Сабақтың тақырыбы Атомның құрамы мен құрылысы. Изотоптар



бет1/5
Дата27.10.2023
өлшемі199,64 Kb.
#188742
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Атом құрамы мен құрылысы тақырыбында сабақ жоспары (7 сынып)



Сабақ жоспары





Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
7.2A. Атомдар. Молекулалар. Заттар

Мектеп: Қызылтөбе лицейі

Күні:20.11.2017, 24.11.2017

Мұғалімнің аты-жөні:
Давлетбаева Ж



Сынып: 7 «ә» 7 «б»



Қатысқандар:



Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Атомның құрамы мен құрылысы. Изотоптар

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары

7.1.2.6 алғашқы 20 элеметтің атом құрылысы (p+,n0,e-) мен атом ядросының құрамын білу.
7.1.2.7 изотоп түсінігін білу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Атом құрылысы туралы білімді нақтылау.
Оқушылардың көпшілігі: Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі рет нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру.
Кейбір оқушылар: Атом құрылысының күрделілігіне байланысты периодтық заңның қазіргі кездегі тұжырымдамасын айту.

Бағалау критерийі

Оқушылар:
- атом мен молекуланы ажырата алады;
- алғашқы 20 элементтің атом құрылысы және атом ядросының құрамын біледі.
- протон саны, нуклон санының мәндерін біледі.

Тілдік мақсаттар



Оқушылар орындай алады:
Атом құрылымын және атом неге n протон, нейтрон, санына ие екендігін ауызша және жазбаша түрде түсіндіре алады.
-изотоп ұғымын білетін болады.
Терминология:
Атом, протон, нейтрон,изотоп.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
Атомнан кез-келген бөлшек……, немесе бола алады.
Протон және нейтрон массалары ... тең , ал электрон массасы .....

Құндылықтарға
баулу



Сын тұрғысынан ойлау;
Осы сабақта балалардың бойына өмір бойы оқу құндылығын дарыту
Жұппен жұмыс жасауда ынтымақтастық қарым –қатынас орнату

Пәнаралық
байланыс

Әрбір зат молекулалардан, ал молекулалар атомдардан тұратынын сіздер физика және химия пәндерінен оқып үйрендіңдер.

Алдыңғы білім



Протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы орналасу тәртібін, массасын, зарядын ажырата біледі.
Атом заттың ең кіші бөлшегі екенін білді. Молекула заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі екенін түсінеді. Заттар құрамына қарай жай және күрделі деп жіктелетінін ажырата білді.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақтың басы



2 мин

  1. Сыныппен амандасу, психологиялық ахуал туғызу, сабақта жоқ оқушыларды белгілеу Оқушылар 1,2,3, деп санау арқылы топтарға бөлінеді.






5 мин

  1. Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. (Атом құрылысы туралы білімді нақтылау.)

Оқушыларға тапсырма беремін.
Топтық жұмыс. Оқушылардың назарын қарату үшін «Миға шабуыл» әдісі. (Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатына негізделеді) Алдыңғы білімін толықтыру мақсатында химиялық элемент анықтамасын нақты айта алады және зат туралы ұғымға түсініктеме бере алады.

  1. Химиялық элемент дегеніміз не?

Химиялық элемент және жай зат ұғымдарының айырмашылығы қандай?
2. Келесі тұжырымдардың қайсысында химиялық элемент, қайсысында жай зат туралы сөз болады?
а) азот пен оттек ауаның негізін құрайды;
ә) жер қыртысының жартысы оттектің үлесіне тиеді;
б) азот өсімдіктің өсуіне қажет;
в) гелий ең алғаш Күннен табылды.
3. Жай заттар қандай үлкен екі топқа бөлінеді және олардың бір- бірінен айырмашылығы неде?
4. Химиялық элементтерді қалай таңбалайтынын білесің бе?
Мұғалім топтық жұмыста оқушыларды бақылай отырып, қосымша сұрақтар дайындап қажеттіліктерін толықтырады



Оспанова М. Қ. Белоусова Т. Г. Аухадиева Қ. С.





1 мин

Смайлик арқылы бағалау.



  1. Түсіндім



  1. Толықтыруды қажет етемін



  1. Түсінбедім



Смайлик





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет