Сабақтың тақырыбы: Африка материгін қайталау
Сабақтың мақсаты: : Оқушылардың Африканың табиғаты, халқы, климаты, ішкі сулары және табиғат зоналары туралы алған білімдерін тексеру, қайталау, бекіту.
Сабақтың міндеттері:
а )Білімділік: Оқушылардың Африканың табиғаты, халқы, климаты, ішкі сулары және табиғат зоналары туралы алған білімдерін тексеру, қайталау, бекіту.
ә) Дамытушылық : оқушының ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.
б) Тәрбиелік: Сынып оқушыларын түгел сабаққа қатысуға, топпен жұмыс істей білуге, ынтымақтастық, бірлікке, бір-бірін сыйлауға, тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: қайталау – жинақтау сабағы.
Сабақ әдісі: топтық жұмыс, сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: биология, тарих.
Сабақтың көрнекілігі: Африканың физикалық және саяси картасы,суреттер және сөзжұмбақ.
Қажетті құрал–жабдықтар: кітап, кескін карта, атлас.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Сабақ жоспары:
1)Елдерді тану
2)Сөзжұмбақ шешу
3)Сәйкестендіру тест
4)Кескін картамен жұмыс
5)Жалпы сұрақтар
6)Суреттеу(постер құру)
1) Елдерді тану 1 топ:
1) Жерорта теңізінің жағалауындағы ірі портты қалаларды ата?(Касабланка, Рабат, Александрия,Триполи,Алжир, Тунис)
2) Ніл аңғарындағы ең ірі қала туралы не білесіңдер? (Каир қаласы 973 жылдан Египеттің (Мысырдың) астанасы. Бұл ежелгі қала өзіндік сәулет өнері ескерткіштерімен, дүниедегі керектің барлығын табуға болатын шығыс базарымен ерекшеленеді.)
3) Гвинея елінің табиғат байлықтары? (Гвинея елінде алмас пен алюминийдің өте ірі кен орындары орналасқан.)
4) Судан халқы қандай кәсіппен айналысады?(Суданда қой шаруашылығы дамыған. Өзен – көлдер бойында халық балық аулаумен және балық өңдеу шаруашылығымен айналысады.)
5)Африканы қай өзені экваторды кесіп өтеді? (Конго )
2 топ:
1) Нигерия қандай ел, халқы қандай кәсіппен шұғылданады?(Нигерия халқының саны жөнінен Африкадағы ең ірі ел. Халқының саны 125 млн-нан асады. Нигерия ауыл шаруашылығымен айналысатын ел,соңғы жылдары өнеркәсіп те қарқынды дамуда.)
2) Кения жерінің табиғаты қандай дақылдар өсіруге қолайлы?
(Кения жерінде шайдың бағалы түрлері өсіріледі. Құнарлы топырақ және жауын – шашынның жеткілікті болуы астықдақылдары мен тропиктік өсімдіктерді өсіруге мүмкіндік береді).
3) Оңтүстік Африка Республикасы туралы не білесіңдер?(Оңтүстік Африка Республикасы шаруашылығының даму дәрежесі жөнінен дүниежүзінде алдыңғы орындардың бірін иеленеді.Африка халқының6%-ы ғана тұратын Оңтүстік Африка Республикасында материктегі өнеркәсіп өнімінің 40%-ы өндіріледі.)
4) Бұл өсімдік Солтүстік Африка аймағында өседі.Оның көлеңкесінде дәнді дақылдармен жеміс ағаштары өседі.Бұл өсімдіктің жемісі?(құрма)
5. Африканың табиғатын зерттеуге зор үлес қосқан қандай саяхатшыларды білесіңдер? ( Васко до Гама, Давид Ливингстон, Генри Стэнли, Юнкер, 600 нан аса өсімдіктерін зерттеген Вавилов , Әбу ибн Батутта.
2)Сөзжұмбақ шешу «АФРИКА МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ АСТАНАЛАРЫ» і ТОП
1. АЛЖИР 2. КОНГО ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ 3. СОМАЛИ 4. НИГЕР 5. ОҢТҮСТІК АФРИКА РЕСПУБЛИКАСЫ 6. БОТСВАНА 7. МАВРИТАНИЯ 8. ЗАМБИЯ 9. КОНГО 10. КЕНИЯ
ІІ топ 1. ЕГИПЕТ 2. ЧАД 3. АНГОЛА 4. МАЛИ 5.МАРОККО 6.МОЗАМБИК 7. ТАНЗАНИЯ 8. СУДАН 9. НИГЕРИЯ 10. ГАНА
3)Сәйкестендіру тест І топ Гвинея.....................(Шығанақ) Вильвичия.....................(Намиб шөліндегі өсімдік)Суэц.....................(канал) Виктория..............(көл) Шірнежегі.............(ең кішкентай құс. )Рас—Хафун...........(шеткі мүйіс) Марабу...............(түйеқұс)Уәдтер................(кеуіп қалған өзен арнасы) Окапи..............(жануар) Сомали..................(түбек)
ІІ топ Хамада................(тасты шөл) Саванна .............(табиғат зонасы) Дромедар.............(жабайы түйе) Дебунджа.................(жауын- шашын көп түсетін жері) Тубкаль..................(Атлас тауының биік шыңы) Намиб..............(шөл) Самум..............(жел) Альмади...............(шеткі мүйіс) Ассаль...........(көл) Цеце................(шыбын)
4)Кескін картамен жұмыс(Кескін картаға Африканың елдерін белгілеу )
5)Жалпы сұрақтар Ітоп 1) Африкалықтар бұл тауды «Суық құдайы» деп атаған.Ол қандай тау?(Килиманджаро) 2) Тана көлі қалай пайда болған және одан қандай өзен ағып шығады?(Лава тасқындарының өзен аңғарын бөгеуінен пайда болған.Одан көк Ніл ағып шығады.) 3) Материктегі ірі өзендер жүйелеріне қандай өзендер жатады?(Ніл,Конго ,Замбези) 4) Чад көлі қандай көл?(ағынсыз) 5) Материктегі ең биік сарқырама?(Тугелла)
ІІтоп
1) Атлас тауларының жоталарын ата?(Телль– Атлас,Эр–Риф,биік Атлас,Сахара Атлас) 2) Материктегі ең суы мол өзен?(Конго) 3) Африка материгін қандай климаттық белдеулер кесіп өтеді?(экваторлық,субэкваторлық ,тропиктік,субтропиктік) 4) Африканың қандай табиғат зонасы ауыл шаруашылығына пайдалануға қолайлы?(Саванна) 5) Виктория сарқырамасын ашқан саяхатшы?(Ливингстон) 6) Африканың экваторлық ормандарында Конго,Заир,Огове,Итурм өзендеріне жақын жерде мекендейді ,бойы140-150см ,терісі Африкандықтарға қарағанда ашықтау,қызғылт–қоңыр түсті. Бұлар үшін ең қауіпті нәрсе–күн көзі.Олар жақсы аңшы,өте мерген атқыш.Бұл тайпа.......(Пигмей «Пигмейос»–грек сөзі орысша денесі жұдырықтай 6)Суреттеу(постер құру) Үйге тапсырма: «Африкаға саяхат» тақырыбына эссе жазу Бағалау (3 минут)
Достарыңызбен бөлісу: |