Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан: І
5. Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Аңыз – әңгімелер, Асан Қайғы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды аңыз – әңгімелер туралы түсінік беру, Асан қайғы туралы аңыздармен таныстыру, оларды тілдік тараптан талдауға үйрету.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Аңыз – әңгімелер жинағы.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Әдебиет теориясынан түсінік беру.
Тарихта болған әйгілі адамдар жайында немесе елдің, рудың шыққан тегі туралы не нақтылы бір жерде өткен оқиғалар жайлы тарихи шындыққа негізделген, бірақ уақыт өте келе, көркем шығармаға айналып кеткен әңгімені аңыз дейміз.
Аңыз белгілі бір адамның атына, іс- әрекетіне байланысты туады. Кейде аңыз – әңгімеде шындық оқиға мен қиял- ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Аңыз – әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құрылады. Ол адам не батыр, не ел басшысы немесе әділ би, ақыл – парасатымен ел құрметіне бөленген беделді адам болуы мүмкін. Бірақ ол адамдардың айтқан сөздері мен істеген іс – әрекеттеріне байланысты айтылған әуелгі шындыққа қоспалар қосып , сол істепті – міс, сол айтыпты – мыс деген әртүрлі лақап біртіндеп аңызға айналады. Оны әңгіме, жыр етіп, біреуден – біреу жаттап алып, кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған.
Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше, Қорқыт, Жошы хан сияқты кейіпкерлер-бәрі де тарихта болған, ел басқарған дамдар, бірақ кейін олардың әрекеттері біреуден – біреуге ауызша айтылып аңыз болып кеткен.Мысалы:
Асан Қайғының Жернұйықты іздегені
Асан Қайғы Желмаяға мініп, жиһан кезіп «Жерұйық» дейтін ну орманды, көкорай шалғынды, сулы жер, қой үстінде бозторғай жұмытрқалайтын қоныс іздейді.
Асан қайғы Маңғыстауға үш барып үш қайтыпты. Асан шұрайлы қоныс, нулы өлке іздеумен өмір бойы Желмаясымен желіп өткен екен. Ұлытаудың бас жағына келіп дүние салыпты.
VІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ жауап
Аңыз дегеніміз не?
Аңыз қалай пайда болған?
Аңыз – әңгіме неден құралады?
Аңыз – әңгіме бізге қалай жеткен?
Асан Қайғы жерұйықты қалай іздеген?
Асан Қайғы қайда қайтыс болған?
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс.
1.Өзіңнің туған жеріңе Асан Қайғыша баға беріп көр. Суретті пайдаланып, шығарма жаз, эпиграф етіп Асан Қайғының бір сөзін алуға тырыс.
2.Бұл әңгіменің аңыз екенін мына белгілер бойынша айтыңдар:
Асан Сәбитұлының тарихта болғаны;
Жерұйықты іздеудегі мақсаты, арманы;
Көнген жерінің бәрәне қонымды баға беруінің мәні, оның шындыққа қатысы;
Әркімнің туған жері - жерұйық екендігін дәлелдеу.
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. Аңыз – әңгімелер, Асан Қайғы туралы түсінік.
Достарыңызбен бөлісу: |