Күні:
Сынып
Пәні: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Ауа райы
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушының ауа райы туралы білімін толықтыру
2. Ауаның температурасы мен жануарлар мен өсімдіктер тіршілігінің арасындағы байланыстар туралы ұғымын дамыту.
3.Табиғатты қорғауға, сақтауға тәрбиелеу
Көрнекілігі:термометр, жыл мезгілдерінің суреттері, оқулық.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, проблемалық
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
Баланың сабаққа зейінін аудару
Психологиялық дайындық
Сабағымыз басталды
Балаларға пайдалы,
Бәрің ұғып алыңдар.
Сабаққа зер салыңдар.
ІІ.Өткен сабақты қайталау
Оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімдерін сұрақтарға жауап ала отырып қорыту;
ІІІ.Жаңа сабақ
1.Кіріспе әңгіме
Балалардың ауа райы туралы түсініктерінің жалпы деңгейін анықтау. Жазғы, күзгі, қысқы, көктемгі ауа райының белгілерін ататқызу.
Ауа райын білу адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Осы сұрақ төңірегінде балалардың жауаптарын тыңдау.
2.Оқулықпен жұмыс
а)мәтінді бөліктерге бөліп оқып беру
ә)Әр бөліктің мазмұны бойынша әңгіме жүргізу
б)Негізгі сөздерді бөліп алу: ауа райы, термометр, жауын-шашын, жел, бұлттылық, т.б.
термометрмен таныстыру, бөлменің , даланың ауа райын термометрмен өлшеп практикалық жұмыстар жасау. Ауа райының шартты белгілерімен таныстыру, оны бақылау күнделігіне қалай белгілеу керек екенін көрсету.
3.Топпен жұмыс
Оқушылар тағы да жыл мезгілдері бойынша топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің жыл мезгіліне тән ауа райы туралы жоспар бойынша айтады.
А) күн ә) бұлттылық б) Жауын-шашынв)термометрг)жел
Д)жер
Мысалы, күз мезгілі мынадай үлгіде әңгіме жүргізуі керек. «Күз келді.күн төмен түсе бастады, оның сәулесі жер бетін жаздағыдай жылытпайды. Күн салқындай бастайды. Ауаның орташа температурасы күндіз + 10°С, түнде +7°С.аспанда қою қара бұлттар жиі пайда боладыЖаңбыр жиі жауады, кейде арты қарға айналады.
Суық жел соғады.
Құстар жылы жаққа ұшып кетеді, аңдар қысқа дайындалады. Жапырақтар сарғайып, гүлдер, шөптер солады, соңғы өнімдерді жиинайды.»
4.Бақылау күнделігімен жұмыс.
ІҮ.Сабақты қорытындылау
Сұрақтар қою:
а)ашық және бұлтты күндердің айырмашылығы қандай ?
ә)Жаз бен күзге қандай табиғат құбылыстарының белгілері ортақ?
б)Найзағай деген не?
в)Бұлттылық деген не
ҮІ.Үйге: сурет салып келу. 38-бет оқу мазмұндау.
Достарыңызбен бөлісу: |