Сабақтың тақырыбы: АҚШ-тың соғысқа кіруі. (2 сабақ) Сабақтың тақырыбы: АҚШ-тың соғысқа кіруі. (2 сабақ)
Тегеран конференциясы (1943, 28 қараша – 1 желтоқсан) – халықаралық келісім. Оған 2-дүниежүзілік соғыстағы одақтас үш держава – КСРО, АҚШ, Ұлыбританияның мемлекеттерінің басшылары: И.В.Сталин, Ф.Д. Рузвельт, У.Черчилль, сыртқы істер министрлері, штаб бастықтары, т.б. кеңесшілер қатысты. Күн тәртібінде соғыстың барысы мен соғыстан кейінгі бейбітшілік мәселелері талқыланды. Одақтас елдердің Германияға қарсы соғыс қимылдарын бірлесіп жүргізу жоспарын жасау Тегеран Конференциясының басты мәселесі болды. Бұған дейін АҚШ пен Ұлыбритания Еуропада соғыс майданын ашамыз деген уәделерін орындамағандықтан соғыстың негізгі ауыртпалығын Кеңес Одағы көтерді. Кеңес делегациясының ұсынысы бойынша Еуропада 2-майдан ашу, соғыстың аяқталуын тездету мәселесі қаралды. Черчилль 2-майданды Балқан түбегі арқылы жүргізуді жақтады. Ол ағылшын-америкалықтар әскерін Кеңес Армиясынан бұрын Оңтүстік-Шығыс және Орталық Еуропаға кіргізуді көздеді. Ал Сталин Германия шекарасына неғұрлым жақын жерде – Солтүстік Францияда ашуды ұсынды. Оны Рузвельт жақтап, 2-майдан Францияның солтүстігінде 1944 жылы мамырда ашылатын болды. Кеңес Одағы Қызыл Армияның ірі шабуылын осы кезге сәйкестендіруге міндеттенді.
И.В.Сталин
Ф.Д. Рузвельт, У.Черчилль
Думбартон Оакс конференциясы 1944 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында өтті. Думбартон Окстың басты мақсаты Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін дүниежүзілік бейбітшілікті сақтайтын халықаралық ұйым құру мүмкіндіктерін талқылау болды.
Шын мәнінде, Думбартон Оуксінде бір кездесу емес, бірнеше кездесу болды. Бұл кездесулерге Кеңес Одағы, Ұлыбритания, АҚШ және Қытай өкілдері қатысты. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымы мен нысаны талқылануы керек еді, бірақ ең басты мәселе - Қауіпсіздік Кеңесінің құрамы және оның Ұлттар Лигасымен байланысы қандай болатын.
Қауіпсіздік Кеңесінде вето құқығын қолдану мәселесі басты мәселе болды. Бұл Ялта жиналысында тағы да айқындалуы керек және 1945 жылдың сәуір-маусымы аралығында Сан-Франциско конференциясында жалғасты.
Ялта конференциясы — Қырымдағы Ялта қаласында өткен халықаралық келісім. Оған Екінші дүниежүзілік соғыстағы одақтас үш держава — Ұлыбритания, АҚШ және КСРО-ның мемлекет басшылары: У.Л.С.Черчилль, Ф.Д.Рузвельт, И.В.Сталин, сыртқы істер министрлері, штаб бастықтары және т.б. кеңесшілер қатысты.
Ялта конференциясында ұрыс қимылдарын Германия тізе бүккеннен кейін ғана тоқтату туралы келісім жасалды. Үш держава басшылары герман милитаризмі мен әсіресе ұлтшылдығын жоюға және Германия бұдан былай бейбітшілікті бұза алмайтындай берік кепілдік жасау туралы мәмілеге келді. Бұл үшін Германияның барлық қарулы күштерін қарусыздандыру және тарату, герман бас штабы мен соғыс өнеркәсібін жою немесе бақылауға алу, барлық соғыс қылмыскерлерін жазалау, фашистік партияны және барлық фашистік ұйымдар мен мекемелерді жою жөнінде шешім қабылданды. "Азат етілген Еуропа туралы Декларация" қабылдап, онда өзара келісілген саясат жүргізу, Еуропа елдеріндегі фашизмнің ізін толық жою, демократиялық мекемелерді қолдау принциптері белгіленді. Соғыстан кейінгі халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Біріккен Ұлттар Ұйымын құру туралы шешім қабылданды. БҰҰ-ның Жарғысын қабылдайтын конференцияны 1945 жылдың 25 сәуірінде Сан-Францискода өткізу туралы келісілді.
1-тапсырма.Кестені толтырыңдар. 1-тапсырма.Кестені толтырыңдар. 2-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңдер. 1.Тегеран конференциясының басты мәселесі неде? 2.Қай жылы антигитлерлік коалиция өсті? 3.Үш ұлы держава басшылары кімдер 1945 ж.ақпанда Ялтаның маңындағы Ливадия сарайында конференция өткізді? 4. Германиямен соғыс қалай аяқталды? Үйге тапсырма.п.27.5,6,7,8 жоспар.
Тегеран конференциясы
|
Каир мен Думбартон-Окстағы конференция
|
Қырым(Ялта) конференциясы
| | | |
Достарыңызбен бөлісу: |