Күні: 28.09.2016 сынып:11 пәні: алгебра
Сабақтың тақырыбы:Анықталған интеграл. Ньютон-Лейбниц формуласына есептер шығару
Сабақтың мақсаты: Анықталған интеграл мен оны есептеу үшін Ньютон-Лейбниц формуласын қолданып, интегралдау бойынша білімдерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Өткен тақырыппен байланыстыра отырып, формуланы кеңінен қолдану
Дамытушылық: Танымдық қызығушылығын, шапшаң есептеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Өз іс-әрекеттеріне дұрыс баға беруге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, ауызша есептеу,тест
Сабақтың жоспары:
І.Ұйымдастыру 1-2 мин
ІІ. Өткенді пысықтау.Ауызша жаттығулар мен сұрақтар. 8 мин
ІІІ.Білімді бекіту 20 мин
ІV.Бақылау-бағалау кезеңі. Тест тапсырмалары. 10 мин
V.Үйге тапсырма. 1-2 мин
VI.Сабақты қорытындылау.Бағалау. 3-4 мин
«Адамның даңқы оның ойлау қабілетінде» Паскаль
Достарыңызбен бөлісу: |