Гимнастика шығу тарихы Гимнастика деген атау гректің «жаттығу», «жалаңаш» деген сөздерінен шыққан. Гимнастикалық жаттығулардың шығу тарихы. Көне заманнан бастап қасиетті билер орындау аясында, әрқашан акробатикалық нөмірлер еденде орындалатын. Дегенмен, 19 ғасырда ғана гимнастика тез дами бастады. Тек осы ғасырдың соңында ғана әйелдер шыға бастады.
Гимнастика – арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер. Қазақстанда гимнастиканың (грекше gymnastіke, gymnazіo – жаттығу жасаймын, жаттықтырамын) акробатика, көркем гимнастика және спорттық гимнастика сынды түрлері жақсы дамыған.
Гимнасшылардың халықаралық одағы (FІG) 1897 ж. ұйымдастырылған. Қазақстан оған 1994 жылдан мүше болып тіркелген.Гимнастика сабағының қауіпсіздік ережесі-Гимнастикалық жабдықта белгілі бір уақытта бірнеше адамның жаттығу орындауына болмайды. -Тіреліп секіру кезінде спортшының жүгіретін жолында және секіріп түсетін жерінде тұрыға болмайды.-Спорт жабдықтарында жаттығуды орындайтын жерге секіріп түскенде міндетті түрде екі аяқты бүгіп түсіу керек.-Арқан бойымен төмен түскенде екі аяқпен демеп, екі қолмен кезек ұстап асықпай түсу керек.-Қандай да болмасын құрал-жабдықта орындалатын жаттығуларды мұғалімнің рұқсатынсыз жасауға болмайды.-Гимнастикалық таяқшасы немесе секіртпемен жаттығу орындағанда жақын тұрған әріптесіне титгізіп алмауды мұқият қадағалауы керек.-Спорт құралдарында мұғалімінің немесе әріптесіңнің көмегінсіз күрделі жаттығулар орындауға болмайды.-Спорт құралдарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың жарамдығы тексеріледі. Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды.- Спорт құралдарында жаттығу орындаған кезде әріптесіне көмек көрсету және сақтандыруды әр оқушы хабардар болу білуі керек.
Гимнастикалық төсеніш- гимнастический маты- Gymnastic mats Сап-построение-building
Қауіпсіздік ережесі-Техника безопасности-Safety engineering
Гимнастикалық төсеніш- гимнастический маты- Gymnastic mats Пәрмен /бұйрық / команда –command
Бұрылу -кругом-round
Оңға –право –right, Солға -лево –left
Гимнастика -gymnastika