Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
Зертханалық жұмысқа байланысты сұрақтарға жауап береді.
|
Видеоролик
|
|
Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1.Тапсырма
2.3-зертханалық жұмыс
Шектеуші факторлардың фотосинтездің интенсивтілігіне әсерін зерттеу.
Зерттеу нысаны: бөлме өсімдіктері.
Жұмыс мақсаты: әртүрлі факторлардың фотосинтез жылдамдығына әсері.
1. Фотосинтездің жарықтану қарқындылығына тәуелділігі.
Мақсаты: фотосинтездің жарықтану қарқындылығына тәуелділігін анықтау.
Жұмыс барысы: Қазтамақты молырақ суғарады, жылы , қараңғы жерге қояды. Үш тәулік өткен соң, крахмалсыз жапырақтарды тексереді. Ол үшін қарайған жапырақтан кесіп алып, суы бар шыны түтікке салып, жасушаларды өлтіріп, цитоплазманың өткізгіштігін арттыру үшін 3 мин қайнатады. Содан соң суын төгіп , әр 1-2 мин сайын ерітіндіні ауыстырып, жапырақ ұлпасының тілімі ағарғанша этильді спиртте бірнеше рет қайнатады. Спирттің соңғы порциясын төгіп тастайды, жапырақ ұлпасы жұмсару үшін аздап су қосады, ұлпа тілімін Петри ыдысына салып , йод ерітіндісімен өңдейді. Толық крахмалсызданғанда көк бояу жоқ болады. Крахмалдан айырылған жапырақтарды өсімдіктен кесіп алып тастау керек, кесіндіні су астына қойып, Өскінді суы бар шыны түтікке түсіреді. Тәжірибеге дайындап қоған қазтамақтың жапырақтарын: біреуін толық қараңғылыққа, екіншісін шашыраңқы күндізгі жарыққа , үшіншісін күшті жарық жерге қояды.Бір сағат өткен соң әр нұсқаның жапырақтарынан бірдей пішіндегі ұлпаның үш тілімін кесіп алады да, крахмалсыз толықтығына тексеру кезіндегідей өңдейді.
Нәтиже:Жапырақтың қараңғыда көк түске боялу дәрежесі -0балл, шашыраңқы жарықта-1 балл, күшті жарықта-3 балл.
Қорытынды: Жарықтану қарқындылығы артқанда фотосинтездің жылдамдығы өседі.
|
Дескриптор:
Жалпы - 6 балл
Оқулықта берілген зертханалық жұмысты орындайды..
|
ДК экраны
11-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|