Алкендердің номенклатурасы
Алкеннің молекулалық формуласы
|
Алкеннің атауы
|
|
|
Халықаралық номенклатура
|
Тривиалды номенклатура
|
С2Н4
|
Этен
|
Этилен
|
С3Н6
|
Пропен
|
Пропилен
|
С4Н8
|
Бутен
|
Бутилен
|
С5Н10
|
Пентен
|
Амилен
|
Қарапайым алкендерді атағанда, кейде тривиальді атаулар қолданып сәйкес алканның –ан жұрнағын –илен жұрнағына алмастырады: этанға сай алкен –этилен, пропанға сай – пропилен және т.б.
Халықаралық номенклатура бойынша атағанда, сейкес алканның –ан жұрнағы –ен жұрнағына алмастырылады: алкан-алкен, этан-этен, пропан-пропен және т.с.с.
Алкендерге изомерленудің бірнеше түрі тән:
1.Алкендерде қаныққан көмірсутектердегі сияқты көміртек қаңқасының изомерлері болады. Мысалы, бутеннің (С4Н8) изомерлерін қарастырайық:
СН2 = CH- CH2 – CH3 СН2 = C - CH3
(бутен-1) CH3 (2-метилпропен-1)
2.Еселі байланыстың орнына қарай изомерлену. Бутен молекуласындағы еселі байланыстың орнына сәйкес екі түрлі изомерлері болады. Қос байланыс шеткі көміртек атомында немесе ортаңғы көміртек атомында орналасуы мүмкін:
СН2 = CH- CH2 – CH3 СН3 – CH = CH – CH3
(бутен-1) (бутен-2)
3.Класаралық изомерлену.Алкендер мен циклоалкандардың жалпы формулалары бірдей
Сn Н2n. Бутеннің С4Н8 класаралық изомерлері – циклобутан және метилциклопропан:
Н2С – СН2 СН2
Н2С – СН2 Н2С СН – СН3
4. Кеңістіктік изомерлері (геометриялық немесе цис-, транс- изомер деп те аталады). Қаныққан көмірсутектердің молекулаларында көміртек атомдары σ-байланыстың айналасында еркін айнала алады. Ал алкендерде көміртек атомдары өзара қос (σ-және π-) байланыс арқылы жалғасқан жағдайда π-байланыс үзілмейінше еркін айналу мүмкін емес. Қос байланыспен жалғасқан көміртек атомдары осы байланыс осі арқылы еркін айнала алмайды. Сондықтан бутен-2-нің орынбасушылары –метил топтары кеңістікте екі түрлі жағдайда орналаса алады. Бірдей орынбасушы топтары қос байланыстың бір жағында орналасқан қосылыс цис-изомер деп, ал екі жағында орналасқаны транс- изомер деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |