Сабақтың тақырыбы: Астана және Париж Сабақтың мақсаты



бет1/6
Дата20.06.2018
өлшемі458,45 Kb.
#44052
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6


Пәні:Қазақстан тарих

Пән мұғалімі: Айтбаева Салтанат

Мерзімі: Сыныбы: 5 Ә

Сабақтың тақырыбы: Астана және Париж

Сабақтың мақсаты:

Астананың бұрынғы атауы мен қазіргі маңызды мақтаныштары және Астана тарихы туралы айта отырып, Париж бен Астананың ұқсастығын талдай алуға үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар Ас тананың қарқынды дамып келе жатқанын түсінеді.

Париж бен Астананың ұқсастығын ажырата алады.

Сол елдердің символдарын біледі және айта алады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

«Миға шабуыл» әдісі. Инсерт әдісі. Венн диаграммасы. Сергіту сәті. «Жылдар мен деректер» әдісі.Ребус шешу.

Енгізілетін модульдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл. Сыни тұрғысынан ойлау. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. АКТ-пайдалану. Оқуды басқару және көшбасшылық. Талантты және дарынды балаларды оқыту.Оқыту мен оқудағы жас ерекшеліктер.

Дереккөздер:

АКТ. Интерактивті тақта. Флипчарт. Маркерлер. Стикерлер.Видеороликтер.Қазақстан картасы. Дүниежүзі картасы.

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті

1. Кіріспе: (5 мин)

А) Оқушыларды түгелдеу.

Ә)Оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру.

Б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеремін.

В) Бұрынғы астананың атаулары арқылы оқушыларды төрт топқа бөлемін.


Оқушылар шаттық шеңберге тұрады және бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Астана атаулары (Орынбор(1920-1924),Қызылорда(1924-1928), Алматы(1929-1997),Ақмола(1997) атаулары арқылы оқушылар төрт топқа бөлінеді.

2. Тұсаукесер. (5 мин)

«Миға шабуыл» әдісі арқылы 4 топқа сұрақтар қойып білімдерін тексеремін.

  1. Нумизматика ғылымы нені зерттейді.

  2. Теңге қашан айналымға енгізілді?

  3. Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңдар?

  4. Гералдика дегеніміз не?

  5. Теңгенің белгісі қандай?

  6. Теңгеде бейнеленген ұлы тұлғалары атаңдар?





Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

3. Негізгі бөлім: (15 мин)

Тақырыпты тақтаға жазып,мақсатын айтып өтемін.

Астана және Париж туралы видеоролик көрсетіледі.

I – топ. Астана қаласының тарихын

мәлімдеу.

II-топ. Париж қаласымен танысу.

III-топ. ЕХРО - 2017

IX-топ. «Жаңа дәуірдің жаңа астанасы»

тақырыптары бойынша

постерге қорғап береді.

Оқушылар өз ойларын айтып жаңа сабақты мұғаліммен бірге ашу.

Оқушылар видеороликті көреді ойларын айтады.
Топпен бірге сұрақтарға жауап беріп өз ойларын постерге тұжырымдайды.




Жаңа сабақты қортындылау мақсатында Венн диаграммасы арқылы Астана мен Париждің айырмашылығын айту.

Әр топ өз ойларын тұжырымдайды,екі қаланың айырмашылығын айтып береді және картадан сол қалаларды көрсетеді.

5. Бағалау (3 мин)

Критерий бойынша бағалаймын.

Топ басшы топтағы оқушыларды критерий бойынша бағалайды.

6. Рефлекция (1 мин)

Бүгінгі тақырып бойынша алған пікірлерін стикерге жазып,плакатқа ілуін сұраймын.

Не білдім?

Не білгім келеді?

Стикерге жазып,плакатқа жабыстырады.

7. Үйге тапсырма (1 мин)

Астана туралы шығарма жазып келу.

Астана туралы шығарма жазу.


Берілген тапсырмалар.

  1. Оқушылармен сәлемдесу.

  2. Оқушылар шаттық шеңберге тұрып бір-бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы сабағымызды бастаймыз.

  3. Орынбор,Қызылорда,Алматы,Ақмола қалаларының аттарын жазып, оларды жеке-жеке қиып және араластырылған атаулар арқылы оқушылар кез-келгенін алып, өздерінің топтарына барып отырады.




  1. Үй жұмысын «Сұрақты жапырақтар» әдісі арқылы төмендегі сұрақтарды қоямын?

  • Нумизматика ғылымы нені зерттейді.

  • Теңге қашан айналымға енгізілді?

  • Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңдар?

  • Гералдика дегеніміз не?

  • Теңгенің белгісі қандай?

  • Теңгеде бейнеленген ұлы тұлғаларды атаңдар.


Астана және Париж туралы видеоролик көрсетіледі.


  1. 4 топтарға жеке-жеке тақырыптар беріледі. Сол тақырып арқылы бүгінгі жаңа сабақты мұғаліммен бірге ашады.

I – топ Астана қаласының тарихын мәлімдеу.

II – топ Париж қаласымен танысу.

III – топ ЭКСПО – 2017

IV –топ «Жаңа дәуірдің жаңа астанасы» деген тақырыптар бойынша постерді қорғап

шығады.


  1. «Сергіту сәті»

  2. «Жылдар сөйлейді» әдісі.

  • 1961 жылы Ақмола қаласының аты Целиноград болып өзгертілді.

  • 1991 жылы желтоқсанның 16 –сына Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады.

  • 1997 жылы Ақмола қаласы Президент Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанның елордасы болып ресми жарияланды.

  • 1998 жылы астана Ақмола қаласы Астана болып аталды.

  • 2002 жылы Евразияның кіндігі - Астананың төрінде Астана – Бәйтерек монументі салынды.

  • 2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды.

  • 2010 жылы Астанада Саммиті мемлекет басшыларының дүниежүзіндегі маңызды кездесуі ретінде тарихта қалды.

  • 2011 жылы 30 қаңтарынан 6 ақпанға дейін Астана және Алматы қалаларында 1 – Қысқы Азиада ойындары өтті.

  • 2012 жылы 1- ші желтоқсан күні еліміз Тұңғыш Президент күні атап өтті.




  1. Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтарын айтады.



Астана

Париж

Екі қалада өзен жағасында орналасықан.

Астана мен Париждің символы бар – Бәйтерек пен Эйфель мұнарасы.

Астана – мешіттер.

Париж – құдай аналарының соборы.

Астана күн үлгісінде құрылған.

Париж шеңбер үлгісінде құрылған.

Астана – жас қала.

Париж көне қала.

Астана – шұғыл континентті.



Париж – қоңыржай, теңіздік.


  1. Жаңа сабақты ребусты шешу арқылы қортындылаймыз. Ребусты шешкенде Астанаға байланысты сөз шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет