Бағалау критерииі
|
Қазақтың ұлттық ойындарын біледі.
Біріккен әрі тиімді жұмыс көрсетеді.
Ойын кезінде әр түрлі физикалық әрекеттерде дағдыларын түсініп қолданады.
|
Сабақтың кезеңі/ уақыты
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
|
Шаттық шеңберге тұрғызамын. Шаттық шеңберінде Тұрғын үй, жер сілкінісі ойынын ойнату . Оқушылар екі-екіден қол ұстасып тұрады. Үшіншісі оқушы екі кісінің ортасында тұрады:
1.Жүргізуші «тұрғын» дегенде, ортадағы кісілер орнын ауыстырады.
2. «Үй» дегенде, қол ұстасқан кісілер ауысады.
3.«Жер сілкінісі» дегенде, барлығы ауысады.(мадақтау арқылы бағалау)
Білім алушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру үшін «Бірге ойлаймыз» әдісі. Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа тартуда.
• көршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз.
• мұғаліміңіз 1 – 4 дейін санды таңдайды;
• осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді;
• талқылау және саралау үшін тамаша тәсіл.
|
Оқушылар шеңберге тұрып қолмен, аяқпен, көзбен амандасады. Сұрақ жауап орындайды
|
Қол шапалақ
|
Тренинг жазылған парақшалар
|
Ортасы
|
1-тапсырма
Арқан тарту — ұлттық ойын.
Ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам немесе сыныптың адам санына тең бөлінуге болады, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады.
Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта түрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап қатар санын «бір, екі, үш»... деп сол жақ шетіне дейін санап шыгады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп жағы бір бөлек бөлініп шығады. Сызып қойған үш сызықтың ортасына арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады да, арқанның шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойыншылар қос қолдап ұстап тартып тұрады. Содан соң ойын басқарушының берген командасы бойынша екі топ тартысқа түседі. Ойыншылардың мақсаты — тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады. Ойынды осы жоғарыдағы тәртіппен жүргізе беруге болады. Ойын қимыл бірлігін қалыптастырып, коллективтік іс-әрекетке тәрбиелейді.
Адал ойындағы адамгершілік құндылықтары туралы шағын топтарда талқылау.
Ойыншыларды қошеметтеу, сырттай бақылау, нәтижелерін есепке алып екі жұлдыз бір тілек айту
|
Достарыңызбен бөлісу: |