Сабақтың тақырыбы: Қармаққа түскен шағала. Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері



Дата02.07.2018
өлшемі213 Kb.
#46026
түріСабақ

Пәні:

Әдебиеттік оқу

Сыныбы:

4 сынып.

Уақыты:

19.01.15.

Сабақтың тақырыбы:

Қармаққа түскен шағала.

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) ақпараттық:

Ә) коммуникативтік:

Б) проблеманы шешу:

Автор туралы мағұлмат бере отыры,әңгіменің мазмұнын түсіндіру,саутты оқуға дағдыландыру.

Тірі табиғатты, құстарды қорғауға үйрету,тәрбиелеу.

Ақпарат көздері арқылы толық мағлұмат беріп, жақынырақ таныстыру;

Алған ақпараттарды тиімді пайдаланып, ұйымшылдыққа, ауызбірлікке тәрбиелеу;

Ой өрісін кеңейту, есте сақтау қабілетін дамыту, көрген көрнекіліктер бойынша өз ойын ашық айтуға уйрету;


Сабақтың типі:

Жаңа материалды хабарлау.

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ынтымақтастық, ойын, проблемалық, білім беруді ізгілендіру, жеке дара оқыту, тірек-сызба.

Сабақтың әдісі:

Сөздік, көрнекілік, машықтық.

Пәнаралық байланыс:

Дүние тану. Қазақ тілі.

Оқыту құралдары:

Оқулық, интерактивтік тақта, суреттер.

Сабақтың бөлімдері

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру

бөлімі

- Сәлеметсіздер ме оқушылар?!

- Отырыңыздар!

- Көңіл - күйіміз қалай? Жақсы ма?

- Барлығымыз сабаққа дайынбыз ба?

- Олай болса, балалар, сабағымызды бастайық!


- Сәлеметсіз бе?!

Оқушылар орындарына отырады.

- Жақсы!

- Дайынбыз!

Сабаққа дайындалады.


Сабаққа даярлықты ұйымдастырып, оқу-шылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру;

3 – 4 оқушыдан үй тапсырмасын сұрап, бағалайды.

Балалар үй тапсырмасын айтады.


Оқушылардың есте сақтау қабілеттері артады

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру;

Оқулықпен жұмыс:


Шағала Солүстік аймақтарда кең таралған. Салмағы 1.2 кг, қанатының құлашы 1.5 метрдей,ақшыл түсті құс. Керемет ұшады,жақсы жүзеді және жерде жүгіреді. Шағала қарқылдап дауыстайды. Балапандарының дауысы құлындардың кісінегені сияқты. Ұясын жерден биік салады. 1-3 құбар жұмыртқаларды бір айда басып шығарады. Балапандарын бір ай асырайды. Шағала балықпен, кемірушілермен, жәндіктермен қоректенеді.

        

Адамдардың құстарының балапандарын жұмыртқаларын ұрлайды. Күзде аяз түсіп, мұз қатқанға дейін жүреді, сосын мұз қатпайтын көлдерге ұшып кетеді. Наурыздың бас кезінде солтүстік жақтарға ұшып келеді.

Марат Тоқашбаев

1949 жылы 18 мамырда Талғар қаласында туған. 1969 жылдан Алматы облыстық «Жетісу» газетінде, 1982 жылдан республикалық «Білім және еңбек» журналында бөлім меңгерушісі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің органы – «Халық Кеңесі» газетінде жауапты хатшы, Бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. 1994 жылы «Заң газетінің» алғашқы Бас редакторы болды. 1997 жылы Қазақ теледидарының жаңадан құрылған «Ақшам» ақпарат бағдарламасын басқарды. «Қазақстан–1» телеарнасы ақпарат бағдарламасының Ақмоладан тікелей эфирге шығуын қамтамасыз етті. Қазақстан Президентінің Түркияға, Ұлыбританияға, АҚШ-қа сапарлары туралы репортаждар жүргізді. 1999 жылы Меккеден әлемдік трансляция бойынша қазақ тілінде алғашқылардың бірі болып тікелей эфирден репортаж берді. 1999 жылдан Қазақ теледидарының Бас директоры болды. 2002 жылы халықаралық «Қазақстан–Заман» газетін басқарды. Балаларға арналған республикалық «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы.

Қармаққа түскен шағала.
Туристік теплоход өзен бетімен баяу жүзіп келеді. Қос жағада құлпырған әсем табиғат көз тартады. Кеменің арт жағында балық аулап отырмын. Ағыс бойымен жүзгендікі ме, балық аулау қиын. Жалтырауық қармақ су бетіне қалқып шыға береді. Шаңқылдаған шағалар тобы кеме соңынан қалмай ұшып жүр. Үстіңгі палубадан лақтырылған нан қиқымына таласып, қиқуласып, шулысып қалады.
Кеме жүрісін бәсеңдетті. Қолайлы сәттің туғанын байқап, мен қармағымды неғұрлым алысқа лақтырдым. Шыжымдап қайта тартып жатырмын. Қармақ ұшындағы жалтырауық жем шыр айналып келе жатқанын сезіп тұрмын. Ештеңе ілінбегенін білсем де, судан көз алар емеспін. Осы сәт:
- Аға! Балық ұстадыңыз ба? – деген дауыс естілді. Жалт қарасам, жанымда қоңыр бұйра шашты бала тұр. Тани кеттім. Көрші каютада тұратын Базаргелдінің баласы Өркен екен.
- Әлі ұстай қойғаным жоқ, айналайын. Көргің келсе, күте тұр, - дедім сеніммен, - қазір ұстаймыз!
Ол кеме соңында қалып жатқан бұйра жал толқындарға қызыға қарап тұрды.
- Аға, шағалалар ұйықтай ма? – деп сұрады кенет. Қармақтан көз алмай отырсам да, амалсыз мойын бұрдым.
- Иә, шағалалар ұйықтайды. Су бетінде ұйықтайды олар...
Құлаштап лақтырылған қармақ бірнеше шағаланың үстінен зу етіп, суға барып шолп ете түсті. Жайлап батып барады. Жалтырауық жем айналып тұруы үшін жіпті өзіме қайта тарта бастадым.
Сөздік жұмыс.

Теплоход–кеме.


Полуба–кеменің екінші, үшінші қабаты.
Каюта–кеменің бөлмесі.
Зәкірге – қармақтың инесі үш тармақты.

Ұяласы–бір топтағы шағала.


Топшасы– құстың аяғы.
Шабақ– балықтың баласы.
Шыжымдап тарту - аз-аздап, біртіндеп тартты.

Бей күнә – күнәсіз.


1.Әңгімені түсініп,мәнерлеп оқы.

2.Төмендегі жоспар бойынша әңгімеле;

Балық аулау.

Өркен.

Қармаққа ілінген шағала.



Өркеннің шешімі.

Өркеннің әрекеттерін қалай бағалар едің?

Өзің мұндайда не істер едің?

Шағалалар жайлы не білесің?

Ойыңды ортаға сал.

Теңіз жануарларының адамға қандай пайдасы бар?

Мәтіннің соңғы сөйлемін оқып, кейіпкердің қандай сезімде болғанын түсіндір

Мақал-мәтел

Ер жаңылып қолға түсер,құс жаңылып торға

түсер.

Шағала туралы мәлімет жинақтайды.

Автор туралы мәләмет алады.

Әңгімені түсініп оқып,жоспар бойынша әңгімелейді.


Теплоход–кеме.


Полуба–кеменің екінші, үшінші қабаты.
Каюта–кеменің бөлмесі.
Зәкірге – қармақтың инесі үш тармақты.

Ұяласы–бір топтағы шағала.


Топшасы– құстың аяғы.
Шабақ– балықтың баласы.
Шыжымдап тарту - аз-аздап, біртіндеп тартты.

Бей күнә – күнәсіз.


Жаңа сөздерді түсініп оқып даптерлнріне көшіріп алады.

Сұрақтарға жауап береді.

Мақал-мәтелдің мәнін түсініп алады.


Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Топтасып, ұйымдасып әрекет етуге тәрбиеленеді.

Жаңа тақырыппен танысады, сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін тереңдетеді.




ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

1.тапсырма. Баланың бойында жанашырлық қасиет болды ма?
2.тапсырма тапсырмаАдамгершілік қасиетке байланысты мақал – мәтелдерді жинақтан теріп жазу.

3.тапсырма Шағаланы асырамақ болған бала неге оны босатып жіберді?

4.тапсырма. Әңгімеде осының себебін білдіретін сөйлем бар ма?

5.тапсырма. Жазушы баланың шағаланы босатып жіберу арқылы қандай ой айтпақ болды?



Жанашырлық» деген сөзге синонимі.



Мейірімділік




Қамқорлық

Іс-әрекетті орындайды.Сұрақтарға жауап бере отырып ақпаратты қабылдайды, өңдейді,есіне сақтайды.



Ү. Үйге тапсырма.

Үйге.Мәтіннің түсінгенін айту. Адамгершілік қасиетке байланысты мақал – мәтелдерді жинақтан теріп жазу.


Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Сабақта берілген білімді жинайды.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет