Сабақтың тақырыбы: Адамзат мәдениетінің рухани адамгершілік әлемі Құндылық: Ақиқат



бет11/13
Дата14.11.2019
өлшемі350,01 Kb.
#51743
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
1-34с. 4-сынып



Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. №27 сабақ



Сабақтың тақырыбы: ЖАНДЫ СУ

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:

Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.

Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13

Сабақтың мазмұны:

Ресурстар

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;

Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Су – өмірдің өзегі» Болат Үсенбаевтің өлеңін жатқа айту.




3. Дәйексөз.

Бұлақ көрсең, көзін аш! Нақыл сөз

  • Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар.




Әңгімелеу.

Көзата бұлағы (Аңыз әңгіме)

Бағзы замандардың бірінде Қазығұрт тауын әрі әулие, әрі емші адам мекендепті. Ол емші болғанда көз ауруын ғана жазады екен. Сондықтан зағип болғандардың барлығы осы емшінің дақпыртын естіп, дертінен айығу үшін арнайы іздеп келіп, емделіп жүріпті. Бір ғажабы шын ниетімен емделуге келген сырқаттардың барлығы айығып кететін көрінеді. Жанары ашылып, жарық дүниенің келбетін көрген пенделер емшіге шексіз алғыс -тарын жаудырыпты. Өмір бар жерде, өлім бар демекші, күндердің күнінде дәм-тұзы таусылған емші көз жұмады. Жақсылығы жалпақ дүниеге жайыл ған әулиені дүйім жұрт жиналып, Қазығұрттың баурайына жерлепті. Арада қырық күн өткенде әулие мазарының дәл жанынан жерді жарып бұлақ ағып шығады. Бір ғажабы, осы бұлақтың суынан ішіп, бетіқолын жуған адам көз ауруынан құлан таза айығатын болыпты. Сөйтіп халық бұл бастауды «Көзатаның бұлағы» деп атапты.



  • Қазығұрт тауының етегінде қандай адам өмір сүрген?

  • Оған неліктен адамдар ағылып келетін болған?

  • Әулие мазарының жанында қандай ғажап оқиға болды?

  • Бастауды неліктен шипалы дейді?

  • Өзің «Бұлақтай таза болу» дегенді қалай түсінесің? Айтып бер.




5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Судың қандай қасиеті болатынын өздерің тәжірибе жасап, біліп алыңдар.

1 Тәжірибе: Суды бір стақаннан екінші стақанға құйыңдар. Не байқадыңдар? Судың қандай қасиетін байқадыңдар? Түйін: Су ағады, ол сұйық.

2 Тәжірибе : Балалар судың дәмін көріңдер. (Балалар өздерінің күнделікті су ішетін стақандарын қолданады) Дәмі қандай? Түйін: Судың дәмі жоқ.

3 Тәжірибе : Суы бар стақанды алыңдар. Оған қасық салыңдар. Қасық көріне ме? Түйін: Су мөлдір.

4 Тәжірибе: Стақандағы суға түрлі-түсті таяқшаны салыңдар. Судың түсі қандай? Түйін: Су түссіз.

5 Тәжірибе: Мынау белгісіз сұйық. Мұның иісі жағымсыз болуы мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, оның иісін білуіміз керек. Ол үшін сұйық тұрған ыдысты алысырақ қоямыз. Қолымызбен толқын тәрізді қимыл жасап, ыдыстағы суды өзімізге шақырамыз. Мұрнымыз не сезді? Судың иісі бар ма? Түйін: Судың иісі жоқ.



2-тапсырма : Өлеңді оқыңдар. Судың пайдасы туралы кластер құрастырыңдар.

Су – өмірдің өзегі Болат Үсенбаев

Тәнім сумен құрамдас, Су – балықтың ғұмыры,

Судың ғажап киесі. Суда оның қорегі.

Сусыз өмір сүре алмас Су – тіршілік тұғыры,

Бүкіл тірлік иесі. Су – өмірдің өзегі.

Өсімдігің жәндігің, Сәні болып құрылықтың,

Бақша мен бау, шалғының Жерді гүлге бөледі.

– Сусындатып барлығын, Су болмаса тірліктің

Су шешеді тағдырын. Кенезесі кебеді.

3-тапсырма : Мәтінді оқыңдар. Кестені толтырыңдар.

Судың есте сақтау қабілеті

Судың есте сақтау қабілеті бар. Жапония зерттеушісі Эмото Масару су құрамының өзгеретіндігін зерттеген. Екі бірдей ыдысқа су құйып, біреуіне жақсы, жағымды сөз, екіншісіне жаман, жағымсыз сөз жазылған қағаз жапсырған. Сулардан түзілген кристалдарға қарағанда, жағымды сөз жазылған су кристалының өте әдемі, ал жағымсыз сөз жазылған судағы кристалдардың пішіні бүлінгендігі анықталған. Суды ішкен кезде адамның ойы, көңіл күйі жақсы болса, судың құрамы да жақсы болып өзгереді. Ал адамның ойы, көңіл күйі жаман болса, судың құрамы жаман болып өзгереді де, адамға жағымсыз әсер етеді. Сол себепті адамның ойы түзу, сөзі дұрыс, ісі де ойы мен сөзіне сәйкес болуы тиіс. Суды үнемдеу, қорғау, сақтау – әрбір адамның парызы.



Жақсы сөз айтқанда Жаман сөз айтқанда



«V»

«+»

«---»

«!»

Мен білемін

Мен үшін жаңа


Мен басқаша ойлаймын


Мені таңғалдырды














Қорытынды: Су – табиғаттың сыйы. Су – байлық. Су – тіршілік көзі. Су адам өміріне өте қажет. Су – таза, иіссіз, мөлдір. Су табиғатта қатты, сұйық, газ күйінде кезедеседі. Судың емдік қасиеті бар. Табиғатта шипалы сулар көп кездеседі. «Судың да сұрауы бар», «Судай таза бол», «Сумен бекер ойнама», «Суды босқа төкпе» деп бекер айтылмаған. Адам баласының судан үйренері кӛп. Су көздерін таза ұстап, оның қадірін біліп, қорғау қажет. Суды үнемдеп, сақтау керек.



6. Топпен өлең айту.




7. Үй тапсырмасы.

1. Судың денсаулыққа пайдасы туралы эссе жазып келу.






8. Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.








Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. № 28 сабақ



Сабақтың тақырыбы: ЖАНДЫ СУ

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:

Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.

Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13

Сабақтың мазмұны:

Ресурста

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;

Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Судың денсаулыққа пайдасы туралы эссе жазыңдар.






3. Дәйексөз.






4.Әңгімелеу.

Тұзкөл (Аңыз әңгіме)

Нарынқол аймағының көркем табиғатының бір әдемі суреті – «Тұзкөл» көлі. Ол бұрын суында балық ойнап, аққу жүзіп, сулы көл болған деседі. Елдер суына шомылып, таудың етегінде үй тігіп, демалып жатады екен. Суы ащылау болса керек. Бірде шөліркеген бір кісі сол көлдің суынан ішіп тұрып: «Түу, суы тұздай, әрі мұздай ғой» депті. Өзі бір қасиетті адам болса керек. Сол кісінің шөмішін салып тұрған жері су күйінде қалып, бүкіл көлдің беті тұз, асты батпақ болып кетіпті. Сол көлдің батпағы нан алып, ауырған жерге тартса, тез жазылады. Ал жаңағы кісінің шөміш салған жері – үлкен бастау. Сол бастау суына арнайы келген адамдар тиын тастап, су ішеді. Суы – өте шипалы.



  • Тұзкөлдің әдемілігі неде болған еді?

  • Су ішкен кісі Тұзкөлге қандай баға беріпті?

  • Көлде қандай өзгеріс болды?

  • Бастауды неліктен шипалы дейді?

  • «Сусыз тіршілік жоқ» дегенді қалай түсінесіңдер

  • Өзің судың тағы қандай қасиеттерін білесің? Айтып бер.




5. Шығармашылық жұмыс

4-тапсырма: Өлеңді оқыңдар. Судың денсаулыққа пайдасы туралы эссе жазыңдар. Мұзафар Әлімбаев

Рақат қой салқын су

Мәңгі ерімес мұз-қары Су пайдалы адамға,

Тау қойнында туғам мен. Шынығамын күнде мен.

Суық қой деп ызғары, Тоңбайды аяз, боранда

Қорықпаймын судан мен. Салқын суға үйренген.
5-тапсырма : Өлеңді оқып, суға ризашылық білдіріп, алғыс хат жазыңдар.

Су Тұрысбек Еділбаев

Жер де судан тұрады,

Теңіз судан тұрады,

Көк те судан тұрады.

Су – тірліктің бұлағы

Дене судан тұрады,


Қорытынды: Су – біздің басты байлығымыз. Су адам баласына аса қажетті мол қазына. Адам сусыз тіршілік ете алмайды. Табиғатта судың қолданылмайтын жері жоқ. Сусыз тамақ піспейді, тазалық та болмайды. Су жолымен адам қатынайды, қайық, кеме жүзеді, жүк тасиды. Судың күшінен электр қуатын да алады. Бірде-бір өндіріс орны сусыз жұмыс істей алмайды. Бояу езу, мата, тері бояу, қағаз, сабын дайындауға да су қажет. Суды кӛзіміздің қарашығындай сақтап, игілікке жұмсау керек.



  1. Топпен өлең айту.

Балбұлақ

Сылдыр-сылдыр сылдырап, Балғын-балғын балалар,

Мөлдір бұлақ ағады. Саялайды құрақта.

Былдыр-былдыр бал құрақ Отырады жағада,

Көмкереді жағаны. Шомылады бұлаққа.

Күнде келіп апам да, Еліктейтін секілді

Мөлдіреген су алып. Адамға да бұл ӛзі.

Тұнығынан шопан да, Тайызынан су алса

Тұрады қой суарып. Лайлана қалады.

Түрлі-түрлі, не түрлі, Тереңінен су алса,

Бар-ау қызық мінезі. Күлім-күлім қағады.





7. Үй тапсырмасы.

1. Су туралы мақал-мәтелдер жазып келу

2. Туған жер туралы мақал-мәтелдер жинағынан кітапша жасап келу






8. Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.








Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09. 2019 жыл. № 29 сабақ



Сабақтың тақырыбы: ТУҒАН ЖЕРДІҢ ӘСЕМДІГІ

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:

Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.

Сынып: 4 «а,ә,б,в,г,д» Оқушылар саны: 13

Сабақтың мазмұны:

Ресурста

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;

Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер бояуышар, плакат

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Туған жер туралы мақал-мәтелдер жинағынан кітапша жасап келу.






3. Дәйексөз.

Туған жерге туың тік. Нақыл сөз

  • Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар.




4. Әңгімелеу.

Жайдары жаз Міржақып Дулатов

Жаз болудың алдында күн ұзарып, ақырындап қар да ери бастайды. Жолдардан, жылғалардан су ағып, көлге, өзенге құяды. Өзенде мұз жары - лып, су лайланып, төмен ағып, сең жүре бастайды. Су өзеннің жиегінен асып, жағаларынан қар көшіп, күн жылынып болған соң, шөп шығып, түрлі-түсті гүлдер шешек атады. Егіншілер соқа-сайманын түзеп жер жыртуға шығады. Тоғай да жапырақтарын жамылып, жаңа келген сайрағыш құстардың үнімен көңілді боп кетеді. Жазда жан-жануарлардың бәрі де тіріледі. Жаздың жетіп күннің жылығаны на бәрі де шаттықта. Қыстан қысылып шыққан мал жүнін тастап, бие құлындап, қой қоздап, қара жерді сағынып қалған жануар лар, байласа тұрмай, далаға қашады. Балалар ойынға шығып, жүгіріп, жыл құстары тегіс келіп, жұмыртқа салған. Көлде қаз, үйректер бықылдап отыр. Анда-санда аппақ болып, ұзын мойнын иіп, сұлу кеудесін керіп, жүзіп жүрген аққуды да көруге болады. Таң ата шырылдаған торғай мен үйдің алдын, кісінің жолын ерсілі-қарсылы кесіп ұшқан қарлығаштарда да дамыл жоқ. Мал көкке тойынады. Жұрт бие байлайды. Балалар анау байлаған жас құлындарды желіге оралып қалмасын деп күзетіп, бір жағынан тайларын үйретіп жүр.



  • Жазда табиғат қалай түрленеді?

  • Адамдар күн нұрына, гүлдер мен құстарға неліктен қуанады?

  • Жазда балалар немен айналысады?

  • Жазғы табиғат адамға несімен қызықты?

  • Өзің тұратын жердің жазғы табиғаты қандай? Айтып бер




5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Өнер туындысын қарап шығыңдар. Ондағы бейнеленген көріністен алған әсерлеріңді айтып беріңдер.

Әбілхан Қастеев. Бақта. 1958 жыл.
2-тапсырма: Туған жер туралы мақал-мәтелдерді оқып, ұнағанын көшіріп жазыңдар. Жаттап алу.

Туған жер туралы мақал-мәтелдер:

  • Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.

  • Туған жердің жері де көрікті, Елі де сүйікті.

  • Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

  • Туған жердің ауасы да шипа.

  • Туған жердің жусаны да жұпар.

  • Туған жердің торғайы да сүйкімді.

  • Туған жердің жуасы да тәтті.

  • Аққу көлін аңсайды, Адам туған жерін аңсайды.

  • Ел іші алтын бесік.

  • Өз елім – өлең төсегім.



3-тапсырма: Диалогты жалғастырып айтыңдар.

Немересі: - Ата, ең әсем нәрсе не?

Атасы: - Туған жеріңнен әсем ешнәрсе жоқ, ботам!

Немересі: - Неге?

Атасы: - Саған алғаш сұлулықты көрсеткен осы туған жер!

Немересі: - ...


Қорытынды: Ең сұлу жер

Ал қазақ жерінің көркіне келетін болсақ, бұ жағы бір керемет. Мұнда әлемге аты шыққан таулы Швейцариямен таласар, жасыл шалғынды, ақ қайыңды, мөлдір сулы Бурабай мен қалың қарағайлары көкпен тілдескен, жұпар аңқыған Альпі шөптері белуардан келген, жартас шыңдарының қойнауларында көз жасындай мөлдір өзен бұлағы бұрқырай аққан Алатау, Алтай, Баянауыл, Ұлытау өлкелері жатыр. Мыңдаған көл, жүздеген өзендерімен, Африкадағы Сахараға бергісіз, құмды, боранды шөл далалары да жеткілікті қазақ халқы – ел сұлуының бірі, қазақ жері – жер сұлуының бірі. Ілияс Есенберлин





6. Топпен өлең айту.






7. Үй тапсырмасы.

1. Туған жер туралы мақал-мәтелдер жинағынан кітапша жасап келу.

2. Өздерің тұратын жердің қыс, көктем, жаз, күз мезгілдеріндегі ұнайтын көріністердің суретін салып келу.





8. Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет