Сабақтың тақырыбы: «Алтын қақпа»


Тіл өнер кезеңін  қорытындылау. Әділ қазылардан сұрау



бет26/32
Дата24.07.2020
өлшемі93,08 Kb.
#75585
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32
Байланысты:
алтынқақпа

Тіл өнер кезеңін  қорытындылау. Әділ қазылардан сұрау

ІІІ. Көкпар. Тіл өнер кезеңіндегі ұпай сандары сақталады. Ойынды ұпай саны аз оқушы бастайды. Бұл кезеңде оқушыға таңдамалы пәндер көрсетіледі. 1 оқушы қалаған оқу пәнін таңдап алады. Келесі оқушы одан қалған пәндерді таңдайды т.с.с. Пән бойынша оқушы 10 сұраққа жауап береді. Ұпай сандары саналып отырады. Ұпай саны аз 1 оқушы келесі кезеңге өтпейді (интерактивті тақтадан пәндерді көрсету).

 


№1

Қазақ тілі

№2

Ана тілі

№3

Математика

№4

Дүниетану

Қазақ тілі :


  1. Сөз құрамына не жатады? (түбір, қосымша туралы айт).

  2. Сөйлем түрлерін ата.

  3. Етістік дегеніміз не?

  4. Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата.

  5. Тұрлаулы сөйлем мүшелері дегеніміз не?

  6. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қандай жағыдайда сызықша қойылады?

  7. Түбірлес сөздер дегеніміз не?

  8. Жалаң сөйлем дегеніміз не?

  9. Мәтін дегеніміз не?

  10. Туынды сөз қалай жасалады?

  11. Етістіктің шақтарын ата.

  12. Буын түрлерін ата.

  13. Үнді дауыссыз дыбыстарды ата.

Ана тілі

  1. Абылайдың шын аты кім? (Әбілмансұр – Сабалақ)

  2. «Шықпа, жаным шықпа, деп отырған жайымыз бар? Бұл қай шығармадан үзінді, авторын ата? Күлпаш Б.Майлин.

  3. Абайдың қай шығармасында жансыз заттарды адам бейнесінде кейіптейді? Қыс

  4. «Үйіме қарлығаш ұя салып еді. Ол жер бетін топан су басқанда Нұқ пайғамбардың кемесін сақтап қалған, адам баласын жылан шақпақ болғанда қызғыштай қорыған құс еді. Осындай киелі құстың ұясын бұзып, баласын зарлатып-сарнатып кете алмадым» – деп жауап берген  және сол құс болып атанған кім еді?

  5. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ деген сұраққа Жиренше шешен қалай жауап берді? (ананың сүті тәтті, ананың алақаны жұмсақ).

  6. Ұлы Абай айтқан 5 асыл, 5 дұшпанды ата.

  7. «Ол ақын болар ма еді, кім білсін?» Бұл үзінді кім туралы еді? (жалғыстыр) Қ. Рысқұлбеков

Күнәдан таза жасым бар…

  1. Кедейлік үш ағайынды. Оның тұңғышы – кесірлік, кенжесі – ұйқы, ортаншысы – не деп еді Төле би? надандық

  1. 7-қазынаға не жатады? (Сұлу қыз, ер жігіт, ілім-білім, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік ат)

  1. «Біз мал баққан елміз,

Басымыздан сөз асырмаған елміз.

Еліміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз деген кім? Қаз дауысты Қазыбек би.



Математика

  1. 1 м-де неше см бар? 100 см

  2. Үш бұрыштың Р – қалай табамыз?

  3. Сәуле дегеніміз не?

  4. Кез келген санды 0-ге көбейтсек не шығады?

  5. 7 мен 9-дың көбейтіндісі нешеге тең? 63

  6. 24-тің 6/1 үлесі нешеге тең?

  7. 7-жұтты ата (Соғыс, жұт, топан су, жер сілкіну, өрт, өлім жітім, аштық).

  8. Логикалық сұрақтар: 5 орындықты бөлменің 4 бұрышына орналастыру; Әр бұрышта 2 орындықтан болу керек.

  9. Әке өмірден озарынды 4 ұлына байлығын теңдей бөліп берді. Сонда ұлдары еш уәж айта алмады. Әкесі ұлдарына қалай бөліп берді?

  10. 3 қоянның құлағы бар. 3 қоянға өз құлақтарын дұрыс  орналастыру керек.

  11. Арбаға жегілген 2 ат 40км жол жүреді. Әр қайсысы қанша жүреді? 40км

  12. Екі қыз 2 сағат теннис ойнады. Олардың әр қайсысы неше сағат теннис ойнады? 2 сағат

Дүниетану

  1. Адамды зиянды нәрселерден не қорғайды? Тері

  2. Адамды адам еткен не? Еңбек

  3. Сезім мүшелері (көз, құлақ, мұрын, тіл, тері)

  4. Спорттың адамға келтіретін пайдасы (денсаулық)

  5. Жезқазған кен орнын ашқан геолог, академик кім?

  6. Ең ұзақ жасайтын ағаш (емен)

  7. Ауа райын ластайтын не? Завод – фабрика

  8. Адамның дене мүшелеріне не жатады? Бас, мойын ,қол, аяқ

  9. Тас көмір кесегін тапқан кім? Аппақ Байжанов

  10. Қарағанды қай өзенің суын пайдаланады? Ертіс

 Көкпар бөлімін қорытындылау. Келесі бөлімге кету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет