Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Ай – Жердің серігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ай мен жердің ара қашықтығы, айдың толысуы, ғарышкерлердің зерттеуі, күннің тұтылуы, айдың тұтылуы туралы оқушыларға мағлұмат беру;
Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше тұжырымдай білуіне бағыт беру, логикалық ойлау қабілетін арттырып, ойын еркін айтып жеткізе білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін отансүйгіш, дарынды ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білім, білік, дағдыларын қалыптастыратын интеллектуальды ойын сабағы.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Глобус, слайдттар, суреттер, физикалық карта, тест;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың дайындығын қадағалау.
-Оқушыларды 3 топқа бөлу «Жер», «Күн», «Ай»
-Ойын шарттарымен таныстыру
ІІ. Үй тапсырмасын, бекіту.
А) «ЛЕЗДІК СҰРАҚТАР» көп сұраққа жауап берген топ көп ұпайға ие болады:
1. Жер Күн жүйесіндегі нешінші планета?
2. Жер мен Күннің қашықтығы қанша?
3. Жердің қанша бөлігін құрлық алып жатыр?
4. Жердің қанша бөлігін су алып жатыр?
5. Экватор деген не?
6. Экватор сызығы Жерді қандай жарты шарларға бөліп жатыр?
7. Экватордың ұзындығы неше?
8. Тәулік дегеніміз не?
9. Жыл дегеніміз не?
10. Көктемгі күн мен түн қай кезде теңеледі?
11. Күзгі күн мен түн қай кезде теңеледі?
12.Полярлық түн дегеніміз не?
13. Жердің шар тәрізді екендігін алғаш кім айтты?
14. Бір жылда неше күн бар?
15. Жазғы тоқырау қашан болады?
Ә) «ПОЛИГЛОТ» бұл сайыста үш топқа жұмбақ беріліп, онда шыққан жауаптарға үш тілде(қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) жауап беру.
Қазақша жауап -10 балл, орысша жауап- 20 балл, ағылшынша жауап 30 балл.
1.Жылт-жылт еткен
Жылғадан өткен (Су, вода, water)
2.Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады (Күн, сольнце, sun)
3.Теңізді, тауларды, халықты
Ойлап тап, көтерген алыпты. (Жер, земля, land)
4.Өркеш-өркеш түйемнің
Өркештерін ақ шалған
Арасынан өркештің
Тағылатын бау салған (Тау, гора,mountain)
5.Орақ болып туады,
Табақ болып тұрады (Ай, луна, moon)
Б) «Сандар сөйлейді» ойынында оқушылар тақтада берілген сандардың нені білдіретінін айтып шығады.
510 млн.км2
71% , 29%, 40 000, 6378км, 6357, б.з.б VIғ, 365, XVғ, 1595ж, 4,5-4,6 млрд
В) Мақал-мәтелді жалғастыр
1. Жаңбыр жауса ..........
2. Жердің сәні егін, ердің сәні ..........
3.Жер-Ана , ел-.....
ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:
1.Ай мен Жердің қашықтығы.
2.Айдың жерге әсері.
3.Айдың толысуы.
4.Ай мен Күннің тұтылуы.
5. Ғарыштық зерттеулер
Күн жүйесіндегі Шолпан мен Мерркурийден басқа ғаламшардың барлығының серіктері бар. Олардың жалпы саны 60-қа жетеді. Серіктердің көпшілігінің ауданы ғаламшармен салыстырғанда соншалықты үлкен емес, кейбіреулерін ғаламшардың есептеуі бойынша астеройдтарға теңейді, олардың ғаламшарды айнала қозғалуы ғаламшардың тартылыс күшіне байланысты болуы мүмкін деп жорамалдайды. Ал Жердің тартылыс күшіне байланысты оны айнала қозғалады. Бірақ айда белгілі бір мөлшерде Жерге әсер етеді. Теңіздердің деңгейі Айдың тартылыс күшіне байланысты көтеріліп, төмен түсіп отырады. Теңіз деңгейінің көтерілуін толысу деп атайды.
Аспан денелері арасындағы Жерге ең жақыны – Ай. Жер мен Айдың ара қашықтығы шамамен 384 000 шақырым. Айдың диаметрі Жерден 4еседей аз.
Ай Жерді айнала қозғалып жүргенде Жер мен Күннің ортасында болып, Күнді көлегейлесе Жерге Айдың көлеңкесі түседі. Бүл проссесті Күннің түтылуы дейді.Күннің тұтылуы бар-жоғы 2-3 минутқа созылып 1,5 жылда жаңа Ай туған кезде қайталанады. Ай толысқан кезде Жердің көлеңке жағына өткен уақытта Айға көлеңке түсіп, тіптен оның оның көрінбей қалатын уақыты да болады. Бұл процесті Айдың тұтылуы дейді.
Ғарышкерлерді ашық ғарышқа шыққанда күн көзінен бөлінетін зиянды сәулелерден және ұсақ ғарыштық шаң-тозаңдардан бірнеше қабат тігілген скафандр сақтап қалады. Скафандрды құрамында нейлон, дакрон, кевлар деп аталатын үш түрлі жасанды матадан тігеді.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:
Ай Жерді неге байланысты айналады?
Жерге ең жақын аспан денесі?
Жер мен Айдың ара қашықтығы қанша?
Айдың диаметрі Жермен салыстырғанда қандай?
Күннің тұтылуы дегеніміз не?
Айдың тұтылуы деген не?
ҮІ. Бағалау.
YII. Үйге тапсырма: _______________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |