Сабақтың тақырыбы: «Алтын қақпа»



бет21/32
Дата24.07.2020
өлшемі93,08 Kb.
#75585
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32
Байланысты:
алтынқақпа

Ойын барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, қонақтар, Білім үздігінің үміткерлері!

Бүгінгі сайысымызды Ахмет Байтұрсыновтың мына бір өлеңімен бастағалы тұрмын.

Балалар, бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та.

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Соларды көре тұра қалалық па?

Даналық – өшпес жарық, кетпес – байлық,

Жүріңдер, іздеп, тауып алалық та! – деп  бүгінігі бастауыш сыныптар аралығында өзкізейін деп отырған интеллектуалды білім сайысын ашық деп жариялаймыз.



Сайысымызды бастауға мектеп директоры: Бимендин  Өзібек Исатай ұлына сөз беріледі.

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар біздің бұл сайысымыз 2 күннен бері жалғасуда. Бұл сайыс 3 – 4 сыныптар арасында  сынып дарабозын анықтаудағы озық ойлы, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды дарындылығын, зерек қабілетін, тез, дәл жауап беру қабілетін анықтау мақсатымен осы интеллектуалды ойын сайысын ұйымдастырып отырмыз.

 

1-жүргізуші: Уа, халайық, халайық!

Мұнда назар салайық!

Кім білімді, кім дарынды

Талантты іздеп табайық!

Ойланып енді қарайық,

Қазылардың алқасын,

Ортадан сайлап алайық!



2-жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Мектеп директоры     –  Бимендин Ө.И.

Оқу ісінің меңгерушісі  – Сәрсенбаева С.Ш.

Оқу ісінің меңгерушісі  –  Түсіпова А.Т.

Бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі – Бердикабулова С.

Жаратылыстану бірлестігінің жетекшісі – Мамбетова А.

 

1-жүргізуші: Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздей өренді,

Ғылымның биік шыңына  – деп  ортаға озық ойлы интеллектулды оқушыларымызды ортаға шақырайық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет