Оқушылармен сәлемдесу
Оқушыларды түгелдеу
Оқушыларды топқа бөлу (есептер беру арқылы топқа бөлу)
Аңыз: (слайд 1, баяу әуен естіледі).
Бұл оқиға ерте заманда болған. Бір қалада ақылды Ғалым деген данышпан мен оның сөзін қызғанып көре алмайтын Асан деген қатыгез адам өмір сүреді. Асан данышпан Ғалымға жауап бере алмайтындай бір сұрақ ойлап тапқысы келеді. Ол үшін ол шалғынға барып, көбелек ұстап алады да, оны алақанның ортасына салады. Асан данышпаннан сұрағысы келеді: «Менің қолымдағы көбелек тірі ме әлі өлі ме», - деп. Егер ол өлі десе, мен алақанымды ашам да, көбелек ұшып кетеді, ал егер тірі десе, мен алақанымды қатты қысамын, көбелек өліп қалады. Асан көбелекті ұстап алып, Ғалымға келеді: «Менің қолымда көбелек өлі ме, тірі ме?» - деп сұрайды. Сонда данышпан Ғалым былай деді: «Барлығы сенің қолыңда».
Иә, өмірде кей кездерде келеңсіз оқиғалар болады, ештңе істегің келмейді. Сонда данышпанның сөзін еске алыңыз " Барлығы сенің қолыңда". Осы сөз бүгінгі сабағымыздың ұраны болсын.
«Қайталау - оқу айнасы»
СТО: "Серпілеген сауал" әдісі
Әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі, сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.
1) Арифметикалық прогрессия дегеніміз не ?
2) Қандай санды арифметикалық прогрессияның айырмасы дейміз ?
3) Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы тұжырымдап бер.
4) Арифметикалық прогрессияның негізгі қасиеті қандай?
5) 2000; 2005;2010; 2015;... -тізбегі, арифметикалық прогрессия бола ма ?
ҚБ « Мадақтау»
|