денсаулық, шабыт, және шығармашылықтың қайнар көзі. П.И.Мариковский



6. Топпен өлең айту. Өлеңі: Ермек Өтетілеуов

Көктем өрнегі Әні: Ибрагим Нүсіпбаев

Біздің ауыл тап-таза бұлағы да,

Ән салады майысып құрағы да.

Жаз жайлауға барамын демалыста

Асау тайдың ойнаймын құлағында.

Қ-сы: Біздің ауыл алма бақ,

Өрік, жүзім жетеді.

Сағынарым қайда да

– Алатаудың етегі.

Сол ауылға жазда мен ораламын,

Сағынған соң құшағын жан ананың.

Бұлт ішінде жүрдім мен биік өрлеп,

Жас орманын жалықпай араладым.

Қ-сы: Біздің ауыл Алатау етегінде,

Құс боп ұшып мен оған жетем күнде.

Менің атам жүреді қойын бағып,

Ақ боз аты келеді жетегінде.





7. Үй тапсырмасы.

1. «Су – өмірдің өзегі» Болат Үсенбаевтің өлеңін жатқа айту.






8. Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет