Білімділік: Оқушылардың сандар тізбегі тақырыбынан алған білімдерін тұжырымдап, арифметикалық прогрессия, оның п-ші мүшесінің формуласы туралы мағлұмат беру. Дамытушылық:Оқушылардың іскерліктерін,ауызша тез есептеу дағдысын,логикалық ойлау қабілеттерін,өз бетімен еңбектену дағдыларын дамыту. Тәрбиелік:Сабаққа оқушылардың өз еркімен белсене араласуына, білімдерін көрсете алуына,жауапкершілікке,білімділікке тәрбиелеу, математикадан сауатты сөйлей білу қабілеттерін арыттыру.
Күтілетін нәтиже:
Арифметикалық прогрессияның п-ші мүшесінің формуласын біледі , есептер шығарады. Өз білімдерін өзара топта бағалайды. Өз бетімен жұмыс істеу қабілеті дамиды. Топпен жұмыс жасауға үйренеді.