1Қазақтың аса көрнекті ақыны, жазушысы Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңімен таныстыру ,өмірі мен шығармалары жайлы түсінік беру.Топ болып жұмыс жасау.Берілген тапсырмаларды бірлікте орындай отырып өткенді еске түсіріп және жаңа ұғыммен танысу.
2. Ұжым болып жұмыс жасау. Бір-біріңізбен ой бөлісе білу. Бір-біріңізді тыңдау. Жинақтап сөйлеуге дағдыландыру.
3.Отанын, елін,жерін сүюге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көкшенің көрінісін өте көркем етіп көрсетіп тұрған не?
3-топ
Мәтіннің соңғы бөлігіндегі жазушының айтқысы келген ойын қалай ұғындыңдар?
Сәбит Мұқанов туралы не білеміз?
Өз елін, табиғатын, тауларын, жануары мен құстарын шексіз сүйген ақындардың бірі-
Көкшені былай суреттеп жазған.
Көкшетау
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы
Жан-жақтан ертелі –кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
Сексен көл Көкшетаудың саясында
Әрқайсы алтын кесе аясында
Ауасы дертке дауа,жұпар иісі
Көкірек қанша жұтса тоясың ба?
Көкпеңбек шың басынан мұнар кетпес,
Басына атсаң дағы оғың жетпес,
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын
Бір жұтсаң Көкшетаудың жұпарынан
Өлгенше көкірегіңнен құмар кетпес.
С.Сейфуллин.
Өмірінен берілген мәліметтерге көз жүгіртейік:
Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас) (1894-1938)Қарағанды облысы Ақадыр (қазіргі Шет ауданы) ауданы Қарашілік қыстағында дүниеге келген.
Сейфуллин Сәкен - қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған.
1914 жылы Қазан қаласында «Өткен күндер» деп аталған тұңғыш өлеңдер жинағын бастырып шығарған. 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен сабақ берген.
Өлеңнің мазмұнына назар аударып, көркемдік ерекшелігіне мән берейік.Ол үшін әуелі сөздік жұмыс жүргізейін.
Сөздік жұмыс Ойлы-қырлы панасы бар-таулы,қыратты жерлер .
Ел жоқ, күн жоқ- не өзен,не көл жоқ, жазық дала.
Дамыл алмай-демалмай.
Қан сасытып топырлатқан-аяусыз атып қырған.
Бейшара-шарасыз,бейкүнә,жазықсыз.
Сандалған- даланы кезіп жүрген.
Ботагөзі-үлкен,мөлдіреген көз
Киік туралы мәлімет:
Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар.
Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді.
Үкiмет ақбөкендердi 2006 жылы «Қызыл кiтапқа» енгізген.
Сарыарқада қазіргі жүрген ақбөкендер саны – 47-48 мың ғана.
Ал осыдан жиырма жыл бұрын киіктердің саны
1 миллион 400 мың болған екен.
Сарыарқа :
Сарыарқаға Қарағанды, Астана облыстарының жері толықтай Торғай, Семей, Павлодар облысының біраз жері кіреді. Сондықтан да жергілікті халық осы өңірді ежелден Сарыарқа, Арқа даласы деп атаған. Сарыарқа – батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы 1200 км, оңтүстіктен солтүстікке дейін 950 км аралықты алып жатыр.
Оқулықпен жұмыс
Сынып оқушылары 1-шумақтан оқып шығады.
Мәтінді талдау.Бетпақдала. Бетпақдаланы мекендеген жәндіктің киік деген баласы бар.
Мергендер киікті атып, оның мүйізін сатып кәсіп еткен.