Жаңа материалмен танысу. Бұл жаңа материалды №2 алдыңғы сабақтағы оқулықтың №1(а) тапсырмасына ұқсатып өткізуге болады.
Тақтада кесте толтыруға болады.
Қорытынды: 90 – 70 = 20(м/мин) – жеңіл көліктің автобустан қашықтау жалдымдығы. 20 •3 = 60(м) – 3 сағаттан кейінгі олардың арасындағы қашықтық.
Жеңіл көлік пен автобус бір мезгілде бір елді мекеннен шықты.
Жеңіл көлік сағатына 90 км жалдамдықпен, ал автобус сағатына 70км жалдамдықпен жүрді. 3 сағаттан соң олардың арасындағы жылдамдық қандай болады?
Шешу жоспары: Қашықтау жылдамдығын табу.
Есепті басқа тәсілмен шығаруға да болады.
Жоспары: Жеңіл көлік 3 сағатта жүріп өтетін қашықтықты табу.
3 сағатта автобус жүріп өтетін қашықтықты табу.
Машина автобусқа қарағанда қанша жер көбірек жүріп өтетінін табу.
1. 70• 3=210(км)-автобус жүріп өткен қашықтық.
2. 210 + 60 = 270(км)-жеңіл көлік жүріп өткен жол.
3. 270 : 3 =90 (км/сағ) – жеңіл машинаның жылдамдығы.
2-тәсіл түсіну үшін қиындау, бірақ оны да жауаптың бір нұсқасы ретінде қарастыруға болады:
60 : 3 = 20(км/сағ) – автокөліктердің бір-бірінен қашықтау жылдамдығы.
70 + 20 = 90(км/сағ) – жеңіл машинаның қозғалыс жылдамдығы.
Алғашқы бекіту. Есепте берілген оқиғанның мәнін (бір бағытта жүріп бара жатқан көліктердің бір-бірнен қалып қоюы) әлі жете түсінбеген балаларға тағы бір рет ұғынықты болуы үшін№3 есепті түсіндіре отырып шығаратыңыз. Бұл есептерді шешкен кезде динамикалық көрнекі құралдар мен сызбалық үлгілерді пайдаланыңыз.