Атырау қаласы
№4 облыстық арнаулы шипажай мектеп-интернатының
физика пәні мұғалімі
Құспанова Сәуле Қайыржанқызы
Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Физика 8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Атомның құрылысы. Элементар электр заряды.
Сілтеме: Күнтізбе-тақырыптық жоспар, орта мерзімдік жоспар, оқулық. Мұғалімге арналған нұсқаулық, СТО стратегиялары.
Сабақтың мақсаты: Атомның құрылымы, электрон, элементар заряд туралы мағлұмат беру.
Оқу нәтижесі:
1.Атомның құрылысы, электрон, элементар заряд жайлы мағлұмат алады, өз беттерімен үйренуге құштарлықтары оянады.
2.Ізденіс жұмысы және сыни ойлау арқылы теорияны түсінеді.
3.Топтық жұмыста біліктілік белсенділігі артады.
4.Нәтижелі қорытынды жасауға дағдыланады.
Негізгі идеялар:
1.Барлық денелер молекулалардан тұрады.
2.Молекулалар атомдарға бөлінеді.
3.Атомның планетарлық моделі.
4.Ядроның құрамы-протон, нейтрон.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Оқыту формасы: Жеке оқушымен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Оқытуда қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін және оқуды бағалау. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Диалогтық оқыту.
Оқытудың әдіс-тәсілдері: «Шаттық шеңбері, диалогты кері байланыс, топтастыру, өздік жұмыс, сыни ойлау», «2 жұлдыз 1 тілек», «Өрмекшінің торы», «Топтас, ойлан, бөліс», Үш ұйғарым, Бағдаршам.
Көрнекіліктері: бағалау бетшесі, интерактивті тақта, флипчарт, маркер, оқулық, слайд, стикерлер, үлестірме қағаздар, сұрақтар,бейнероликтер, «Білім» қоржыны.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
1.Ұйымдастыру
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Жылу сыйлаймын» тренингін өткізу Май шамды жағып, оқушыға жақсы тілек айтып беру.
|
«Шаттық шеңберіне» тұрады. Бір-біріне жағылған май шамды ұсынып, жақсы тілектер айтады.
|
2.Үй тапсырмасы
|
1.Үйге берілген тапсырманы сұрау үшін «Өрмекшінің торы әдісін» қолдану. Жауаптарын «2 жұлдыз, 1 тілек» бойынша бағалату.
2.Сергіту. Тренинг «Атомдар мен молекулалар» белгілі бір санды атау арқылы атомдарға бірігіп, молекула құрау.
3.Жеке оқушылардың осы тақырып бойынша шығармашылық жұмыстарын тыңдау.
Сұрақ: Бізге осы айтылғандардан 7 сыныпта өткен қандай тақырып таныс? Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсындар?
|
Үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтар қойып, бір-біріне лақтырады. Жауап бере алмай, торға түспеуге ұмтылады. Жауаптарын бағалап, ұсыныс айтады.
Мұғалімнің атауымен молекулаға бірігеді. 2 топқа «Атом», «Молекула» бөлінеді.
Жұмыстарын ауызша бағалайды.
Дәлелді жауабын айтады, түйінді ой жасайды. Сабақтың тақырыбын ашады.
|
3.Жаңа сабақ
|
I.Білу,Түсіну бағыты.
«Топтас. Ойлан. Бөліс»
Оқулықтағы теорияны топта меңгерту.
1-ші топ: Атомның құрамына кіретін бөлшектер.
2-ші топ: Атомның планетарлық моделін түсіндіру.
|
Топта талқылайды, флипчартпен қорғайды.
Ойларымен бөліседі.
|
4.Сабақты бекіту
|
II.Қолдану бағыты. Химия пәнімен байланыстыру. Менделеев кестесін қолданып, элементтердің атомын құрамын есептеу.
2.Ойын: « Өз атомыңды жина»
III.1.Талдау бағыты. «Үш ұйғарым»
Екі топ бір-біріне сабақтың тақырыбына сәйкес 3 ұйғарым жазып, бір-біріне беру.
2. «Білім» қоржынан тапсырмалар беру.
1-ші топ: Сұрақтарға жауап беру.
2-ші топ: Сөйлемді жалғастырып, тиісті сөзді табу.
IV:Жинақтау бағыты. Бейнероликтерді көрсету.
1.Эдисон физикасы.Атомның құрылысы.
2.Атомның планеталық моделі. .
|
Тақтаға, флипчартқа, дәптерге жазып шығарады.
Оқушылар компьютермен жеке жұмыс жасайды.
Ұйғарымды талдайды.
Жалған ұйғарымды тауып,жауабын іздейді.
Топтағы оқушылар жеке жауап береді.жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жинақтайды.
|
5.Қорытынды.
|
Сұрақтары бар қорап.
|
Сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдырады.
|
6.Үйге тапсырма.
|
1.Бүгінгі сабақта кездескен терминдерді қолданып, сөзжұмбақ құрастыру.
2.§30 түсініп оқу.
|
|
7.Бағалау.
|
Бақылаушының бағалау парағы бойынша бағалау.
|
Қорытынды ұпайын шығарады.
|
8.Рефлексия.
|
Бағдаршам әдісін қолдану.
|
Стикердің әр түрлі түсіне жазып, бағдаршамға іледі.
Қызыл түс-протондар-
-Тақырыпты түсіндім, басқаға түсіндіре аламын.
Жасыл түс-электрондар- -Бұл тақырып бойынша менің сұрақтарым бар.
Сары түс-нейтрондар-Тақырыпты толық түсінбедім, қателесемін.
|
Достарыңызбен бөлісу: |