II.Жаңа сабаққа дайындық 1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу 2.Сабақ мақсатын түсіндіру III.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 1. Әдебиет теориясынан түсінік беру. Тарихта болған әйгілі адамдар жайында немесе елдің, рудың шыққан тегі туралы не нақтылы бір жерде өткен оқиғалар жайлы тарихи шындыққа негізделген, бірақ уақыт өте келе, көркем шығармаға айналып кеткен әңгімені аңыз дейміз. Аңыз белгілі бір адамның атына, іс- әрекетіне байланысты туады. Кейде аңыз - әңгімеде шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Аңыз - әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құрылады. Ол адам не батыр, не ел басшысы немесе әділ би, ақыл - парасатымен ел құрметіне бөленген беделді адам болуы мүмкін. Бірақ ол адамдардың айтқан сөздері мен істеген іс - әрекеттеріне байланысты айтылған әуелгі шындыққа қоспалар қосып , сол істепті - міс, сол айтыпты - мыс деген әртүрлі лақап біртіндеп аңызға айналады. Оны әңгіме, жыр етіп, біреуден - біреу жаттап алып, кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған. Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше, Қорқыт, Жошы хан сияқты кейіпкерлер-бәрі де тарихта болған, ел басқарған адамдар, бірақ кейін олардың әрекеттері біреуден - біреуге ауызша айтылып аңыз болып кеткен.Мысалы: Асан Қайғының Жерұйықты іздегені Асан Қайғы Желмаяға мініп, жиһан кезіп «Жерұйық» дейтін ну орманды, көкорай шалғынды, сулы жер, қой үстінде бозторғай жұмытрқалайтын қоныс іздейді. Асан қайғы Маңғыстауға үш барып үш қайтыпты. Асан шұрайлы қоныс, нулы өлке іздеумен өмір бойы Желмаясымен желіп өткен екен. Ұлытаудың бас жағына келіп дүние салыпты. Уикипедия – ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Асан (Хасан, Қасан) Сәбитұлы Қайғы Қызметі: мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ
Туған күні: XIV ғасырдың ортасы
Туған жері: Алтын Орда Азаматтығы: Казақ хандығы, Ноғайордасы Алтын Орда Ұлты: ноғайлы-қазақ-Алтын Орда
Қайтыс болған XV ғасырдың басы күні:
Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы(14 ғасырдың ақыры - 15 ғасырдың басы) - мемлекет қайраткері, ақын, жырау. би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылордаоблысы, Шиелі ауданы, «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі - Асан Қайғы мазары делінеді.
Ғалымдар зерттеуі
Өмір сүрген кезеңі
Толғаулары
Ғалымдар зерттеуі
Оның өмір сүрген тұсы Алтын орда және қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш.Уәлиханов, Г.П.Потанин, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М.Әуезов, тағы басқа айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын бастыру XIX ғасырдың соңында басталды. Асан Қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ордасы тарап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш. Уәлиханов) атанған Асан Қайғы «өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс, білік-дерек береді» (М.Әуезов). Өмір сүрген кезеңі
Асан Қайғы Сәбитұлы XIV ғасырда ғүмыр кешкен, Алтын Орда, қазақтың данышпан ақылғөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған "дала философы", осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін "қайғы" сөзі қосылып аңыздалып кеткен. Шежіре-аңыздардың айтуынша Асанның әкесі Сәбит ұзақ жасаған, он сегіз мың ғаламның, құстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел әулие, атақты саятшы болса керек. Ол баласы Асанды ес білгеннен осындай қасиеттерге баулып өсіреді. Сондай өнегелі, ұлағатты тәрбие көрген Асан жас кезінен-ақ туған халқынын қамын, оның келешекте ірі де, іргелі ел болу жағын ойластыра бастайды. Сондықтан да ол жас болса да хан, сұлтан, би,бектермен бірге жүріп, оларға ақыл қосысады, ой- пікір жарыстырып, тайталасып ержетеді. Бозбала кезінен-ақ ол ақындық- жыраулық, шешендік, тапқырлық өнерді жете меңгереді. Ел дауын, жер дауын, әдет-ғұрып мәселесін шешерде оның ақылдылығы, алғырлығы, кесімді, шешімді билік сөздері өзге би, шешендерден үстем боп шыға береді. Әз Жәнібек (туған жылы 1342) Бүкіл Алаш жұртын билеген, Алтын Орда ханы Асан жырау сол Әз Жәнібекпен бірге талай-талай мәселелерді басқаруға, шешуге араласады. Әз Жәнібек өлген соң Асан би Дешті Қыпшаққа қайта оралады. Алайда ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі. Асанқайғы ең алдымен хандық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет деп санайды. "Әз Жәнібек ханды уақытша табысқа мастанып кеттің, қазақ халқының, Алтын Орда болашағын жете ойламайсың деп сөгеді"Асанқайғы қойға қошқар, жылқыға айғыр салмай, бура шөгермей, сиырды бұқасыз сақтап, малды үш жылға дейін ту қылып ауған екен. Мұнысы көшкен елге төл аяқ байлау болмасын дегені болар. Сол ауып бара жатқан бетінде Алтын Орданың ханы Әз Жәнібекке кез болыпты. Бұрын үш рет той жасап шақырғанда Асанқайғы бармаған екен. Ауып бара жатып кез болған соң, Әз Жәнібек айтыпты: - Бұрын бір хан болыпты. Ханның қасында бір қараша кедей қоңсысы болған екен. Ханның малының сүмесінен қозы қарын май мен бір қап құрт алған екен. Күзді күні күздеуге қонар мезгілде, қараша: "Ханның бәйбішесі ханымды шақырып алып, осы құрт пен майдын алдын таттырып кетейік. Сонда бізге қалғаны жұғым болар. Ханымға таттырмай кеткен соң берекесі болмас" - дейді. Ханымды үйіне шақырса, қарашаның үйіне кіріп шығуға намыс қылып керіліп, "әне барамын, міне барамын" деп ақыры бармапты. "Құрт, майдың алдын ханымға таттырмай кетпейміз" деп әлгі байқұстар ханымды сарғайып күтіп көп уақыт көшпей отырып калыпты. Күндердің күнінде ханым келе жатса, ханның кісі алатын бурасы оны куыпты. Ханым сасқанынан, қараша үйге қойып кетіпті. Сонда шал байғұс айтқан екен: Шақырса келмес ханымды, Бура қуып келтірді. Қалжы-бұлжы дегізбей, Тура қуып келтірді. Бастай көр қатын құртыңды, Сала көр қатын майыңды, -
депті Сол айтқандай, үш рет тойыма шақырдым, келмедің. Ақыры қадірсіз, аяқсыз келдің-ау Асаным!
Рас айтасың, Әз Жәнібегім. Ойың ұрғашыға ауған екен, - дейді Асан-қайғы. - Өз бойымдағы ағат ісіңе ие бола алмаған жан едің. Сондықтан айтып отырсың, сен өзің неге той қылдың, білесің бе? Бірінші рет той қылдың, қарақалпақтың қызы Қарашаш сұлуды алдым деп. Екінші рет той қылдың, Жайық судың бойынан дауыл өтпесе, жан өтпейтін үй салдырдым деп. Оған несіне келейін, - дегі Асан жырлап кетті:
- Ай, Жәнібек хан! Айтпасам білмейсің. Жайылып жатқан халқың бар, Аймағын көздеп көрмейсің. Қымыз ішіп қызарып, Мастанып қызып терлейсің. Өзіңнен басқа хан жоқтай, Өзеуреп неге сөйлейсің? Қорған салдың бейнет қып, Қызметшің жатыр ішіп-жеп. Он сан ноғай бүлінді, Мұны неге білмейсің? Қатын алдың қарадан, Айрылдың хандық жорадан. Ел ұстайтын ұл таппас, Айрылар ата мұрадан. Мұны неге білмейсің? Құладың құстың құлы еді, Тышқан жеп жүні түледі. Аққу құстың төресі, Ен жайлап көлде жүр еді. Аңдысып жүрген көп дұшпан, Еліңе жау боп келеді. Түсінік тексеру:
Сұрақ жауап Аңыз дегеніміз не?
Аңыз қалай пайда болған?
Аңыз - әңгіме неден құралады?
Аңыз - әңгіме бізге қалай жеткен?
Асан Қайғы жерұйықты қалай іздеген?
Асан Қайғы қайда қайтыс болған? Жаңа сабақты бекіту: