Атырау қаласы №36 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Құрманова Айнұр Мергенғалиқызы
Математика
Сабақтың тақырыбы: Ауданды өлшеу. Палетка
Сабақтың мақсаты: Палетканы пайдаланып, фигураның ауданын есептеуді үйрету.
Міндеті. Білімділігі: Оқушыларға аудан өлшем бірлігі-квадрат сантиметрді қолданып, палетканың көмегімен фигураның ауданын анықтау тәсілдерімен таныстыру.
Дамытушылығы:Әр оқушының қабілетін, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін, ынтасын дамыту.Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, қиялын ұштау,пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілігі: Еңбексүйгіштікке, жауапкершілікті сезіне білуге,алған білімді іс жүзінде пайдалана білуге, білімпаздыққа, талаптануға, терең ойлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд, палетка, үлестірме қағаздар, түсіндірме бетше.
Түрі: Жаңа білімді меңгерту
Әдісі: сарамандық жұмыс, СТО әдістері:түсіндіру, шығармашылық, өзіндік, топтық-ұжымдық, бес жолды өлең, топтастыру, ойын.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психалогиялық дайындық. Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,.
Қуанамыз бәріміз,
Арайлап атқан күнге.
Топқа бөлу және орналасу.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау: «Ыстық доп» ойыны
1.Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
2.Тік төртбұрыш пен шаршының периметрін қалай табамыз?
3.Көпбұрыштың дөңгелектен айырмашылығы неде?
4.Фигураның ауданын қалай өлшейміз? Ол қандай өлшем бірлігімен өлшенеді?
5.Квадрат сантиметр дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру:
Қызығушылығын ояту:
Видео көрініс Геометриялық фигураны қалай саламыз?
Мағынаны тану: Түсіндіру
Палетка – шаршылармен бөлінген мөлдір пластина. Палеткамен өлшенген фигураның ауданы квадрат сантиметрмен есептеледі.
Бұл – палетка
Дөңгелекті аламыз, оның үстіне палетканы қойып, дөңгелектің ауданын табамыз. Дөңгелектің ішіндегі толық квадрат сантиметрлердің саны-9, толық емес квадрат сантиметрлердің саны-16. Толық емес квадрат сантиметрлер санын 2-ге бөлеміз. Сонда шамамен 8 толық квадрат сантиметр аламыз. Демек,9+8=17см2
Жауабы: 17см2
Топпен жұмыс. Сарамандық жұмыс:
Палетканы пайдаланып, фигуралардың ауданын тап.
І-топ ІІ-топ
ІІІ-топ
ІҮ.Ой толғаныс: «Ойлан- жұптас-топтас» әдісі
І-топ ІІ-топ ІІІ-топ
5 ∙ 20+ 6 ∙ 10=160 4 ∙ 50-50 ∙ 3=50 (56+44):10=10
6 ∙ 30+20:2 =190 60 ∙5+0 ∙5=300 (20+60)∙10=800
Тақтамен жұмыс: «Ұқсастық пен даралық» әдісі
№ 4. Салыстыр.
а)8 бала 40табан балық ұстады да, өзара тең бөліп алды. Әр бала неше табан балық алды?
8бала-40табан Шешуі: 40:8 =5
Әр бала-?табан Жауабы: Әр бала 5 табан балық алды.
ә) Балықшылар түске дейін 30 табан балық, ал түстен кейін 15 қызылқанат және 8 сазан балық ұстады. Балықшылар барлығы неше балық ұстады?
Табан балық-30 Шешуі:30+(15+8)=53
Қызылқанат-15 ? Жауабы: Барлығы 53 балық ұстады.
Сазан-8
Ұқсастығы және даралығы неде?
Сергіту сәті. Арқаға фигура салып, палетканы үстіне орналастыру.
Миға шабуыл:
1-топ
№ 3. Бір балықтың массасы неше килограмм? (Балықтың массасы бірдей.) (1кг)
2-топ
№5 а/ 5-ке бөлгенде 1 қалдық қалатын үш сан жаз.(11,16,21)
3-топ
ә/ 10-ға бөлгенде 4 қалдық қалатын үш сан жаз. (14,24,34)
Шығармашылық жұмыс: Логикалық есеп.
1.8жұмыртқа 4 минутта піседі. 16 жұмыртқа неше минутта піседі? (8минутта)
2. Бір бөлмеде 10 шыбын мен 2 өрмекші жүр еді. Біраздан соң әр өрмекші 3 шыбыннан жеп қойды. Бөлмеде неше шыбын қалды? (4 шыбын)
3. Әпкесі 7 жаста, ал інісі 4жаста. Неше жылдан кейін інісі қазіргі әпкесінің жасына келеді? (3жылдан)
Өздік жұмыс: Топтастыру. Күн бейнесін келтіру.
3х4*12 5х5*27
8х3*24 Теңдік 6х2*12 2х5*11 Теңсіздік 4х5*0
3х7*21 3х5*18 2х4*9
Ү.Бекіту: Сабақтан саған не ұнады? Сонымен палетка дегеніміз қандай зат болды? Ол не үшін керек? Смайликпен қорытындылау.
«Бес жолды өлең» әдісі
Не? Палетка
Қандай? Мөлдір
Не істейді? Өлшейді
Мағыналы сөйлем: Мөлдір палеткамен фигура өлшейді.
Синоним: пластина
ҮІ. Үйге тапсырма: № 6.Ойлан, тап. 90 бет.
ҮІІ. Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |