Сабақтың тақырыбы: Аққұс туралы аңыз Оразбек Бодықов Сабақтың мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі100,45 Kb.
#30863
түріСабақ
Садыбаева Индира Серикбаевна Тараз қаласы ,

№1 гимназия бастауыш сынып мұғалімі

Пәні: Әдебиеттік оқу Сынып : 3 А
Сабақтың тақырыбы: Аққұс туралы аңыз Оразбек Бодықов
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мәтін мазмұнымен таныстыру; Ш. Қалдаяқов өмірі,шығармашылығы туралы мағлұмат беру;

Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын толықтыру,

Тәрбиелік: Ән құдіретін сезінуге, өнерді қастерлеуге тәрбиелеу,

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы..

Сабақтың түрі. Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ- жауап, жұптық жұмыс, ойын,т.б.

Көрнекілік: суреттер, сөзжұмбақ, сызбалар

Пәнаралық байланыс: музыка, сурет, қазақ тілі

Сабақ жоспары: Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық
Үй тапсырмасымен жұмыс 1. Мәтін бойынша түсінік сұрау

2. Дәптермен жұмыс.

Жаңа сабақ. 1. Сөзжұмбақ шешу.

2. Әңгіме жүргізу

3.Автор туралы мәлімет

4.Мәтінмен жұмыс

5. Сөздік жүргізу

6.Дәптермен жұмыс

Сабақты бекіту: 1. Суретпен жұмыс

2. Топтық жұмыс

3.Бекіту тесттері
Үйге тапсырма

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.



Сабақтың тақырыбы: Аққұс туралы аңыз Оразбек Бодықов
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мәтін мазмұнымен таныстыру; Ш. Қалдаяқов өмірі,шығармашылығы туралы мағлұмат беру;

Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын толықтыру,

Тәрбиелік: Ән құдіретін сезінуге, өнерді қастерлеуге тәрбиелеу,

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы..

Сабақтың түрі. Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ- жауап, жұптық жұмыс, ойын,т.б.

Көрнекілік: суреттер, сөзжұмбақ

Пәнаралық байланыс: музыка, сурет, қазақ тілі
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық

Қыстың күні терезеден Сондай жақсы көңіл-күймен ,

Бізге күле қарапты. Бастайық бұл сабақты.

Үй тапсырмасымен жұмыс

1. Мәтін бойынша түсінік сұрау



2. Дәптермен жұмыс. Оқушылардың Әбілхан Қастеев туралы жинаған деректерін оқыту.
Жаңа сабақ.

  1. Сөзжұмбақ шешу. Берілген мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қой.
















ш

е

б

е

р

д

і

ң













ш

ә

к

і

р

т










с

ү

й

к

і

м

д

і

























п

і

ш

е

р



















ж

е

т

п

і

с



















  1. .............қолы көпке ортақ.

  2. Ұстаздан .......... озар.

  3. Өнерлі бала ............

  4. Ата көрген оқ жонар

  5. Шеше көрген тон .............. .

  6. Жігіт адамға .......... өнер де аз.


Әңгіме жүргізу:

  1. Көк жолақпен белгіленген торкөздегі сөз туралы не білесіңдер? Ол кім?

  2. Берілген мақал –мәтелдерге ортақ тақырып ойлап тап. ( өнер)

  3. Сабақ тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

  • Ендеше , бүгін біз сендерменсазгер , Қазақстан Республикасының Әнұранының әнін жазған Шәмші Қалдаяқов өнерімен, оның әндерімен және оның анасынан естіген Аққұс туралы аңызбен танысатын боламыз.


Шәмші Қалдаяқов- атақты сазгер


Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы

(1930-1992)



  • «Ақерке – АқЖайық»,

  • «Арысжағасында»,

  • «Сыр сұлуы»,

  • «Жарқырайды Жезқазған»т.б.



  • «Фосфорлы Жамбыл»,

  • «Байқоңыр»,

  • «Талдықорған – әнім менің»,

  • «Ырыстыөлке – Шардара»,

  • «Отан»,

  • «Теріскей»,

  • «Мойынқұмда»,

  • «Отырардағы той»,

  • «Көгілдір Көкше»,

«Өмір өзен», т.б.



Автор туралы мәлімет

                                                      

  Шәмші Қалдаяқов

Шымкент облысы Отырар ауданында 193О жылы 15 тамызда дүниеге келген. Оның әндері республикамыздың қай өңірі болмасын жиі айтылып, ән сүйер қауым арасына барынша кең тараған. Ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған Ш.Қалдаяқов күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы сазгердің серісі. Біз ес білгелі бері еліміздің кең байтақ даласымен аспанында қалықтаған, махаббат пен сағыныш сезіміне толық қайталанбас Шәмші әуендері енді ХХІ ғасыр әлеміне бет алып әуелей беретіні ақиқат. Табиғат ерекше дарын иесі еткен дара тұлға Шәмші Қалдаяқовты қазақ баласы есінен шығармас.



  1. Оқулықпен жұмыс




  1. Мәтінді кезектесіп оқыту.

  2. Мәтін мазмұнын әңгімелеп айту:

  1. Шәмшінің даусы.

  2. Шәмшінің жауабы

  3. Аққұстың қуанышты әні

  4. Қарақұстың арам ниеті

  5. Аққұстың мұңды әні

  6. Әннің құдіреті

                              Бодықов Оразбек (1927-1997)

29 наурызда Қызылорда облысының Шиелі ауданында туылған.Еңбек жолын республикалық жастар газетінен бастаған. Кейін «Қазақ әдебиеті», «Казахстанская правда» газеттерінде, Республикалық қуыршақ театрында, Қазақ радиосында жауапты қызметтер атқарған. Шығармаларын қазақ,орыс тілдерінде жазған. Алғашқы әңгімесін 1950 жылы «Жас аңшы» деген атпен «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналында жарияланды. Роман,повестері: «Қанат аспанда қатаяды», «Ақ құс», «Өмір жолдары», «Жұрт туралы жыр», «Шәмші Қалдаяқов».

         Оқушылар, аңыз дегеніміз не?

                

 Людвиг ван Бетховен

1770 жылдың желтоқсанында Германияның Бонн қаласында дүниге келді. Иоганн ван Бетховен – Людвигтің әкесі – капеллада қызмет    етті.        

 Әншіскрипкашыклавесинист, ол қабілетті музыкант болғанымен алкогольға құмарлық Людвигтық өміріне ауыр зиян келтірді. Бетховенның ерте көрінген музыкалық дарынына әкесі жаңа табыс көзі секілді қарады.

     Кейбір мағлұматтарға жүгінсек, 1778 жылы Бетховенның алғашқы қауымдық концерты өтті. Оқуының хаостығына, жүйесіздігіне қарамастан Людвиг 12 жасында клавесинде, скрипкада,органда еркін ойнады және парақтан жеңілдікпен ноталық мәтіндерді оқи алған.                             

                                    Бақытжан  Байқадамов

1917 жылы Торғай облысының Торғай селосында дүниеге келді. Оның әке-шешесі дарынды адамдар болған, анасы өзі ән шығарып, ән шырқайтын, ал әкесі домбырада ойнайтын. Музыкаға деген әуестік болашақ композиторда бала кезінен-ақ пайда болды. Ол ән айтып, домбырада ойнады. 1941 жылыҚазақ радиосында хор жетекшісі, 1947—1949 жылдары әйелдер ән-би ансамблінің жетекшісі әрі дирижері болды. 1952 — 1960 жылдары Қазақ филармониясын басқарды. Хорға арналған шығармалары: “Почташы”, “Су тасушы қыз”, “Домбыра”, “Алма ағаштар жайнайды”, “Кел, достар”,

 
Сөздік жүргізуОқушылар түртіп алу жүйесі бойынша қолдарына қалам алып өздері үшін түсініксіз сөздердің астын белгілеп отырады.

Сол сөздердің мәнін ашу, түсіндіру, дәптерге жазу.




  1. Дәптермен жұмыс Тау мүлгіп-тау ұйқыға кетіп.

Көл тынып-көл тып-тыныш күйге түсіп.

Аспан егіледі- аспан жылағандай күйге түседі.

Сергіту сәті: қимыл-қозғалыс жаттығулары

  1. Мәтінмен жұмыс.

  1. Мәтіннен табиғаттың Аққұс әніне тамсанған жерін суреттейтін тұстарды тауып оқы. Осы көріністі көз алдыңа елестетіп көр.

  2. Мәтінді тағы басқа қалай атауға болады? « Әннің құдіреті»




  1. Әннің құдіреті дегенді қалай түсінесің? Оны сезіну үшін Аққұстың әндерін тыңдап көрейік. Ән тыңдау.


Сабақты бекіту: 1. Суретпен жұмыс:


  • Берілген сурет туралы не айтасың?

  • Өзің« Аққұстың қуанышты әні » деген тақырыпта қандай сурет салар едің?

  • «Аққұстың мұңды әні» деген тақырыпта ше?

  • 1 – топ:                                      Аққұс әнінің құдіретінің әсері:

  •                                 

  •                                           Табиғатқа                                                  Адамға

  • 2 – топ:                       Табиғат ән құдіретіне қалай табынады?

    Жел

    Тау

    Өзен

    Ағаш

    Жарық дүние

    Сарнаған жел тына қалады

    Қаратаудың көкірегі қарс айырылып, ах ұрады

    Ағысын тоқтатады

    Жапырағын жайып, қайғыға оранады

    Бар дүниені түн басады

  •  

  • -          Жағымсыз кейіпкер кім?

  • Қарақұс

  • 1 – топ: Қарақұстың Аққұстың әнін тыңдағанға дейінгі жай-күйі.

  • 2 – топ: Тыңдағаннан кейінгі жай-күйі.

  •                                      Аққұс                                      Қарақұс        

  •                                          VI. Бекіту тесттері

  • 1 – топ 
    1. «Аққұс туралы аңыз» әңгімесінің авторы кім?
          А) О. Бодықов    Ә) М. Сәрсекеев  Б) М. Әуезов
    2. Шәмші Қалдаяқов кім?
          А) ақын      Ә) композитор    Б) ғалым
    3. Шәмші «Аққұс туралы аңызды» кімнен естіген?
           А) әкесінен     Ә) анасынан      Б) досынан
    4. Неміс композиторы кім?
          А) Чайковский     Ә) А. Жұбанов      Б) Л. Бетховен
    5. Аққұс әнінің қарақұсқа әсері қандай?
          А) мінезі өзгерді   Ә) мінезі өзгермейді
             

  • 2 – топ 
    1. Әнұранның әнін жазған кім?
          А) Н. Тілендиев         Ә) Ш. Қалдаяқов        Б) Б. Байқадамов
    2. Әнші құсты тап:
          А) аққу        Ә) бұлбұл      Б) көгершін
    3. Қазақ хорының негізін салушылардың бірін ата
         А) Б. Байқадамов        Ә) Жаяу Мұса      Б) Әміре Қашаубаев
    4. Аққұстың әніне табиғат қайтті?
         А) табынды       Ә) әлсіреді
    5. Ш. Қалдаяқов туралы әңгіме жазған кім?
         А) М. Сәрсеке       Ә) М. Әуезов        Б) О. Бодықов
                


Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу, Ш.Қалдаяқов әндерін тыңдау

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет