«Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ
«Станция негізгі мектебі» КММ
Күні:
Сыныбы: 4
Сабақтың тақырыбы: Арыстан
Сабақтың мақсаты: Мәтінмен жұмыс жүргізе отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру,арыстан жайлы түсінік беру.
Сабақтың міндеті:
1.Білімділік: өткен сабақта жануарлар жайлы алған білімдерін жалғастыра отырып, арыстан жайлы мәлімет беру;
2.Дамытушылық: жануарлар жайлы өз ойларын айта білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлесу, әңгімелеу арқылы сөздік қорларын молайту;
3.Тәрбиелік: Туған өлке табиғатына, онда өмір сүретін жануарларға деген сүйіспеншілігін сезімдерін арттыру, табиғатты, жануарларды қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, жұппен, жекелеп, талдау, сұрақ- жауап, жаттығу жұмыстары.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, оқулықтар, үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, жаратылыстану,дүниетану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: (сәлемдесу, оқушыларды сабаққа даярлау)
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
-Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болады. Өйткені қонаққа бір жануар келіп тұр. Ол не екенін айтындаршы?
-Арыстан Алекс, дұрыс айтасыңдар! Ол бізден көмек сұрап жатыр. Ол өз достарды жоғалып кетті. Оған көмектесеміз бе?
- Жақсы. Ендеше тапсырмаларды орындаймыз.
ІІ. 1.Үй тапсырмасын сұрау. 154 бет, 3- тапсырма.
2.Өткен сабақты пысықтау.
- Балалар біз өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Жолбарыс қандай аң? (жыртқыш, күшті аң)
-Жарайсыңдар! Ал енді қима қағаздар арқылы үй жұмысын тексеремін. Кестені толтыру үшін 1 минут беріледі. Содан кейін бір сөйлемнен оқыйсыңдар. (Керік Мэлман табылды)
Ең ірі маймыл
|
горилла
|
Ең жүйрік сүтқоректі
|
гепард
|
Ең кіші құс
|
коллибри
|
Ең кіші кенгуру
|
валлаби
|
Ең ірі көбелек
|
агриппина
|
Ең ірі қолтырауын
|
Ніл қолтырауыны
|
ІІІ. Жаңа сабақ
-Жаңа сабақты өтпес бұрын, өткен сабақта танысқан сөздерді есімізге түсірейік.
Жыртқыш – хищный
Күшті – сильный
Оңай – легко
Өлтіреді – убивает.
-Жақсы! Ал бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Арыстан»
Сабағымыздың мақсаты: жануарлар тақырыбын жалғастырып, арыстан жайлы өз білімімізді толықтыру.
-Алдымен балалар, жалпы жануарларға не жататынын атап өтейікші.
Жануарларға: аю, піл, жолбарыс, тасбақа, кит, керік, т.б. жатады.
-Осы аталған жануарлардың ішінен балалар, біз бүгін арыстан жайлы сөз қозғаймыз.
-Енді арыстанның қандай екенін білу үшін, бүгінгі сабақтың жаңа сөздеріне назар аударайық!
Жаңа сөздермен жұмыс.
Құйрық – хвост
Жал – грива
Топтанып – в группе
Енді мен жаңа сөздерді ағылшын тілінде айтамын, ал сендер қазақша және орысша айтып аударасыңдар.
-tail
-mane
-in a group
-Сөздіктерді ашып, жаңа сөздерді жазыңдар.
- Тамаша. Жаңа тақырыбы мен мақсатын біліп, екінші Алекстін екінші досын таптық. (Зіл Глория)
ІҮ. Тіл дамыту сәті
Мәтінмен жұмыс.
1-тапсырма. Сурет бойынша мәтінді оқы, айт. Оқушылар мәтінді оқып, аударады.
Арыстан – ең ірі жыртқыш аң. Ол Африка мен Азияның саванналарында кездеседі. Арыстанның ұзындығы - 2 метрдей, салмағы – 250кг. Ал құйрығының ұзындығы – 2 метр. Арыстанның жалы болады. Ол екі жылда бір рет 1-6 күшік табады. Олар 30 – 35 жыл өмір сүреді.
-Арыстан қандай аң?
-Ол қайда кездеседі?
-Оның салмағы мен ұзындығы қанша?
-Неше жыл өмір сүреді?
- Өте жақсы! ( Ала құлан Марти табылды).
Ү. Сергіту сәті
«Көңілді күн»
Диалогты оқып, аудару. Сұрақтарға жауап беру.
Дәптермен жұмыс.
- Балалар, енді дәптерлерді ашып, екі жол қалдырып, бүгінгі күнді, «Сынып жұмысы» деп жазамыз.
6-тапсырма. Сөйлем құрап үйрен.
1. Зоопарк.
2. Зоопаркке бардым.
3. Мен зоопаркке бардым.
4. Мен қалада зоопаркке бардым.
1. Арыстан.
2. - - . (қандай?)
3.- - - . (қандай?)
4.- - - - . (не істейді?)
( Пингвин достары табылды)
5-тапсырма. Арыстан туралы қандай мультфильмдерді білесің?
Көрнекілікпен жұмыс.
Жұппен жұмыс.
Мультфильм кейіпкерлермен диалог құрастыру.
-Қанекей, дәптерге арыстан туралы бір-екі сөйлем жазайық.
Арыстан қандай жануар?
Арыстан мен жолбарыстың ұқсастығы неде, айырмашылығы неде?
Оған біз қалай дейміз?
VІ. Сабақты бекіту
- Бүгінгі сабақтан не түсіндік?
- Қандай жаңа сөздермен таныстық?
- Қай тапсырма сіздерге қиындық келтірді және оңай түскендері қайсысы?
VІІ. Үй тапсырмасын беру
157 бет, 4-тапсырма дәптерге жазу.
VІІІ. Бағалау.
Кері байланыс "3-2-1" стратегиясы арқылы жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |