V тарау.Талқылау және программалау
|
Мұғалімнің аты жөні:
|
|
Сынып:
|
5
|
Сабақтың тақырыбы
|
Анимация құру
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
5.3.3.1. Тармақталу пәрменімен және ойын ортасындағы программалау кезеңінде қолдану (Лого,Scratch)
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар:
Бағдарлама қызметін білу және нысандарды таңдау.
Басым көпшілігі:
Scratсh бағдарламасында нысандарға анимация жасау.
Кейбір оқушылар:
Scratсh бағдарламасында жоба кұру.
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері
|
Қолдану, талдау, жинақтау.
|
Бағалау критерийі
| -
Нысандарды таңдай алады.
-
Нысандарды анимациялау (жандандыру) үшін скрипт құрады.
-
Ойын бағдарламалау ортасында тармақталу командаларын қолдана отырып, жоба құрады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар үшін:
Тармақталу және ойын ортасындағы программалау кезеңінде қолдану (Лого,Scratch).
Пәндік лексика және терминология:
Скрипт, анимация
Үш тілділік.
Анимация- Анимация-Animation
Скретч-Скретч-Scratch
Скрипт-Скрипт-Scripts
Костюмдер-Костюмы-Costumes
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
-
скрипт құру дегеніміз не?
-
Управление командасының қызметі қандай?
-
Scratch -те дыбысты қалай орнатамыз?
-
Костюм кітапханасындағы командалар кай кезде қолданылады?
|
Құндылықтарға баулу
|
Оқушылардың танымдық деңгейін арттыру, ойлау қабілетін дамыту. Зайырлылық және жоғары руханияттылыққа баулу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Математика (қадамдар санайды), сурет (скрипттерді салады), музыка (әуен қойылады), орыс тілі (орыс тілі командаларын колданады), ағылшын тілі (спрайт ағылшын тілінде дыбыс шығарады).
|
Алдыңғы білім
| -
Оқушылар Scratch бағдарламасымен жұмыс жасай біледі.
-
Нысандарды таңдай біледі.
-
Барлық оқушы жобаны құра алады.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
«Шаттық шеңбері»
2 мин.
«Спрайт» және «Скрипт» топқа бөлу
2 мин.
«Серпілген сауал» үй тапсырмасын тексеру
6 мин.
|
Психологиялық ахуал: «Шаттық шеңбері»
(Оқушылар жұпта қолдарын ұстап, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.)
Оқушыларды жасырылған «Спрайт» және «Скрипт» мәтіндерін таңдау арқылы екі топқа бөлу.
«Серпілген сауал» әдісімен үй тапсырмасын еске түсіру.
-
Лого, Scratch бағдарламасын қалай іске қосамыз?
-
Графикаға жан кіргізу қалай жүзеге асырылады?
-
Нысандар мен оқиғалардың анимациясын қалай құрамыз?
-
Ақиқатты іздеу қалай жүзеге асырылады?
-
Scratch бағдарламасының бастау батырмасы қалай белгіленген.
|
Скрипт»'>«Спрайт» және «Скрипт» мәтіндері жазылған қималар
«Серпіген сауал» допшасы
|
Сабақтың ортасы
«Кім жылдам» топтық жұмыс.
7 мин.
7 мин.
«Еден-төбе-мұрын» сергіту сәті
3 мин.
7 мин.
Сабақты қорытындылау«5-5-1» әдісі.
3 мин
|
Жобаны құру және оны ұсыну шарты оқушыларға түсіндіріліп, тапсырмалар беріледі.
1-Тапсырма
Келесі шарттарды ескере отырып, «Су асты әлемі» тақырыбында жоба құрыңыз:
А) Акула балықтарға шабуыл жасайды.
B) Егер акула балыққа тиетін болса, онда көлемі үлкейеді.
C) Теңіз шаяны теңіз түбінде жорғалайды;
D) «Бос орын» пернесін басу арқылы жоба аяқталады.
Скрипт
Бағдарлама интерфейсі
| |