Оқушыларды автор өмірімен таныстыру, мәтіндегі негізгі ойды анықтауда өзіндік ойларын түйіндеуге баулу, ананы құрметтеуге, қамқорлыққа үйрету.
Оқыту нәтижесі
1.Оқушылардың арасында ынтымақтастық атмосферасы құрылады.
2. Оқушылар топпен жұмыс істеудің тәсілдерін қалыптастырады.
3.Бір-бірінің пікірін тыңдауға дағдыланады.
4.Мәтінге байланысты алынған жаңа ақпараттарды түйіндеу, мәтін бойынша өз ойларын жинақтау дағдылары қалыптасады.
5. Балалардың сөздік қоры артады, ойлау қабілеттері дамиды, өз ойларын толық жеткізу, ізденуге талпынады.
Әдіс-тәсілдері
Топтық жұмыс,аялдамалы оқыту, сөздік жұмыс, топтық бағалау, жұппен жұмыс
I. Ұйымдастыру кезеңі: Бір-біріне жақсы тілектер тілеп ынтымақтастық атмосферасын құру. « Сәлемдесу » ойыны: Балалар, қазір сіздермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларыңыз керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сіздер бір- бірлеріңізбен тез- тез амандасасыздар. Сонымен, көзбен... қолмен... иықпен... құлақпен... тіземен... өкшемен... арқамен.т.с.с.