Сабақтың тақырыбы: «Алпамыс батыр мен Байшұбар ат»



Дата14.11.2016
өлшемі33,43 Kb.
#1725
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Алпамыс батыр мен Байшұбар ат»

 Сабақтың мақсаты: Жырға әдеби талдау жасау, жырдың негізгі тақырыбын, идеялық, көркемдік мазмұнын ашу. Алпамыс бейнесінің халықтың алып қуатыныың қажымас қайратының сарқылмас күшінің көркі екендігін дәлелдеу. Сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту. Танымдық процестерін дамыту.Отан сүйгіштікке, батырлыққа , елін ,жерін қорғай білуге. Нағыз дос бола білуге тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, іздену, талдау, ассосация , синквейн

Сабақтың түрі: Білімді жүйелеу, жинақтау.

Сабақ көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакаттар, ақ қағаздар, топ аттары суреттері

Сабақтың барысы: 1. Психологиялық әзірлік                                  

2. Үй тапсырмасы «Шытырман жіптер»                                

 3. Үй тапсырмасын бекіту(сұрақ- жауап)

4.Топтастыру( қару атауларымен топқа бөлу)

5.Кіріспе  (ауыз әдебиеті,Батырлар жыры ,жыршы туралы түсінік беру)

6. Жаңа сабақ( тақырыбын ,эпграфын айту)

7.Мультфильм(Алпамыстың      дүниеге келуі)

8.Оқулықпен жұмыс( Мәтінді оқып танысу,тауып оқу, мазмұндау)

 9. СТС


10. Ассосация                  

11. Синквейн Бес жолды өлең.

12.бекіту Сұрақ – жауап

13. бағалау Екі жұлдыз ,бір тілек

14. Үйге тапсырма :

1. Психологиялық әзірлік      «Қара жорға»биі     

 2. Үй тапсырмасы «Шытырман жіптер»   «Түркістан» өлеңін жатқа айту

жалғастыра

3.Үй тапсырмасын бекіту(сұрақ- жауап)

Өлең авторы кім?

М.Айтқожина туралы не білесің?

Оқулықтағы сурет ненің суреті екен?



4.топтастыру  Топқа бөліп отырғызу

1- топ   ” Қылыш  ”

2- топ   ” Найза  ”

3- топ   ” Жебе”

 4- топ   ” Қалқан”

  Кіріспе  (ауыз әдебиеті,Батырлар жыры ,жыршы туралы түсінік беру) 

Ауыз әдебиеті – халқымыздың ауызекі шығарып,ауызекі тарап отыратын асыл мұрасы

  Елдің бағын ашпаса,     

   Ер мұратқа  жетер ме?    

   Ерінің сағын сындырса,   

   Ел мұратқа жетер ме?-еп Әйтеке би айтқандай елін, жерін жаудан қорғап, еліне бостандық, бірлік сыйлаған батырлардың бірі, бүгінгі сабағымыздың негізгі арқау- досына берік, дұшпанына мейірімсіз, адалдықты ту еткен, бостандықты жыр еткен- Алпамыс батыр туралы.   Олай болса балалар, Алпамыс батыр туралы білгенімізді, түйгенімізді ортаға салайық. 1. Қызығушылықты ояту.     Мультфильм(Алпамыстың      дүниеге келуі)

Оқулықпен жұмыс( Мәтінді оқып танысу,тауып оқу, мазмұндау)

Байшұбардың сөзін  тауып оқы

Бабасының өзін  тауып оқы

Шұбар атты суреттеген жерді  тауып оқы

Иесі мен аттың табысқан жерін  тауып оқы

Мазмұндау

СТС сұрақтары

Мәтіннің басындағы сөйлем қандай дәстүрді еске салады?

Мультфильм мен жыр үзіндісінде неге айырмашылық  бар ?

Батырдың аты өзіне сай екенін дәлелде

Баба батасының қандай мәні бар?

Қорыту: Ассосация             

Синквейн Бес жолды өлең.  Байшұбар атқа

1 жол зат есім  тақырып___Байшұбар

2 жол етістік ___     _____шапты, құлағын тікті

3 жол сын есім___   ____ _____сұлу, сымбатты, ержүрек

4 жол сөз орамы Ат- ер қанаты

5 жол тақырыпқа  синоним сөз    нағыз дос

Бекіту:

Батырлар жырының тақырыбы не?



Жыр үзіндісіндегі негізгі кейіпкерлер кімдер?

Батырлар жырының ерекшелігі неде?

Батырдың айнымас серігін ата

13. Бғалау Екі жұлдыз ,бір тілек жеке оқушылар өз ұпайларын жинау арқылы жалпы топтың ұпайын шығарады

Бәріміз – біріміз үшін

Біріміз- бәріміз үшін



14. Үйге тапсырма : Мазмұндау толық мазмұнын біліп келу

 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет