1. Жеті жоқты ата?
Жеті жоқты – Жылқыда өт жоқ,
Құста сүт жоқ,
Таста тамыр жоқ,
Тасбақада талақ жоқ,
Аспанда тіреу жоқ,
Жерде өлшеу жоқ,
Аллада бауыр жоқ.
2. Қазыбек би:
Не қымбат?
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт берекең – атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат.
Кіндік кескен жерің қымбат,
Ұят пенен ар қымбат.
3.Отан туралы 4 мақал айту.
1. «Отан үшін отқа түс, күймейсің»
2. «Отансыз адам-ормансыз бұлбұл»
3. «Отан оттан да ыстық»
4. «Отан-қуат, отбасы-шуақ»
( «Алтын сандық» ашылды).
Көмбеге де жетіп, «Алтын сандықтың да» тапсырмаларын орындадық.
Кідіріс
Көрермендерге сұрақтан шашу шашайық.
-Қазақ хандығының 2015 жылы неше жылдығын атап өттік?
– Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі қалай аталады?
-Ұлы жеңіске неше жыл?
– Мемлекеттік тіліміз?
– Қазақ халқының атақты үш биін ата
– Абай Құнанбаев қашан қай жерде дүниеге келген?
Достарыңызбен бөлісу: |