Ребусты шешу арқылы жаңа тақырыпты шығару
-Бидай дегеніміз не?
-Қаңбақ деген не?
«Фотошеру» бидай, қаңбақ туралы анықтама
Қаңбақ – жабайы өсімдік.Оның тамыры томыраққа әлсіз бекиді.Оны мал жемейді,отқа да жақпайды.Қаңбақ желмен жарысып көшіп жүреді.
Өлеңнің авторы жайында қысқаша мағлұмат беріледі.
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
Асқар Тоқмағамбетов. Бидай мен қаңбақ. (Мысал)
«Ой қозғау» (Бидай ме қаңбақтың суреттерін көрсету)
- Осы суреттер туралы не білеміз? Не айта аламыз?
- Өте жақсы. Біз бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Бидай мен Қаңбақ» мысалымен танысамыз.
-«Бидай мен Қаңбақ» мысалдың авторы Асқар Тоқмағамбетов. Ол 1905 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Ол белгілі сықақшы ақын.
Мысал - адам бойындағы әр түрлі мінез - қылықтарды жануарлар, өсімдіктер, құстар арқылы бейнелеп көрсетеді.
Бидай – дәнді дақыл. Ол егістікте өседі. Одан ұн тартады. Ұннан әртүрлі тағамдар дайындайды, сабанын мал жейді.
Топтық тапсырмаларды береді, бағыттайды, бақылайды, тексереді
І- топ: мысалды бір- бірімен бөлісе отырып, мәнерлеп, дауыстап оқы.
ІІ- топ: Бидай мен Қаңбаққа мінездеме беру
ІІІ- топ: «Т кестесі» Адамның бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерді бөліп жазу
ІV- топ: «Серпілген сауалдар»
Мысалды оқи отырып, бірнеше сұрақтар дайында
Тапсырмалар береді, топта орындауға бағыттайды, қадағалайды.
І- топ: «Бидай мен Қаңбақ» ролге бөліп оқу
ІІ- топ: «Ас атасы- нан» тақырыбында нанның дастарханға қалай келетінін сызба арқылы көрсету
ІІІ- топ: Бидай, қаңбақ» сөздеріне жұмбақ құрастыру ІV- топ: Нанға байланысты тыйым сөздер жазу
«Идеялар себетін» толтыру
|