Сабақтың тақырыбы: Ауыл байлығы



бет2/3
Дата06.02.2022
өлшемі6,08 Mb.
#54810
түріСабақ
1   2   3
Өткен тақырыпты пысықтау : 1. Шаруа қожалығы туралы не білдік? 2.Қазіргі таңдағы шаруа қожалықтары мен кеңестік дәуірдегі кеңшарлар туралы салыстырмалы түрде әңгімелеу.
3. Қожалық өз шаруашылығын қалай ұйымдастырады?
Мағынаны ашу


Сергіту сәті
Жаңа сабақ Кіріспе: Ия, ауыл дегеніміз сайып келгенде, халықтың тұрмыс-салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет-ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары.
Қазақ халқының көбі ауылды жерлерде тұрады.Оның себебі ауылда шаруашылықтың алуан түрлі болуы.
Ауылдағы негізгі байлық—Жер-ана. Құнарлы топыраққа не тастасаң да өнім береді. «Жер де сенің бір анаң» деп бекер айтпаған. Шаруашылықтың әр түрін жеке меншік шаруашылықтар алып еңбек етуде.Бұл тиімді. Адамдар жоғарыдан бұйрық күтіп отырмайды.Өз жұмыстарының жайын өздері шешеді. Өнім беретін көптеген ұжым бар. Олар : егін, мал, көкөніс өсіреді. Тамақ цехтары бар. Шұжық, ірімшік, құрт жасайды. Киім тігетін комбинаттар бар.
Бұлар бір-біріне бағынбай ма деген сұраққа ауылдағы бүкіл шаруашылықтың барысын, олардың ортақ мүддесін ретке келтіретін ауыл әкімшілігі бар. Әкімшілікті басқаратын адам әкім, әр ұжымнан бір адам мүше бола алады. Қажет тапқан мәселені ойласып шешеді. Ауылда басқа да мекемелер бар .Мектеп,аурухана, асхана, т. б.
«Ауыл іші –өнер кеніші» деп не үшін айтқан?
Қандай еңбек түрлері бар? Ауыл шаруашылығын қандай топтарға бөлуге болады?
1.Мал шаруашылығы
2.Бау-бақша шаруашылығы
3.Егін шаруашылығы
Топқа бөлу: І топ Бақташы, ІІ топ Бағбан, ІІІ топ Диқаншы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет