Жаңа материалмен жұмыс. Балалар өздері жазған нұсқаларды көрсеткеннен кейін мұғалім қорытындылайды. Оқулықтағы жазбамен салыстырады. Екі таңбалы санға көбейту үшін:
көбейткіштерді «бағанға» жазамыз (бірліктердің астына бірліктерді, ондықтардың астына ондықтарды);
4) бірінші және екінші нәтижелерді бір-біріне қосамыз.
Оқушылардың назарын №2 оқулықтағы түсіндірмеге аударыңыз. Көбейтуді ауызша орындатыңыз.
Екі таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритмін оқушылар естеріне сақтаулары керек.
Назар аудар! Көп таңбалы санға көбейткен кезде екінші көбейткіште қанша цифр болса, дәптердің шетінен (немесе жиек сызыгынан) сонша торкөз алып, оған 1 торкөз қосып қалдырыңыз. Алғашқы бекіту. №2 (ә) - оқушылар амалдарды тақтаға шығып кезекпен орындайды, түсіндіреді. Жазудың дұрыс жазылуына мән берген жөн.
Жұптасып жұмыс істеу: оқушылар үйде дайындап келген мысалдарымен алмасып, оны қағазға орындайды. Кейін тағы да алмасады және тексереді. Даулы мәселе туындаған кезде мұғалімнің көмегіне жүгінеді.